Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 504-бап. Соттың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхаттарды қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

504-бап. Соттың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхаттарды қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

504-бап. Соттың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхаттарды қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Сотқа жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхат келіп түскен кезде судья он тәулік ішінде өтінішхаттың осы Кодекстің 499-бабының талаптарына сәйкестігін тексереді және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) өтінішхатты соттың іс жүргізуіне қабылдау және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы қаулы шығарады;

      2) егер өтінішхат осы Кодекстің 499-бабының талаптарына сәйкес келмесе және оған осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6) және 7) тармақтарында көзделген негіздерді растайтын сот актілері немесе өзге де актілер қоса тіркелмесе, егер ол осы Кодекстің 500-бабына сәйкес жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға жатпайтын сот шешімдеріне қатысты болса не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған сол бір негіздер бойынша нақ сол тарап берсе, өтінішхатты қараусыз қайтарады.

      Кассациялық сатыдағы сотта, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы сотта, егер іс алқалы түрде қаралған жағдайда, өтінішхаттың осы Кодекстің 499-бабының талаптарына сәйкестігін тексеруді тиісті соттың судьясы жеке-дара жүргізеді.

      Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы прокурордың өтінішхатын сот тікелей қарайды.

      2. Өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулының көшірмесі өтінішхатты берген адамға жіберіледі. Өтінішхат қайтарылған жағдайда оған қоса берілген құжаттар қайтарылуға жатады.

      3. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы судьяның қаулысы бар өтінішхатты сот іс жүргізу қайта басталған не прокурордың өтінішхаты келіп түскен күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей ашық сот отырысында қарауға тиіс.

      4. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы өтінішхатты үкім, қаулы шығарған бірінші сатыдағы соттың судьясы жеке-дара қарайды. Егер іс бойынша апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттар қаулылар шығарған болса, сот шешімдерін қайта қарауды:

      1) апелляциялық сатыдағы сот – егер істі апелляциялық сатыдағы сот жеке-дара қараған болса, жеке-дара және егер іс алқалы түрде қаралса, алқалы түрде;

      2) кассациялық сатыдағы сот – алқалы түрде жүзеге асырады.

      5. Сот отырысына арыз иесі, оның өкілі, қорғаушы, прокурор, процеске өзге де қатысушылар және сот отырысына шақырылған адамдар қатысады. Сот талқылауының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған аталған тұлғалардың келмеуі өтінішхатты қарауға кедергі болмайды. Қажет болған кезде сот оларды, сондай-ақ өзге де тұлғаларды сот отырысына келуге міндеттеуге құқылы. Күзетпен ұсталып отырған сотталған адамның сот талқылауына қатысуы бейнебайланыс режимінде ғылыми-техникалық құралдар қолданыла отырып қамтамасыз етілуі мүмкін.

      6. Сот отырысында қарсылық білдірулер мен өтінішхаттар қаралғаннан кейін бірінші болып сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау негіздері туралы өтінішхатты баяндайтын арыз иесі не тиісті өтінішхатпен сотқа жүгінген кезде прокурор сөз сөйлейді, сот содан соң соттың отырысына келген басқа тұлғалардың сөздерін тыңдайды, арыз иесі, жүргізілген тексеру немесе тергеп-тексеру нәтижелері бойынша прокурор ұсынған материалдарды зерттейді.

 

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

499-бап. Қылмыстық іс бойынша iс жүргiзудi қайта бастаудың негiздерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

499-бап. Қылмыстық іс бойынша iс жүргiзудi қайта бастаудың негiздерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Соттың заңды күшiне енген үкiмінiң, қаулыс...

Толық оқу »

499-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексінің қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау негіздері

499-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексінің қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау негіздеріЗаңды күшіне енген, оның ішінде осы Код...

Толық оқу »

504-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңадан ашылған мән-жайлары бойынша іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы өтінішхаттарды соттың қарау тәртібі

504-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңадан ашылған мән-жайлары бойынша іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы өтінішхаттарды...

Толық оқу »

348-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

348-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Басты сот талқылауының хаттамасына қағаз жеткізгіште қол қо...

Толық оқу »

348-1-бап. Басты сот талқылауының аудио-, бейнежазбасына және қысқаша хаттамасына ескертулер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

348-1-бап. Басты сот талқылауының аудио-, бейнежазбасына және қысқаша хаттамасына ескертулер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Басты сот талқылауыны...

Толық оқу »

348-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің бас сот талқылауының хаттамасына ескертулер

348-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің бас сот талқылауының хаттамасына ескертулерБас сот талқылауының хаттамасына қағаз жеткізгіште қол...

Толық оқу »

349-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулердi қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

349-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулердi қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Басты сот талқылауының қағаз жеткізгіште дайында...

Толық оқу »

Қылмыстық істер жөніндегі сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қараудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 9 Нормативтік қаулысы.

Қылмыстық істер жөніндегі сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қараудың кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 маусымда...

Толық оқу »