Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Әкімшілік соттарға талап қоюлардың ведомстволығы

Әкімшілік соттарға талап қоюлардың ведомстволығы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Әкімшілік соттарға талап қоюлардың ведомстволығы

 

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 127-бабына сәйкес өндiрiп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөнiндегi шешiмiне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына сотқа шағым жасауы мүмкiн. Шағым сотқа Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен берiледi.

Көрсетілген норманың мазмұнының негізінде сот орындаушысының әрекеттеріне атқарушылық іс жүргізу тараптары ғана сотқа шағым беруге құқылы.

Сонымен бірге практикада атқарушылық іс жүргізудің тараптары болып табылмайтын адамдардың сот орындаушыларымен дауласуы жиі кездеседі. «Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» ЖС НҚ 2-тармағында мүдделі адамдардың ЖСО-ның  әрекеттеріне дау айту құқығы көзделген.

ӘРПК-нің 9 - бабының бірінші бөлігіне байланысты әркім бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

Аталған норма мүдделер болған жағдайда сот тәртібімен қорғау құқығын көздейді.

Атқарушылық іс жүргізудің тараптары болып табылмайтын адамдардан талап қою арыздары келіп түскен кезде соттар даулы құқықты қорғаудың және қалпына келтірудің өзге тәсілінің бар-жоғын және талап қоюшы үшін жасалған әрекеттерден тікелей құқықтық салдарлар туындағанын тексеруге тиіс.

Мысалы, АҚ-ның ЖШС-дан  220 989 149 теңге сомасындағы берешекті, сот шығыстарын өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша өндіріп алушы болып табылады.

Сондай-ақ ЖШС жалпы сомасы 17 569 000 теңгеге 8 жеке тұлғаның пайдасына жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылады. Жалақы бойынша берешекті өндіріп алуды орындау шеңберінде АҚ ЖСО-ның әрекеттеріне шағым жасаған, оның жауапкердің өзіне құқықтық салдар туғызатын әрекеттеріне дау айту туралы талап қою құқығына ие, өйткені өткізілген мүлік Инвестициялау туралы шарттың талаптары шеңберінде салынған және Кепіл шартының негізінде кепіл нысанасы болып табылады. Соттар талаптарды мәні бойынша қараап, талапты ішінара қанағаттандырды (6001-22-00-6ап/607).

Атқарушылық іс жүргізу туралы заң нормаларын әртүрлі түсіндіруді болдырмау үшін «Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» ЖС НҚ-да мүдделі тұлғаның сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сот тәртібімен шағымдануға  құқығы болатын жағдайларды нақтылау қажет.

Талап қоюшы сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде өзінің материалдық немесе құқықтық мүдделілігін дәлелдеуге міндетті.

Алайда нақты құқықтық мүдделілік болмаған және қорғаудың басқа тәсілі болған кезде, мұндай адамдардың талап қоюлары қайтарылуға жатады.

Мысалы, сатылған мүліктің кепіл ұстаушысы болып табылмайтын тұлғаның талап қоюы қайтарылды (6001-22-00-6ап/394). 

 

Сот практикасын талдау сот орындаушыларының 2021 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтуға байланысты әкімшілік істерді қарау нәтижелері

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

Құжатты жүктеп алу

  • ^J()~1
    35 рет жүктеп алынды

169-бапқа түсініктемелер. Талап қою нысанасын немесе негізін өзгерту, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің талап қою талаптарын ұлғайту немесе азайту

169-бапқа түсініктемелер. Талап қою нысанасын немесе негізін өзгерту, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің талап қою талаптарын ұлғайту немесе азайту1. Талап...

Толық оқу »

Ведомстволық бағыныстылығы және соттылығы Сот ісін жүргізу түрі дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы

Ведомстволық бағыныстылығы және соттылығы Сот ісін жүргізу түрі дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығыАП...

Толық оқу »

23-бап. Азаматтық істердің Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің соттарына ведомстволық бағыныстылығы

23-бап. Азаматтық істердің Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің соттарына ведомстволық бағыныстылығы 1. Егер осы Кодекске және басқа да заңдарға сәйкес олар...

Толық оқу »

23-бапқа түсініктемелер. Азаматтық істердің Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің соттарына ведомстволық бағыныстылығы

23-бапқа түсініктемелер. Азаматтық істердің Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің соттарына ведомстволық бағыныстылығы1. Егер осы Кодекске және басқа да заңда...

Толық оқу »