Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 471-бап. Сот қаулысының заңды күшiне енуi және оны орындауға енгізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

471-бап. Сот қаулысының заңды күшiне енуi және оны орындауға енгізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

471-бап. Сот қаулысының заңды күшiне енуi және оны орындауға енгізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

  1. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысы шағым жасаудың немесе прокурордың өтінішхатын келтірудің мерзiмi өткен соң не жекеше шағым берілген немесе прокурордың өтінішхаты келтірілген жағдайда, iстi жоғары тұрған сот қарағаннан кейiн заңды күшiне енедi және орындауға енгізіледі.

      Осы Кодекстiң 476-бабының 3) және 7) тармақтарында көрсетiлген мәселелер бойынша сот қаулысы заңды күшiне енедi және дереу орындауға енгізіледі.

      1-1. Сотталған адамды ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейiнге қалдыру, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру туралы сот қаулылары сотталған адамды күзетілуден босатуға қатысты бөлігінде дереу орындалуға жатады.

      Бұл ретте көрсетілген қаулыларға осы Кодекстің 48 және 49-тарауларында белгіленген қағидалар бойынша аппеляциялық тәртіппен шағым жасалуы және олар прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.

      2. Соттың шағым жасалуға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуға немесе наразылық білдірілуге жатпайтын қаулысы шығарылған бойда дереу күшiне енедi және орындауға енгізіледі.

      3. Соттың алдын ала тыңдау барысында немесе басты сот талқылауы кезінде шығарылған істi тоқтату туралы қаулысы оның айыпталушыны немесе сотталушыны күзетілуден босатуға қатысты бөлiгiнде дереу орындалуға жатады.

      4. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы, үкімі жария етілген кезінен бастап күшіне енеді.

      5. Апелляциялық сатыдағы соттардың үкімдері мен қаулылары осы Кодекстің 445-бабында көзделген тәртіппен орындауға енгізіледі.

      6. Соттың жекеше қаулысы заңды күшіне енген кезден бастап үш тәуліктен аспайтын мерзім өткен соң басқару функцияларын орындайтын тиісті лауазымды адамға жіберіледі. Жекеше қаулы бойынша бiр айлық мерзiмнен кешiктiрмей қажеттi шаралар қолданылуға және оның нәтижелерi туралы қаулы шығарған сотқа хабарлануға тиiс.

 

 Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

139-бап.Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

139-бап.Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодекстiң...

Толық оқу »

344-бап. Басты сот талқылауында қаулылар шығару тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

344-бап. Басты сот талқылауында қаулылар шығару тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот басты сот талқылауы кезiнде сот шешетiн барлық мәсе...

Толық оқу »

344-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің бас сот талқылауында қаулы шығару тәртібі

344-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің бас сот талқылауында қаулы шығару тәртібіБас сот талқылауы кезінде сот шешетін барлық мәселелер бо...

Толық оқу »

667-бап. Заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізуді қозғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

667-бап. Заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізуді қозғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Күдіктіге, а...

Толық оқу »

53-бап. Соттың өкілеттіктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

53-бап. Соттың өкілеттіктеріҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот билігінің органы ретіндегі соттың өкілеттіктері заңда айқындалады. 2. Тек сот қ...

Толық оқу »

422-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

422-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Коде...

Толық оқу »

414-бап. Үкімдерге, қаулыларға апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру құқығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

414-бап. Үкімдерге, қаулыларға апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру құқығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Үкімге,...

Толық оқу »

414-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің үкіміне, қаулысына апелляциялық шағымдану, наразылық білдіру құқығы

414-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің үкіміне, қаулысына апелляциялық шағымдану, наразылық білдіру құқығыҮкімге, қаулыға апелляциялық ша...

Толық оқу »

444-бап. Апелляциялық үкім, қаулы шығару және олардың заңды күшіне енуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

444-бап. Апелляциялық үкім, қаулы шығару және олардың заңды күшіне енуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Апелляциялық үкім, қаулы кеңесу бөлмесі...

Толық оқу »