Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 174-бабына түсініктеме. Заң көмегіне ақы төлеу
- 1. Қорғаушы мен қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысатын адамдардың өкілдерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
- 2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, адвокат клиентпен шарт жасаспай, сотқа дейінгі іс жүргізуге немесе сотта тағайындау бойынша қорғаушы ретінде не жәбірленушінің (жеке айыптаушының) өкілі ретінде қатысқан кезде, адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
- 3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, қылмыстық процесті жүргізетін орган, бұған негіздер болған кезде, күдіктіні, айыпталушыны, сотталған адамды заң көмегіне ақы төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы, бұл туралы уәжді қаулы шығарады.
- Ескерту. 174-бапқа Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 3 шілдедегі № 84-VI Заңымен өзгеріс енгізілді (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
- Заң қылмыстық процеске қорғаушының қатысуына үлкен мән береді. Бұл ҚПК-де қорғаушыға арналған нормалар жүйесінің болуынан (67—70-баптар және т.б.) айқын көрінеді. ҚПК-нің 21-тарауында күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, қорғауға құқығы бар куәнің қорғаушысы немесе қылмыстық процеске қатысушының (жәбірленушінің, жеке айыптаушының, куәнің, азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердің, кәмелетке толмаған адамның заңды өкілінің) өкілі бола алатын адвокаттың еңбегіне ақы төлеу мәселелеріне арнайы баптың бөлінуі де осының айғағы болып табылады.
- ҚПК-нің өз немесе өзі өкілдік ететін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын адамдардың процестік мәртебесін реттейтін нормаларына (ҚПК-нің 9-тарауы) түсініктеме беру кезінде біз бұл мәселелерді қарастырғанымызды ескере отырып, адвокаттың белгілі бір мәртебеде атқаратын еңбегіне ақы төлеу тиісті негіздер болған кезде не іс бойынша іс жүргізуге қатысуға оны тартқан тараптың қаражаты есебінен ҚР АК-нің 683—686-баптарының («Өтелмелі қызмет көрсету» 33-тарауы) қағидалары бойынша, не адвокаттар кәсіптік ұйымы немесе оның құрылымдық бөлімшелері арқылы тағайындау бойынша іске қатысқан кезде мемлекет есебінен жүзеге асырылатынын еске салумен ғана шектелеміз.
- Бюджет қаражаты есебінен тағайындау бойынша қатысатын адвокаттың еңбегіне ақы төлеу тәртібі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның 48-бабымен реттеледі, бұл ретте адвокат көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу мөлшері және құқықтық консультация беруге, қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 834 қаулысымен бекітілген. Мұндай жағдайларда адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және оған тиісті шығыстарды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 617 бұйрығымен бекітілген Адвокат көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларымен белгіленген (сондай-ақ 2018 жылғы 29 маусымдағы № 6 «Қылмыстық істер бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы» ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 1, 3—7, 16—17-тармақтарын қараңыз). Қағидалардың толық мәтіні ҚПК-нің 68-бабының нормаларына берілген түсініктемеде келтірілген.
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне 2020 жылғы түсініктеме. Авторы: Қоғамов Марат Чекишевич, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті заңгері, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері.
- Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес беру Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар