Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қабылдамауға байланысты жеке ұйғарым шығару

Атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қабылдамауға байланысты жеке ұйғарым шығару

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қабылдамауға байланысты жеке ұйғарым шығару

Т.К. сотқа сот орындаушысы Е.Н.Б.-ға қатысты атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулыны (6394-22-00-4/913) заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы талап арызбен жүгінген.

2023 жылғы 19 қаңтардағы СМАС шешімімен талап арыз толық қанағаттандырылды.

Істі қарау және атқарушылық іс жүргізу материалдарын зерделеу барысында Шығыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы «Атқарушылық іс жүргізу туралы» Заңның 32-бабының талаптарын бұза отырып, сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғау кезінде атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын (борышкерге белгілі бір әрекеттер жасауға тыйым салу) қабылдамағанын анықтады.

Атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету шараларының болмауына байланысты борышкер Лебедев В.В. 2021 жылғы 13 ақпанда жеке кәсіпкер (бұдан әрі – ЖК) ретінде тіркеу есебінен шығарылған.

Кейіннен тіркеу есебінен шығарылу фактісі Л.В.В.-ға қатысты атқарушылық іс жүргізуді атқарушылық құжатты орындаудың мүмкін еместігіне байланысты тоқтатуға негіз болған.

Анықталған бұзушылықтарға байланысты сот Шығыс Қазақстан облысы жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасының басшылығына жеке ұйғарым шығарып, онда сот орындаушысы Е.Н.Б.-ның атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы, атап айтқанда, №1109/20-63-3046 атқарушылық іс жүргізу бойынша орындауды қамтамасыз ету шараларын қабылдамау бөлігінде жол берген бұзушылықтарын көрсетті. Аталған атқарушылық іс жүргізу бойынша ЖК Л.В.В.-ға өз қаражаты есебінен Өскемен қаласы Островский көшесіндегі №58 және №60 үйлердегі жөндеу жұмыстарының ақауларын өтеусіз жою міндеттелген.

Жеке ұйғарымға шағым берілмеді және ол заңды күшіне енді. Жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасы сот орындаушысының «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны туралы жауап ұсынды.

Талаптарды тұжырымдау

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы әкімшілік талап арыз берген кезде талап қоюшылар талаптарын әртүрлі редакцияда тұжырымдайды.

Жалпыланатын санаттағы даулар негізінен дау айту, мәжбүрлеу және әрекет жасау туралы талап қою арқылы қаралады (ӘРПК-нің 132–134-баптары).

ӘРПК-нің 132-бабына сәйкес, ауыртпалық түсіретін әкімшілік актімен талап қоюшының құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, ол әкімшілік актіні толық немесе оның қандай да бір бөлігін жою туралы талаппен дау айту туралы талап қоюға құқылы.

Сот орындаушысы шығарған қаулымен келіспеген жағдайда, талаптар аталған қаулыны заңсыз деп тану туралы қойылады. Бұл ретте әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап қоюды бір мезгілде берудің қажеті жоқ.

ӘРПК-нің 84-бабының 2-бөлігіне сәйкес, заңсыз әкімшілік акт толық немесе оның бір бөлігінде жойылуы мүмкін.

Қаулы заңсыз деп танылған жағдайда, сот аталған қаулының күшін жояды.

 Талап қоюды қайтару

ӘРПК-нің 138-бабының 2-бөлігінде әкімшілік талап қоюды қайтарудың 17 негізі көзделген.

Қарастырылып отырған санаттағы істер көбінесе мынадай негіздер бойынша қайтарылады:

ӘРПК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 6) тармақшасы – талап қоюшы берген талап қоюын кері қайтарып алған;

ӘРПК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 9) тармақшасы – тараптар татуласу, медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасасқан және ол сотпен бекітілген;

ӘРПК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 11) тармақшасы – іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды;

ӘРПК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 17) тармақшасы – іс осы соттың соттылығына жатпайды.

Сондай-ақ талап қоюды қайтарудың негізі ӘРПК-нің 136-бабының 8-бөлігінде көзделген. Оған сәйкес, сотқа талап қою беру мерзімін дәлелді себепсіз өткізіп алу, сондай-ақ өткізіп алған сотқа жүгіну мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтаруға негіз болып табылады.

Талдау жүргізіліп отырған санаттағы талап қоюларды қайтару мәселесін шешу кезінде соттарда қиындықтар туындамайды.

Бұл ретте соттың белсенді рөлі қағидатын іске асыру татуласу жолымен шешілген істердің санын (келісім жасасу немесе талап қоюды кері қайтарып алу арқылы) айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.

Сот шешіміне шағым жасау мерзімі

ӘРПК-нің 168-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істер бойынша апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты шешімнің түпкілікті нысанда шығарылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде берілуі мүмкін. Шешімнің түпкілікті нысаны шешім жарияланған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей дайындалады. Бұл нормаға өзгерістер 2024 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 6 қазандағы №33-НҚ «ӘРПК-нің 168-бабы төртінші бөлігінің бірінші абзацының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» нормативтік қаулысын іске асыру мақсатында енгізілді.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 6 қазандағы №33-НҚ «ӘРПК-нің 168-бабы төртінші бөлігінің бірінші абзацының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» нормативтік қаулысынан туындайтындай, ӘРПК-нің 168-бабының төртінші бөлігінің ережелері осы баптың екінші бөлігінің нормаларынан туындайды. Аталған нормалар заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне шағым жасаудың жалпы қағидаларын айқындайды, бұл мерзім сот шешімінің түпкілікті нысанда шығарылған күнінен бастап есептеледі.

Осыған байланысты сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істер бойынша апелляциялық шағым мен прокурордың өтінішхатын беру үшін белгіленген он жұмыс күндік мерзім шешімнің түпкілікті нысанда шығарылған (дайындалған) күнінен бастап есептелуге тиіс, өйткені ӘРПК-де белгіленген апелляциялық шағым беру мерзімі (сот шешімі шығарылған күннен бастап он жұмыс күні) шешімнің түпкілікті нысанда дайындалған сәтіне дейін іс жүзінде өтіп кетуі мүмкін. Бұл өз кезегінде процеске қатысушыларды оның уәждеу бөлімімен танысу және апелляциялық шағым беру құқығын толыққанды іске асыру мүмкіндігінен айырады.

Конституциялық Сот мұндай құқықтық реттеу Конституциямен кепілдік берілген сот арқылы қорғалу құқығын, білікті заң көмегін алу құқығын және барлығының заң мен сот алдында тең болуы қағидатын шектеуі мүмкін екенін көрсетті.

Конституциялық Сот ӘРПК-де қолданылатын («шешім шығарылған күн», «шешімнің түпкілікті нысанда дайындалған күні» және т.б.) ұғымдардың заң тұрғысынан жеткілікті дәрежеде нақтыланбағанын және олардың әртүрлі түсіндірілуіне жол беретінін, соның салдарынан процеске қатысушылардың құқықтарының бұзылу қаупін туындататынын атап өтті.

Нәтижесінде Конституциялық Сот дауланып отырған ережені Конституцияға сәйкес деп, тек ӘРПК-нің 168-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген әкімшілік істердің санаттары бойынша апелляциялық шағым мен прокурордың апелляциялық өтінішхатын беру мерзімі шешімнің қарар бөлігінің жарияланған сәтінен емес, сот шешімінің түпкілікті нысанда шығарылған (дайындалған) күнінен бастап есептелуге тиіс деген түсіндірмеде таныды.

ӘРПК-нің 168-бабының 4-бөлігіне жоғарыда көрсетілген өзгерістер енгізілгенге дейін жергілікті соттарда бірінші сатыдағы сот шешіміне шағым жасау мерзімін есептеу бөлігінде осы норманы әртүрлі түсіндіруге жол берілген.

ҚР ЖС ӘСК соты процессуалдық нормаларды конституциялық-құқықтық түсіндірудің басымдығын растады және апелляциялық шағым жасау мерзімдерін шешімнің түпкілікті нысанда дайындалған күнінен бастап бірізді есептеуді қамтамасыз ететін сот практикасын қалыптастырды.

Аталған практика жүйелі маңызға ие, өйткені ол сот практикасындағы қайшылықтарды жояды және тараптардың әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде сот арқылы қорғалу құқығын нақты іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Дәлелдемелер және дәлелдеу

Дәлелдемелерді, дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін нақты деректерді, дәлелдеу нысанасын және дәлелдемелердің көздерін құқықтық реттеу тәртібі, сондай-ақ дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау және пайдалану (дәлелдеу) тәртібі және дәлелдемелер мен дәлелдеуге қатысты өзге де ережелер ӘРПК-де белгіленген ерекшеліктерді қоспағанда, АПК нормаларымен айқындалады (ӘРПК-нің 128-бабы).

Жеке сот орындаушысының (ЖСО) әрекеттеріне сотта шағымдану кезінде ЖСО тарапынан орын алған бұзушылықтарды растайтын әртүрлі құжаттар мен материалдар дәлелдемелер бола алады. Заңсыз әрекеттерді немесе әрекетсіздікті көрсететін нақты фактілерді анықтау қажет.

Дәлелдемелер (тігілген және нөмірленген атқарушылық іс жүргізу материалдары) мыналарды қамтиды:

Атқарушылық құжат:

ЖСО өз әрекеттерін жүзеге асырған негіздегі атқару парағының немесе сот бұйрығының түпнұсқасы немесе куәландырылған көшірмесі.

Шағым жасалып отырған ЖСО қаулылары, олардың шығарылған күні мен мазмұны көрсетіле отырып.

Бұзушылықтарды растайтын құжаттар:

Төлем түбіртектері, ЖСО-мен хат алмасу, хабарламалар (SMS-хабарламалардың жеткізілгені туралы есептер), куәлардың айғақтары, мүлікті бағалау туралы есептер, мүлікті тізімдеу хаттамалары, қарап-тексеру актілері, тұрмайтыны туралы актілер, фотосуреттер, бейнежазбалар және өтініш берушінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғанын растайтын өзге де материалдар.

Әділет органдарына немесе ЖСО палатасына берілген шағымдар (ЖСО әрекеттеріне шағым берілген жағдайда, шағымның көшірмесі мен оған берілген жауаптар да дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін).

Куәлардың айғақтары:

Іс бойынша мән-жайларды растай алатын куәлар айғақ беру үшін сотқа шақырылады.

Мемлекеттік бажды өндіріп алу

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы талап қоюлар бойынша талап қоюшылар Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 616-бабы 15) тармақшасына сәйкес сотқа талап қою берген кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

ӘРПК-нің 122-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот шығындарын бөлу мәселелері АПК-нің қағидалары бойынша қаралады.

АПК-нің 117-бабының 1-бөлігіне сәйкес, талап қоюшы төлеуден босатылған мемлекеттік баж, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар сот шығындарын төлеуден босатылмаған жауапкерден талап қою қанағаттандырылған бөлікке мөлшерлес немесе толық көлемде мемлекет кірісіне өндіріп алынады.

Талап қою қанағаттандырылған жағдайда, мемлекеттік баж жергілікті бюджет кірісіне талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігіне мөлшерлес сот орындаушысынан өндіріп алуға жатады.

Мемлекеттік баж мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 610-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес есептеледі (0,5 АЕК).

Процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану

Істі қарау барысында процестік заңнама нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда, ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

ӘРПК-нің 127-бабына сәйкес сот процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде дәлелдемелерді ұсынғаны, сот тапсырмаларын сот белгілеген мерзімді дәлелді себептерсіз бұза отырып орындағаны үшін, егер бұл әкімшілік істі қараудың созылуына алып келсе, әрбір әрекет (әрекетсіздік) үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.

Соттың талабын, сұрау салуын орындамағаны, әкімшілік іске қатысушы тұлғаның сот отырысына келмегені, сотты уақтылы хабардар етпегені, пікірді уақтылы ұсынбағаны, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбағаны, сотта белгіленген тәртіпті бұзғаны, сондай-ақ сотқа және (немесе) судьяға құрметсіздік танытуды анық көрсететін өзге де әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сот жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуға құқылы.

Сот шешімін, тараптардың татуласу, медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен дауды реттеу туралы келісімін бекіту туралы сот ұйғарымын орындамағаны үшін сот жауапкерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолданады және сол сот актісінде оның орындалуы тиіс, бір айдан аспайтын мерзімді көрсетеді.

Талданып отырған кезеңде соттарда ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасын қолдану практикасы қалыптасты. Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы даулар санаты бойынша ақшалай өндіріп алу көбінесе жауапкерлерге мынадай себептер бойынша салынды:

  • пікірді уақтылы ұсынбау;
  • атқарушылық іс жүргізу материалдарын уақтылы ұсынбау;
  • атқарушылық іс жүргізу материалдарын толық көлемде ұсынбау;
  • дәлелді себепсіз сот отырысына келмеу (немесе онлайн форматта қосылмау).

Пайдаланылған қысқартулар:

  • ӘРПК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
  • АПК – Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
  • АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
  • Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңы – Атқарушылық іс жүргізу туралы заң;
  • ЖС НҚҚ – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы;
  • Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидалары – Қағидалар;
  • СО АИАЖ – Қазақстан Республикасы сот органдарының «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі;
  • ҚР ЖС ӘСК – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;
  • ӘСК немесе алқа – әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;
  • МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;
  • ӘД – Әділет департаменті (-тері);
  • МSO – мемлекеттік сот орындаушы (-лар);
  • ЖСО – жеке сот орындаушы (-лар).
  • АІЖ – атқарушылық іс жүргізу.

Атқарушылық іс жүргізу мәселелерін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • ӘРПК;
  • АК;
  • АПК;
  • Атқарушылық іс жүргізу туралы заң;
  • Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы №1 «Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы» нормативтік қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №12 «Сот актілерін орындамағаны үшін жауапкершілік туралы» нормативтік қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы №2 «Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы» нормативтік қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 29 қарашадағы №5 «Әкімшілік істер бойынша сот шешімі туралы» нормативтік қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 29 қарашадағы №6 «Алимент өндіріп алуға байланысты істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №437 «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» қаулысы (2023 жылғы 13 шілдеде күшін жойған);
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №372 «Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға арналған алиментті ұстап қалу жүргізілетін жалақының және (немесе) өзге де табыс түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №416 «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы №148 «Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы» бұйрығы.

 

 

 

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын 

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Әкімшілік рәсімді бұзғаны үшін жеке ұйғарым шығарылды – тыңдау рәсімін немқұрайлы өткізу.

Әкімшілік рәсімді бұзғаны үшін жеке ұйғарым шығарылды – тыңдау рәсімін немқұрайлы өткізу.МАӘС-тің шешімімен ЖШС-нің әкімшілік талап қоюы қанағаттандырылды, «Мемлекеттік кіріст...

Толық оқу »

Атқарушылық іс жүргізуге тараптарға атқарушылық іс жүргізудің қозғалуы не атқарушылық құжаттың қайтарылуы туралы ақпаратты ұсынбағаны үшін жеке ұйғарым шығару

Атқарушылық іс жүргізуге тараптарға атқарушылық іс жүргізудің қозғалуы не атқарушылық құжаттың қайтарылуы туралы ақпаратты ұсынбағаны үшін жеке ұйғарым шығаруАтқарушылық іс жү...

Толық оқу »

Жеке анықтаманың күші жойылды

Жеке анықтаманың күші жойылдыТиісті емес адамға жеке ұйғарым шығару оның жоғары тұрған органның күшін жоюға әкелді. Степногорск қалалық соты жұмыста қалпына келтіру және жалақ...

Толық оқу »

Атқарушылық іс жүргізуді қозғау мерзімін сақтамауға байланысты жеке ұйғарым шығару

Атқарушылық іс жүргізуді қозғау мерзімін сақтамауға байланысты жеке ұйғарым шығару2024 жылғы 1 шілдедегі Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен Азамбаев Д.К.-...

Толық оқу »

32-бап. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

32-бап. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Сот орындаушысы атқар...

Толық оқу »

16-1-бап. Тауар биржасының биржалық мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қорлары Тауар биржалары туралы Заңы

16-1-бап. Тауар биржасының және тауар биржасы клирингтік орталығының биржалық мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қорлары Тауар биржалары туралы Заңы      Биржада...

Толық оқу »

104-бап. Борышкерді белгілі бір әрекеттер жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға міндеттейтін атқарушылық құжаттарды орындау тәртібі мен орындамаудың салдары Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

104-бап. Борышкерді белгілі бір әрекеттер жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға міндеттейтін атқарушылық құжаттарды орындау тәртібі мен орындамаудың салдарыАтқарушылық iс ж...

Толық оқу »

105-бап. Жұмысқа қайта қабылдау туралы атқарушылық құжатты орындау тәртібі мен орындамаудың салдары Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

105-бап. Жұмысқа қайта қабылдау туралы атқарушылық құжатты орындау тәртібі мен орындамаудың салдарыАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы     ...

Толық оқу »