Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 430-бап. Апелляциялық сатының өкілеттіктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

430-бап. Апелляциялық сатының өкілеттіктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

430-бап. Апелляциялық сатының өкілеттіктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

  1. Апелляциялық шағыммен немесе прокурордың өтінішхатымен бірге келіп түскен істі қараған кезде сот үкімнің заңдылығын тексеру және істі дұрыс шешу мақсатында тараптардың өтінішхаты бойынша:

      1) сотталған адамның, жәбірленушінің және іске қатысатын басқа да адамдардың денсаулық жағдайына, отбасылық жағдайына және бұрынғы сотталғандықтары туралы деректерге байланысты құжаттарды және басқа құжаттарды да қоса тігуге және зерттеуге;

      2) сот-психиатриялық немесе өзге де сараптаманы тағайындауға;

      3) тараптар мәлімдеген қосымша куәлардан, сарапшылардан, мамандардан жауап алуға, тараптар ұсынған жазбаша, заттай және өзге де дәлелдемелерді зерттеуге;

      4) бірінші сатыдағы сот зерттеген материалдарды жарамсыз дәлелдемелер деп тануға және оларды дәлелдемелер қатарынан алып тастауға;

      5) бірінші сатыдағы сот дәлелдемелер қатарынан алып тастаған материалдарды жол берілетін дәлелдемелер деп тануға және оларды зерттеуге;

      6) азаматтық талап қоюға қатысты мән-жайларды зерттеуге және азаматтық талап қою бойынша шешім қабылдауға;

      7) істің барлық материалдарын толық, жан-жақты және объективті түрде зерттеуді қамтамасыз ету және іс бойынша ақиқатты анықтау үшін қажетті басқа да әрекеттерді орындауға құқылы.

      2. Бірінші сатыдағы сот жауап алған, сот отырысының хаттамасында жазылған сотталған (ақталған) адамның, жәбірленушілердің, куәлардың, басқа да адамдардың айғақтарында түрліше түсінуге мүмкіндік беретін түсініксіз жайлар болған кезде сот өз бастамасы немесе тараптардың өтінішхаты бойынша сот отырысында осы мән-жайлар жөнінде жауап алу арқылы олардың айғақтарын нақтылауға құқылы.

      3. Бірінші сатыдағы сотта процестік келісім немесе татуласуға қол жеткізу туралы келісім, оның ішінде медиациялық тәртіппен жасалған кезде апелляциялық сатыдағы сот оларды жасасудың мән-жайларын тексереді.

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Жекеше айыптау істері бойынша сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 13 Нормативтік қаулысы.

Жекеше айыптау істері бойынша сот практикасы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 13 Нормативтік қаулысы. Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс ен...

Толық оқу »

325-бап. Азаматтық талап қоюды және мүлiктi тәркiлеудiқамтамасыз ету шаралары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

325-бап. Азаматтық талап қоюды және мүлiктi тәркiлеудiқамтамасыз ету шаралары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Анықтаушы, тергеушi немесе прокурор...

Толық оқу »

171-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің азаматтық талап қоюын қамтамасыз ету

171-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің азаматтық талап қоюын қамтамасыз етуАзаматтық талапкер азаматтық талап қойған кезде қылмыстық қуда...

Толық оқу »

166-бап. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

166-бап. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың т...

Толық оқу »

Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 12 нормативтік қаулысы.

Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 12 нормативтік қаулысы. ХАБАРЛАНДЫРУ Ескерту. Тақырып...

Толық оқу »