Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 486-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне өтінішхат беруге, наразылық келтіруге құқығы бар адамдар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

486-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне өтінішхат беруге, наразылық келтіруге құқығы бар адамдар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

486-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне кассациялық шағым беруге, наразылық келтіруге құқығы бар адамдар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      Ескерту. 486-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Осы Кодекстің 484-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілерін қайта қарау туралы кассациялық шағым осы Кодекстің 414-бабының бірінші бөлігінде аталған адамдар және сот актілері мүдделерін қозғайтын басқа адамдар және олардың өкілдері беруі мүмкін.

    2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры осы Кодекстің 485-бабында көрсетілген негіздер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы наразылықты өз бастамасы бойынша да, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхаты бойынша да енгізуге құқылы.

    3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары не олардың тапсырмасы бойынша облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, сондай-ақ Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры қылмыстық істі тиісті соттан кассациялық тәртіппен тексеру үшін талап етіп алдыруы мүмкін. 

      Қылмыстық істі прокурордан талап етіп алдыру жағдайында кассациялық сатыдағы соттың кассациялық шағым түсуіне байланысты істі талап етіп алдыру туралы сұрау салуы іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап отыз тәулік ішінде прокурордың орындауына жатады.

      4. Сот істі талап етіп алдыру туралы сұрауды келіп түскен күнінен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей орындайды. Сұрау жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.

      Іс талап етіп алдырылған жағдайда наразылық келтіру туралы өтінішхат іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап отыз тәулік ішінде прокурордың кассациялық тәртіпте қарауына жатады. Бұл мерзім істің күрделі немесе көлемі үлкен болуына байланысты, бірақ әрбір ретте бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      Ескерту. 486-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

446-бап. Қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

446-бап. Қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Қарауыл (вахта) құрамына кiретiн адамның қарауыл (вах...

Толық оқу »

484-бап. Кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін сот актілері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

484-бап. Кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін сот актілері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Кассациялық сот бірінші сатыдағы соттар шығарғ...

Толық оқу »

485-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

485-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодекст...

Толық оқу »

490-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты алдын ала қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

490-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты алдын ала қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi - ҚР Заңымен алынып таста...

Толық оқу »

494-бап. Істі кассациялық сатыда қараудың тәртібі, кассациялық сатыдағы соттың шешімдері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

494-бап. Істі кассациялық сатыда қараудың тәртібі, кассациялық сатыдағы соттың шешімдері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Ескерту. 494-баптың тақыр...

Толық оқу »

476-бап. Үкiмдi орындау кезiнде соттың қарауына жататын мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

476-бап. Үкiмдi орындау кезiнде соттың қарауына жататын мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiСоттың құзырына үкiмдi орындауға байланысты: 1) м...

Толық оқу »

Қылмыстық істерді кассациялық тәртіппен қарауды регламенттейтін заңнаманы қолдану туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2025 жылғы 29 мамырдағы № 1 Нормативтік қаулысы

Қылмыстық істерді кассациялық тәртіппен қарауды регламенттейтін заңнаманы қолдану туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2025 жылғы 29 мамырдағы № 1 Нормативтік қаулысыЗ...

Толық оқу »