Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 68-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қоры Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

68-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қоры Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

68-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қоры Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

      1. Жәбірленушілерге өтемақы қоры – Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген тәртіппен ақша түсімдерін есепке жатқызу және жәбірленушілерге өтемақы төлемін жүргізу үшін мемлекеттік қазынашылықта ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты.

      2. Мыналар Жәбірленушілерге өтемақы қорына салықтық емес түсімдер болып табылады:

      1) сот өндіріп алатын мәжбүрлі төлемдер;

      2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 71, 78, 80, 81, 82, 90, 142, 156 және 165-баптарында көзделген процестік міндеттерді орындамағаны және сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін, адвокатты, прокурор мен сотталушыны қоспағанда, жәбірленушіге, куәға, маманға, аудармашыға және өзге де адамдарға сот салатын ақшалай өндіріп алулар;

      3) өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген және түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындалған сотталған адамнан ақшалай өндіріп алулар;

      4) "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес регрестік талаптар тәртібімен өндіріп алынған ақша;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер.

      3. Жәбірленушілерге өтемақы қорының нақты түсімдері мен шығыстары туралы ақпарат:

      шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы есептің құрамына енгізіледі;

      республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізіледі;

      осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады. 

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Кодексі. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

______________________________ 

Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің қабылдануымен. 

68-бап. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

       Ескерту. 68-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдардың даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып: 

      1) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарына сәйкестігі, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету, нысаналы индикаторларға қол жеткізу дәрежесі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етуі тұрғысынан; 

      2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын нәтижелердің көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалар нәтижелері көрсеткіштерінің мемлекеттік органның даму жоспарының нысаналы индикаторларымен өзара байланысының болуы, нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі тұрғысынан қарайды. 

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын қарау нәтижелері бойынша қорытындылар қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылының 15 сәуірінен кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына шығару үшін және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді. 

      Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша қорытындының нысанын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

      Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджеттік комиссияның ұсыныстарын ескере отырып пысықтайды және осы Кодекстің 66-бабының 1-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді. 

      2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып: 

      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және бюджеттік бағдарламалардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бағаларының дерекқоры да пайдаланылады; 

      2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың мемлекеттік органның даму жоспарының мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланысы тұрғысынан; 

      3) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. 

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген материалдарды қарау қорытындысы бойынша бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады. 

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша қорытындылары мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары және Республикалық бюджеттік комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады. 

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына бюджеттік өтінімдер, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар енгізеді. 

      2-1. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының бюджеттік өтінімі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға қарау үшін жіберіледі, ол оған қорытынды дайындайды және өзгерістер енгізбей республикалық бюджеттің жобасына енгізеді. 

      3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдаудың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып: 

      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде, сондай-ақ әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалар дерекқоры пайдаланылады; 

      2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының мақсаттарымен, нысаналы индикаторларымен өзара байланыстылығы, нәтижелер көрсеткіштеріне қолжетімділік дәрежесі тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. 

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді. 

      4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет комиссиялары қарайтын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары арасындағы келіспеушіліктерді қоспағанда, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді тиісті бюджет комиссиясы қарайды. Тиісті бюджет комиссиясы осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді. 

      4-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыруға арналған шығыстар қаржылық-экономикалық негіздемеде айқындалған бюджеттік инвестицияларды іске асыру мерзімдеріне сәйкес бюджет жобасына қосылады. 

      4-2. Ұлттық жобаларды іске асыруға арналған шығыстар ұлттық жобалар іс-шараларының басымдықтары ескеріле отырып және бюджет жүйесінің қағидаттары сақтала отырып, бюджет жобасына қосылады. 

      5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес: 

      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобалары мен бюджеттік өтінімдерді; 

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын ұсынады. 

      6. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынатын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қоспағанда, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады. 

      Ескерту. 68-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2020 № 391-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

    Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

Кінәлі адамнан мәжбүрлі төлем

Кінәлі адамнан мәжбүрлі төлемҚылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша айыптау үкімі шығарылған кезде кінәлі адамнан аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылық санатына сәйкес кел...

Толық оқу »

Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамаға сәйкес мәжбүрлі төлем сот арқылы өндіріп алынады

Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамаға сәйкес мәжбүрлі төлем сот арқылы өндіріп алынады📘 ЖАЛПЫ СИПАТТАМАҚР Қылмыстық кодексінің 98-2-бабы 98-1-баптың ережелерін нақты...

Толық оқу »

12-бап. Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

12-бап. Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықЖәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы      Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар  Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдарЖәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:      1) жәбірленуші құқықтары бе...

Толық оқу »

173-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қоры ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

173-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қоры ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жәбірленушілердің Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қ...

Толық оқу »

2-бап. Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамаcы Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

2-бап. Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамаcыЖәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өте...

Толық оқу »

9-бап. Өтемақы төлеу тәртібі мен мерзімдері Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

9-бап. Өтемақы төлеу тәртібі мен мерзімдеріЖәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы      1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өтемақы төлеуді қылмыстық қудала...

Толық оқу »

3-бап. Жәбірленушілерге өтемақы төлеудің негізгі қағидаттары Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

3-бап. Жәбірленушілерге өтемақы төлеудің негізгі қағидаттарыЖәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы      Жәбірленушілерге өтемақы төлеу:      1) заңдылық;      2) адамның жә...

Толық оқу »

4-бап. Қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өкілеттіктері Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

4-бап. Қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өкілеттіктеріЖәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы      Қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге...

Толық оқу »

7-бап. Жәбірленушілерге өтемақы мөлшері Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

7-бап. Жәбірленушілерге өтемақы мөлшеріЖәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы      1. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда жәбірленушілерге...

Толық оқу »

2-1-бап. Осы Заңды реттеудің мақсаты мен міндеті Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

2-1-бап. Осы Заңды реттеудің мақсаты мен міндетіЖәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы      1. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдары бойынша жәбірленушілердің...

Толық оқу »

5-бап. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өкілеттіктері Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

5-бап. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өкілеттіктеріЖәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:     ...

Толық оқу »

8-бап. Жәбірленушілерге өтемақы тағайындау тәртібі Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

8-бап. Жәбірленушілерге өтемақы тағайындау тәртібіЖәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы      1. Адам жәбірленуші деп танылғаннан кейін ол қылмыстық қудалау функцияларын жү...

Толық оқу »

52-2-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

52-2-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII...

Толық оқу »

10-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қорын қалыптастыру көздері Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

10-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қорын қалыптастыру көздеріЖәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы      1. Салықтық емес түсімдер Жәбірленушілерге өтемақы қорын қалыптастыру...

Толық оқу »

13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібіЖәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы      Осы Заң, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 10-баптың 1-тармағының 1...

Толық оқу »

6-бап. Өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушілер Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

6-бап. Өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушілерЖәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы 1. Өтемақы: 1) сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушіле...

Толық оқу »