58-1-бап. Адвокаттар тізілімі Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы Заңы
1. Республикалық адвокаттар алқасы білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінде адвокаттар тізілімін қалыптастырады.
2. Адвокаттар тізілімі мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның туған күні;
2) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның нөмірі мен берілген күні;
3) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың адвокаттар алқасына мүше болу күні;
4) адвокаттық қызмет ұйымының адвокат таңдаған нысаны, заңды мекенжайы, байланыс телефондарының нөмірлері;
5) адвокатқа қатысты тәртіптік жазалау шараларының болуы немесе болмауы;
6) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру күні мен негіздері;
7) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату күні мен негіздері;
8) адвокаттар алқасына мүшелікті тоқтата тұру не тоқтату күні мен негіздері.
3. Адвокат Республикалық адвокаттар алқасын адвокаттар тізілімінде қамтылған ақпаратты өзгертуге алып келетін кез келген оқиғалардың басталғаны туралы жазбаша нысанда немесе электрондық құжат жіберу арқылы осындай оқиғалар басталған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында қол жеткізу шектелген мәліметтерді қоспағанда, адвокаттар тізілімінде қамтылған ақпарат жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы