25-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсететін тұлғалар және оны көрсету тәртібі Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы Заңы
Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін:
1) мемлекеттік органдар "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен, өз құзыреті шегінде құқықтық ақпарат беру түрінде өтеусіз;
2) адвокаттар осы Заңда белгіленген тәртіппен;
2-1) заң консультанттары осы Заңда белгіленген тәртіппен;
3) нотариустар "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өтеусіз;
4) жеке сот орындаушылары "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен, әлеуметтік маңызы бар істер санатын орындау кезінде өтеусіз көрсетеді.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін өзге тұлғалар өтеусіз көрсете алады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы