60-бап. Адвокаттар алқасына мүшелікті тоқтату Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы Заңы
1. Адвокаттар алқасының төралқасы адвокаттың адвокаттар алқасына мүшелігін мынадай:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы тоқтатылған немесе одан айырылған;
2) адвокат өз міндеттерін орындаған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен нормаларын, адвокаттар алқасының жарғысында бекітілген білікті заң көмегін көрсету қағидаттарын, Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексін өрескел не бірнеше рет бұзған;
3) осы Заңның 55-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес адвокаттар алқасы өткізген аттестаттау нәтижелері бойынша белгіленген біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіптік міндеттерін орындай алмайтыны анықталған;
3-1) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған осы Заңның 43-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген мән-жайлар жойылмаған;
4) мүшелік жарналарды жүйелі түрде төлемеген;
5) коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің құрамына кіру, дауды шешу үшін тиісті төреліктің төрешісі болып сайлану немесе тағайындалу, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми, шығармашылық" қызметпен айналысу жағдайларын қоспағанда, адвокат кәсіптік қызметпен қатар кәсiпкерлiк немесе өзге ақы төленетін қызметпен де айналысқан;
6) өз еркі бойынша;
7) адвокат қайтыс болған жағдайларда;
8) алқаның жарғысында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатады.
2. Адвокатты адвокаттар алқасынан осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша шығару адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтатуға алып келеді.
3. Адвокаттар алқасына мүшелікті тоқтатуға адвокаттар алқасының төралқасы қаулысының көшiрмесi адвокатқа табыс етілген күннен бастап бiр ай мерзiмде Республикалық адвокаттар алқасына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы