Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 85-бап. Медиатор ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

85-бап. Медиатор ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

85-бап. Медиатор ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Тараптар заң талаптарына сәйкес медиацияны жүргізу үшін тартатын тәуелсіз жеке тұлға медиатор болып табылады.

      2. Медиатор:

      1) медиация тараптарына қылмыстық процесті жүргізетін орган беретін ақпаратпен танысуға;

      2) медиация тараптары болып табылатын қылмыстық процеске қатысушылар туралы деректермен танысуға;

      3) қылмыстық-процестік заңға сәйкес кездесулердің саны мен ұзақтығын шектемей, медиация тараптары болып табылатын қылмыстық процеске қатысушылармен оңаша және құпия кездесуге;

      4) тараптарға медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасуға жәрдемдесуге құқылы.

      3. Медиатор:

      1) медиация жүргізген кезінде медиация тараптарының келісуімен ғана әрекет жасауға;

      2) медиация басталғанға дейін медиация тараптарына оның мақсаттарын, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;

      3) медиация рәсімін өткізуге байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

      4. Медиатор тараптардың келісуімен медиация рәсімін қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз бен хабар тіркелген кезден бастап және қылмыстық процестің үкім заңды күшіне енгенге дейінгі кейінгі сатыларында жүзеге асыруға құқылы.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Лауазымды нұсқаулық Медиатор

Лауазымды нұсқаулықМедиаторға Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы негізінде әзірлен...

Толық оқу »

Жанжалды реттеу және Тараптардың позицияларын жұмсарту жолымен медиативтік келісімге қол қою

Жанжалды реттеу және Тараптардың позицияларын жұмсарту жолымен медиативтік келісімге қол қою2019 жылғы 7 қарашада Қостанай қалалық соты судья Б. и. Қадырова құрамында Қостанай...

Толық оқу »

Қарыз шартын жарамсыз деп тану және берешек сомасын өндіріп алу туралы медиативтік келісім

Қарыз шартын жарамсыз деп тану және берешек сомасын өндіріп алу туралы медиативтік келісімНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізг...

Толық оқу »

Медиативтік келісімнің талаптарын орындамауға байланысты атқару парағын беру туралы өтінішхат

Медиативтік келісімнің талаптарын орындамауға байланысты атқару парағын беру туралы өтінішхатНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар кеңсесі сіздің назарыңызды осы құжаттың...

Толық оқу »

Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы талап бойынша медиативтік келісім жасасу үшін ұсыныс ҚР

Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы талап бойынша медиативтік келісім жасасу үшін ұсынысНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың нег...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 85-бабына түсініктеме. Медиатор

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 85-бабына түсініктеме. Медиатор1. Медиатор – заң талаптарына сәйкес медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке...

Толық оқу »