921-бап. Заңды тұлғаның немесе азаматтың өз қызметкерi келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Заңды тұлға немесе азамат өзiнiң қызметкерi еңбек (қызметтiк, лауазымдық) мiндеттерiн атқару кезiнде келтiрген зиянды өтейдi.
2. Зиян келтiруi салдарынан туындайтын мiндеттемелер туралы осы Кодекстiң ережелерiне қатысты қызметкерлер деп жұмысты еңбек шартының негiзiнде, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шарттың негiзiнде орындаған, егер бұл ретте жұмыстардың кауіпсіз жүргізілуіне жауапты тиiстi заңды тұлғаның немесе азаматтың тапсырмасымен және бақылауымен iс-әрекет жасаған немесе iс-әрекет жасауға тиiстi болған азаматтар танылады.
Шаруашылық серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар мен өндiрiстiк кооперативтер өздерiнiң қатысушылары (мүшелерi) серiктестiктiң, акционерлiк қоғамның немесе кооперативтiң кәсiпкерлiк, өндiрiстiк немесе өзге де қызметiн жүзеге асыруы кезiнде соңғылары келтiрген зиянды өтейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы