Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 476-бап. Үкiмдi орындау кезiнде соттың қарауына жататын мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

476-бап. Үкiмдi орындау кезiнде соттың қарауына жататын мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

476-бап. Үкiмдi орындау кезiнде соттың қарауына жататын мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

    Соттың құзырына үкiмдi орындауға байланысты:

      1) мынадай:

      айыппұлды – қоғамдық жұмыстарға тартумен, қамаққа алумен, бас бостандығын шектеумен немесе бас бостандығынан айырумен (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 41-бабы);

      түзеу жұмыстарын – қоғамдық жұмыстарға тартумен, қамаққа алумен, бас бостандығын шектеумен немесе бас бостандығынан айырумен (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 42-бабы);

      қоғамдық жұмыстарға тартуды – қамаққа алумен, бас бостандығын шектеумен немесе бас бостандығынан айырумен (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 43-бабы);

      бас бостандығын шектеуді – бас бостандығынан айырумен (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 44-бабы) ауыстыру туралы;

      2) айыппұл төлеуді кейінге қалдыру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 41-бабы), еңбекке қабілеттілігін толық жоғалтқан кезде түзеу жұмыстарының қалған бөлігін орындаудан босату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 42-бабы) туралы;

      3) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған, бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарға қатысты iздестiру, оның ішінде халықаралық іздестіру жариялау, оны тоқтату және бұлтартпау шарасын таңдау туралы;

      4) бас бостандығынан айыруға сотталған адамға үкім бойынша не үкімді орындау кезінде шығарылған сот қаулысы бойынша тағайындалған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес өзгерту туралы;

      5) жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 72-бабы), жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 73-бабы) туралы;

      5-1) кәмелетке толмаған адамды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру түріндегі тәрбиелiк әсері бар мәжбүрлеу шарасынан мерзімінен бұрын босату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 85-бабының бесінші бөлігі) туралы;

      6) жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшін жою (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 72-бабының жетінші бөлiгi) туралы;

      7) ауруына байланысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданып немесе қолданбай жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 75-бабы) туралы, сондай-ақ жазаны әрі қарай орындау үшін, оның ішінде сауығып кетуіне байланысты сотталған адамды жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейiнге қалдыру туралы қаулылардың күшін жою туралы;

      8) шартты түрде соттаудың күшін жою немесе пробациялық бақылаудың мерзімін ұзарту туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 64-бабы);

      9) бас бостандығын шектеуге сотталған адам үшiн бұрын белгiленген мiндеттердiң күшiн толық немесе iшiнара жою туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 44-бабы);

      10) жазаны орындауды кейінге қалдырудың күшін жою туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 74-бабы);

      11) соттың айыптау үкiмiнің ескіру мерзiмiнің өтіп кетуіне байланысты жазаны өтеуден босату туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 77-бабы);

      11-1) ынтымақтастық туралы процестік келісімнің талаптары орындалған кезде жазаны өтеуден босату туралы;

      12) басқа да орындалмаған үкiмдер болған кезде, егер бұл уақыты жағынан соңғы үкiмде шешiлмесе, үкiмдi орындау туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабының алтыншы бөлігі, 60-бабы);

      13) күзетпен ұсталған, сондай-ақ емдеу мекемесiнде болған уақытын есепке алу туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 62, 97, 98-баптары);

13-1) бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту, сондай-ақ бұрын қолданылған бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартудың (қолданылған шартты түрде қысқартулардың) күшін жою туралы (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 73-1-бабының бірінші бөлігі және үшінші бөлігінің 3) тармағы);

      14) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тағайындау, ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 93, 96, 98-баптары);

      14-1) жазасын өтеген адамдарға әкімшілік қадағалауды белгілеу, ұзарту туралы;

      15) керi күшi бар не жасалған іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылықтың күшін жоятын қылмыстық заңның шығуы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының сот үкім шығарған кезде қолданған заңды немесе өзге нормативтік құқықтық актіні, оның жекелеген ережелерін Конституцияға сәйкес келмейді деп тануы, сондай-ақ рақымшылық жасау актiсiнiң шығуы салдарынан жазадан босату немесе жазаны жеңiлдету, сотталған адам жасаған іс-әрекеттің саралануын өзгерту, жазалау мерзімін қысқарту, қылмыстың қайталануы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 6-бабы) туралы;

      16) түзеу жұмыстарына сотталған адамның жалақысынан ұсталатын соманың мөлшерiн Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес төмендету туралы;

      17) үкiмдi орындау кезiнде туындаған кез келген түрдегі күмәндар мен түсiнiксiз жайттарды түсіндіру туралы;

      18) сотталған адамның қайтыс болуына байланысты iс жүргiзудi тоқтату туралы;

      19) сотталғандардың үкімді орындауға байланысты мәселелер бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері адамдарының, прокурордың әрекеттеріне және шешімдеріне шағымдарын қарау туралы;

      20) сотталғандықты алып тастау туралы;

      21) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарда психикалық ауытқулардың және сексуалдық зорлық-зомбылық жасауға бейімділіктің болуы (болмауы) туралы мәселені шешу үшін оларға қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындау туралы;

      22) мүлікті тыйым салудан босату туралы;

      23) тағдырын сот шешпеген заттай дәлелдемелер туралы, азаматтық талап қоюды шешу кезінде техникалық және арифметикалық қателерді түзету туралы, сондай-ақ процестік шығындардың, Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемнің және оларды дұрыс есептемеген жағдайда мемлекеттік баждың мөлшері туралы;

      24) қорғалатын адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларының күшін жою, оларды қолдану, өзгерту немесе жүзеге асыруды жалғастыру туралы мәселелерді қарау жатады.

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

476-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің үкімін орындау кезінде соттың қарауына жататын мәселелер

476-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің үкімін орындау кезінде соттың қарауына жататын мәселелерСоттың қарауына үкімнің орындалуына байлан...

Толық оқу »

520-бап. Iс бойынша шешiм қабылдау кезiнде сот шешетiн мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

520-бап. Iс бойынша шешiм қабылдау кезiнде сот шешетiн мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Iстi сотта талқылау процесiнде мынадай мәселел...

Толық оқу »

301-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделеу кезінде прокурор шешетін мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

301-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделеу кезінде прокурор шешетін мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

406-1-бап. Үкім, қаулы заңды күшіне енгенге дейін сот шешетін мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

406-1-бап. Үкім, қаулы заңды күшіне енгенге дейін сот шешетін мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Үкім немесе қаулы заңды күшіне енгенге дей...

Толық оқу »

406-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексі үкімінің қаулысымен бір мезгілде сот шешетін мәселелер

406-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексі үкімінің қаулысымен бір мезгілде сот шешетін мәселелерБас бостандығынан айыруға сотталған адамның кәм...

Толық оқу »

390-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің үкімі қаулысы кезінде сот шешетін мәселелер

390-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің үкімі қаулысы кезінде сот шешетін мәселелерСот үкім шығарған кезде кеңесу бөлмесінде келесі мәселе...

Толық оқу »

320-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің сотқа келіп түскен дел бойынша анықталуға жататын мәселелер

320-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік у кодексінің сотқа келіп түскен дел бойынша анықталуға жататын мәселелер1 сот отырысын тағайындау мүмкіндігі...

Толық оқу »

670-бап. Тәркілеу туралы іс жүргізуде соттың кеңесу бөлмесінде шешетін мәселелері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

670-бап. Тәркілеу туралы іс жүргізуде соттың кеңесу бөлмесінде шешетін мәселелері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Тәркілеу туралы өтінішхатты қ...

Толық оқу »

544-бап. Кәмелетке толмаған адамның iсi бойынша үкiм шығару кезiнде сот шешетiн мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

544-бап. Кәмелетке толмаған адамның iсi бойынша үкiм шығару кезiнде сот шешетiн мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот кәмелетке толмаға...

Толық оқу »

406-бап. Сот үкiм шығарумен бiр мезгiлде шешетiн мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

406-бап. Сот үкiм шығарумен бiр мезгiлде шешетiн мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамның кәмелетк...

Толық оқу »

320-бап. Сотқа келiп түскен iс бойынша анықталуға жататын мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

320-бап. Сотқа келiп түскен iс бойынша анықталуға жататын мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Судья сот отырысын тағайындау мүмкiндiгi турал...

Толық оқу »

390-бап. Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

390-бап. Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Сот үкiм шығару кезiнде кеңесу бөлмесiнде мынадай мәселел...

Толық оқу »