445-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың үкімін, қаулысын орындауға енгізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Апелляциялық сатының үкімі немесе қаулысы шығарылған күнінен бастап он тәулiктен кешiктiрiлмей, орындауға енгізу үшін iспен бiрге бірінші сатыдағы сотқа жiберiледi.
2. Сотталған адам оған сәйкес күзетілуден босатылуға жататын үкім, қаулы, егер сотталған адам апелляциялық сатыдағы соттың отырысына қатысып отырған болса, осы бөлігінде дереу орындалады. Өзге жағдайларда апелляциялық үкімнің, қаулының көшірмесі немесе олардың қарар бөлімінен үзінді-көшірме сотталған адамды күзетілуден босату туралы шешімді орындау үшін қамау орнының әкімшілігіне дереу жіберіледі.
Ескерту. 445-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы