Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 62-бап. Заңды өкілдер Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

62-бап. Заңды өкілдер Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

62-бап. Заңды өкілдер Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 

      1. Әрекетке қабілетсіз азаматтардың, кәмелетке толмағандардың және сот тәртібімен әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, патронат тәрбиешілері немесе оларды алмастыратын басқа да тұлғалар қорғайды, олар сотқа өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды ұсынады.

      2. Хабарсыз кетті деп белгіленген тәртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша хабарсыз кеткен азаматтың мүлкіне қорғаншылықты жүзеге асыратын тұлға оның өкілі ретінде әрекет етеді.

      3. Қайтыс болған немесе қайтыс болды деп заңда белгіленген тәртіппен жарияланған адамның мұрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны әлі ешкім қабылдамаса, мұрагерлік мүлік өзіне сенімгерлік басқаруға берілген тұлға мұрагердің өкілі ретінде әрекет етеді.

      4. Заңды өкілдер өкілдік берушілерге жасау құқығы тиесілі барлық процестік әрекеттерді заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушілердің атынан жасайды. Заңды өкілдер істі сотта жүргізуді басқа өкілге тапсыра алады.

      Кәмелетке толмағанның, сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның не сот тәртібімен хабарсыз кетті деп танылған адамның заңды өкілі қорғаншылыққа алынған адамның мүлкі олардың нысанасы болып табылатын даулар бойынша істерді қарау кезінде өзі өкілі болып отырған адамның мүддесінде барлық процестік әрекеттерді жасайды.

      Кәмелетке толмағанның, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамның заңды өкілі шектелген құқықтар көлемінен туындайтын міндеттемелер нысанасы болып табылатын істерді қарау кезінде осы адамның мүддесінде барлық процестік әрекеттерді өз бетінше жасайды. Басқа даулар бойынша әрекет қабілеті шектеулі тұлға процестік әрекеттерді жасайды және процестік міндеттерді өз бетінше атқарады.

      5. Заңды өкілдер және тапсырма бойынша өкілдер процестік әрекеттерді өз мүдделерінде немесе өздері өкілі болып отырған тұлғаның мүдделеріне қарамастан жасауға құқылы емес.

 

 

  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

62-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің заңды өкілдері

62-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің заңды өкілдері1. Әрекетке қабілетсіз азаматтардың, кәмелетке толмағандардың және сот тәртібі...

Толық оқу »

43-бап. Баланың заңды өкілдерi  Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы

43-бап. Баланың заңды өкілдерiҚазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы     1. Баланың заңды өкілдерi барлық мемлекеттiк органдарда және меншік нысанына қарама...

Толық оқу »

746-бап. Жеке тұлғаның заңды өкiлдерi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

746-бап. Жеке тұлғаның заңды өкiлдерi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Кәмелетке толмағандар немесе өзінің дене бітімі немесе психика...

Толық оқу »

21-бап. Заңды өкiлдер Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

21-бап. Заңды өкiлдерАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Атқарушылық iс жүргiзуде кәмелетке толмаған адамдардың, сондай-ақ сот әреке...

Толық оқу »

746-бапқа түсініктеме. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің заңды өкілдері

746-бапқа түсініктеме. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің заңды өкілдері 1. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы і...

Толық оқу »

75-бап. Кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның заңды өкiлдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

75-бап. Кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның заңды өкiлдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Кәмелетке...

Толық оқу »