Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Әкімшілік соттардың талап қоюларды қарау құзыретіне жатқызылуы

Әкімшілік соттардың талап қоюларды қарау құзыретіне жатқызылуы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Әкімшілік соттардың талап қоюларды қарау құзыретіне жатқызылуы

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 127-бабына сәйкес сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөніндегі шешімі мен әрекетіне (әрекетсіздігіне) немесе осындай әрекеттерді жасаудан бас тартуына өндіріп алушы немесе борышкер сотқа шағым жасай алады. Шағым Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.

Аталған норманың мазмұнынан туындайтындай, сот орындаушысының әрекеттеріне сот тәртібімен шағымдану құқығына атқарушылық іс жүргізу тараптары ғана ие.

Сонымен қатар, іс жүзінде атқарушылық іс жүргізудің тарапы болып табылмайтын тұлғалар мен сот орындаушылары арасында да даулар жиі туындайды. Жоғарғы Соттың «Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 2-тармағында мүдделі тұлғалардың жеке сот орындаушысының әрекеттеріне дау айту құқығы көзделген.

ӘРПК-нің 9-бабының 1-бөлігіне сәйкес әркім осы Кодексте белгіленген тәртіппен бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

Аталған норма мүдделілік болған жағдайда сот тәртібімен қорғану құқығын көздейді.

Атқарушылық іс жүргізудің тарапы болып табылмайтын тұлғалардың талап қоюлары келіп түскен кезде соттар даулы құқықты қорғау мен қалпына келтірудің өзге де тәсілінің бар-жоғын, сондай-ақ жасалған әрекеттердің талап қоюшы үшін тікелей құқықтық салдарлар туындатқан-туындатпағанын тексеруге тиіс.

Мысалы, акционерлік қоғам жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен 220 989 149 теңге мөлшеріндегі берешекті және сот шығындарын өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша өндіріп алушы болып табылады.

Сонымен қатар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік 8 жеке тұлғаның пайдасына жалпы сомасы 17 569 000 теңге мөлшеріндегі жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылады.

Жалақы бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізу шеңберінде жеке сот орындаушысының әрекеттеріне акционерлік қоғам шағымданған. Аталған қоғам жауапкердің өзіне қатысты құқықтық салдарлар туындататын әрекеттеріне дау айту туралы талап қою беруге құқылы, өйткені өткізілген мүлік инвестициялау шартының талаптары шеңберінде салынған және кепіл шарты негізінде кепіл нысанасы болып табылған.

Соттар талап қою талаптарын мәні бойынша қарап, талапты ішінара қанағаттандырған (6001-22-00-6ап/607).

«Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы» Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысында әртүрлі түсіндірулерге жол бермеу мақсатында мүдделі тұлғаның сот тәртібімен сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану құқығын іске асыру шарттарын нақтылау қажет.

Талап қоюшы сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда өзінің материалдық немесе құқықтық мүдделілігін дәлелдеуге міндетті.

Алайда нақты құқықтық мүдделілік болмаған және құқықты қорғаудың өзге де тәсілі болған жағдайда мұндай тұлғалардың талап қоюлары қайтарылуға жатады.

Мысалы, өткізілген мүліктің кепіл ұстаушысы болып табылмайтын тұлғаның талап қоюы қайтарылған (6001-22-00-6ап/394).

Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-тармағына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады.

Атқарушылық іс жүргізудің мақсаты бұзылған немесе даулы құқықтарды не заңмен қорғалатын мүдделерді нақты қалпына келтіруді қамтамасыз ету болып табылады.

Сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану атқарушылық іс жүргізу шеңберіндегі сот бақылауының нысаны болып табылады, оның мақсаты атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

Атқарушылық іс жүргізу мәселелерін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • ӘРПК;
  • АК;
  • АПК;
  • «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 1 «Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы» нормативтік қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 12 «Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы» нормативтік қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығымен бекітілген қағидалар;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» қаулысы.

Пайдаланылған қысқартулар:

  • ӘРПК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
  • АПК – Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
  • АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
  • «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – Атқарушылық іс жүргізу туралы заң;
  • ЖС НҚ – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы;
  • Тәртіптер – тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидалары;
  • АИАЖ – Қазақстан Республикасы сот органдарының «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі;
  • ЖС ӘСК – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;
  • ӘСК немесе алқа – әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;
  • МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;
  • ӘД – Әділет департаменті (-тері);
  • МСО – мемлекеттік сот орындаушысы (-лары);
  • ЖСО – жеке сот орындаушысы (-лары).

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

169-бапқа түсініктемелер. Талап қою нысанасын немесе негізін өзгерту, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің талап қою талаптарын ұлғайту немесе азайту

169-бапқа түсініктемелер. Талап қою нысанасын немесе негізін өзгерту, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің талап қою талаптарын ұлғайту немесе азайту1. Талап...

Толық оқу »

Ведомстволық бағыныстылығы және соттылығы Сот ісін жүргізу түрі дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы

Ведомстволық бағыныстылығы және соттылығы Сот ісін жүргізу түрі дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығыАП...

Толық оқу »

23-бап. Азаматтық істердің Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің соттарына ведомстволық бағыныстылығы

23-бап. Азаматтық істердің Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің соттарына ведомстволық бағыныстылығы 1. Егер осы Кодекске және басқа да заңдарға сәйкес олар...

Толық оқу »

23-бапқа түсініктемелер. Азаматтық істердің Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің соттарына ведомстволық бағыныстылығы

23-бапқа түсініктемелер. Азаматтық істердің Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің соттарына ведомстволық бағыныстылығы1. Егер осы Кодекске және басқа да заңда...

Толық оқу »