Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Нормативтік қаулы / Соттардың азаматтық істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 1 Нормативтік қаулысы.

Соттардың азаматтық істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 1 Нормативтік қаулысы.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Соттардың азаматтық істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару тәжірибесі туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 1 Нормативтік қаулысы.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "АІЖК-нің" деген сөз "АПК-нің" деген сөзбен; "253" деген цифрлар "270" деген цифрлармен ауыстырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      Соттардың жеке ұйғарымдар шығару кезінде Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің нормаларын біркелкі қолдануы мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

     қаулы етеді:

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 270-бабында қарастырылған тәртіпте шығарылған жеке ұйғарымдар – соттардың заңдылықты бұзушылық жағдайына назар аудару актісі болып табылады.

     Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

Сот отырысында анықталған заңдылықты бұзушылық жағдайлар жеке ұйғарымдар шығару үшін негіздемелер болып табылады.

     Нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін әрекеттерді заңдылықты бұзушылық деп түсінген жөн.

     Іске қатысушы тұлғалардың дәлелдеу жөніндегі іс жүргізу міндеттерін тиісінше орындамауы жеке ұйғарымдар шығару үшін жеткілікті негіздеме бола алмайды.

Соттар тиісті ұйымдарға, басқару қызметін атқаратын лауазымды немесе өзге де тұлғаларға қатысты жеке ұйғарымдар шығарады.

     Мемлекеттік органдарда, жергілікті басқару органдарында, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлерде және әскери құралымдарда тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша билік өкілінің қызметін жүзеге асыратын немесе ұйымдастыру-әкімшілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызмет атқаратын тұлғалар лауазымды тұлғалар болып танылады.

     Коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалардың атқару органдарының басшыларын басқару қызметін атқаратын өзге де тұлғалар деп түсінген жөн.

 

Сот жеке ұйғарымды дербес іс жүргізу құжаты түрінде, қаралған іс бойынша сот актісімен бір уақытта шығарады.

     Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

Жеке ұйғарымның мазмұны шешілетін істердің және жол берілген заңдылық бұзушылықтың сипаты ескеріле отырып, АПК-нің 269-бабының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

     Жеке ұйғарымның дәлелдеме бөлімінде соттардың заңдылық бұзушылыққа жол берілгені туралы тұжырым жасауына негіз болған дәлелдер көрсетіліп, жол берілген заңдылық бұзушылықтың мәні ашылуы, талаптары бұзылған нақты нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ әрекеттері (әрекетсіздіктері) заңдылықтың бұзылуына әкеліп соқтырған тұлғалар көрсетілуге тиіс.

     Жеке ұйғарымда іс бойынша мүдделі тұлғалардың әрекеттеріне қатысты нақты нұсқаулар немесе ұсыныстар болмауға тиіс, сондай-ақ кінәлілердің құқықтық жауапкершілігінің түрі мен шаралары да белгіленбеуге тиіс.

      Жеке ұйғарымның қарар бөлімінде ұйымдардың атауы мен орналасқан жері көрсетілуге, сондай-ақ жеке ұйғарымды орындамаудың, жауапсыз қалдырудың немесе жеке ұйғарым бойынша мерзімінде жауап бермеудің салдары, жеке ұйғарымға шағым келтіру құқығы мен тәртібі туралы АПК-нің 270-бабы екінші бөлігінің ережелері түсіндірілуге тиіс.

     Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

Шығарылған жеке ұйғарым қаралатын іс бойынша сот отырысында жарияланады.

АПК-нің 270-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, ұйымдар, басқару қызметін атқаратын лауазымды немесе өзге де тұлғалар, жеке ұйғарымды алған күннен бастап бір ай мерзім ішінде ол бойынша қабылданған шаралар туралы соттарға хабарлауға міндетті.

     Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

Жеке ұйғарымдар қараусыз қалдырылған не оларда көрсетілген заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылданбаған, сондай-ақ жеке ұйғарымдарға жауап дәлелді себептерсіз мерзімінде берілмеген жағдайда, соттар лауазымды тұлғаларды Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 664-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқылы.

     Әкімшілік жазаны қолдану жеке ұйғарым бойынша қабылданған шаралар туралы сотқа хабарлау міндетінен тиісті лауазымды тұлғаларды босатпайды.

     Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Егер сот жеке ұйғарым шығару үшін негіздердің болғанына және жеткіліктілігіне қарамастан жеке ұйғарым шығармаса, онда келесі сатыдағы сот АПК-нің 270-бабында бекітілген тәртіпте сот актісінің заңдылығын тексере отырып, өзі жеке ұйғарым шығаруға құқылы.

Жеке ұйғарымдарға заңда бекітілген тәртіпте жеке шағымдар берілуі, прокурордың өтінішхаты немесе наразылықтар келтірілуі мүмкін.

     Егер жеке ұйғарымдар құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын тұлғалар істерді қараған кезде қатыспаса, оларға қатысты жеке ұйғарымдар шығарылғаны туралы білмесе және (немесе) заңмен белгіленген шағымдану мерзімін өткізіп алса, олар сондай-ақ жеке ұйғарымдарға шағым беруге құқылы.

     Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 7 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Жеке ұйғарымда көрсетілген заңдылықты бұзушылық анықталмаған жағдайларды қоспағанда, сот актісінің күшін жою жеке ұйғарымның күшін жоюға әкеп соқпайды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 5-бабына, АПК-нің 4-бабына сәйкес соттар азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған мемлекеттік функцияларды сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың салдарларын жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту арқылы жүзеге асырады.

      Тараптардың, басқа да процеске қатысушылардың, лауазымды немесе басқа да тұлғалардың іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, соттар бұл туралы прокурорға хабарлайды.

     Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.12.29 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.      13. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2012.12.29 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

Мыналардың:

      1) "Соттардың қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 16 қаулысының 30-тармағының екінші және үшінші абзацтарының;

      2) "Соттардың бала асырап алу туралы істерді қарау кезінде неке және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 17 нормативтік қаулысының 20-тармағының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 10 және 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 14 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге);

      3) "Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 6 нормативтік қаулысының 21-тармағының күші жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы

 

 

Жоғарғы Сотының ТөрағасыМ. Әлімбеков
Қазақстан Республикасы

 

 

Жоғарғы Сотының судьясы,

 

 

жалпы отырыс хатшысыЖ. Бәйішев

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы 

Соттың Жекеше ұйғарымдары сот орындаушыларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)

Соттың Жекеше ұйғарымдары сот орындаушыларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) АПК-нің 270-бабының бірінші бөлігіне сәй кес заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған...

Толық оқу »

Жекеше ұйғарымдар шығару

Жекеше ұйғарымдар шығаруАПК-нің 270-бабының бірінші бөлігіне сәйкес заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны жіберуге құқылы, ал егер бұ...

Толық оқу »

Әкімшілік сот ісін жүргізуде заңдылықты бұзу жағдайлары анықталған кезде жеке ұйғарымдар шығару

Әкімшілік сот ісін жүргізуде заңдылықты бұзу жағдайлары анықталған кезде жеке ұйғарымдар шығаруӘҚБтК-нің 1-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, егер осы Кодексте өзгеше тәртіп көзд...

Толық оқу »

Соттардың заң бұзушылықтарды анықтауы және осы мәселелер бойынша жеке ұйғарымдар шығаруы, олардың сапасы мен негізділігі.

Соттардың заң бұзушылықтарды анықтауы және осы мәселелер бойынша жеке ұйғарымдар шығаруы, олардың сапасы мен негізділігі.Қорытындылай келе, бір ғана азаматтық іс бойынша жеке...

Толық оқу »

Жеке анықтамалар шығаруға негіз

Жеке анықтамалар шығаруға негізІске қатысушы адамдардың дәлелдеу жөніндегі іс жүргізу міндеттерін тиісінше орындамауы жеке ұйғарымдар шығару үшін жеткілікті негіз бола алмайды...

Толық оқу »

Әкімшілік істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару Салық кодексінің 46-бабының талаптарын бұзылуы бойынша (Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салықтық міндеттемесін орындау)

Әкімшілік істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару Салық кодексінің 46-бабының талаптарын бұзылуы бойынша (Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салықтық міндеттемесін орында...

Толық оқу »

Атқарушылық іс жүргізуге тараптарға атқарушылық іс жүргізудің қозғалуы не атқарушылық құжаттың қайтарылуы туралы ақпаратты ұсынбағаны үшін жеке ұйғарым шығару

Атқарушылық іс жүргізуге тараптарға атқарушылық іс жүргізудің қозғалуы не атқарушылық құжаттың қайтарылуы туралы ақпаратты ұсынбағаны үшін жеке ұйғарым шығаруАтқарушылық іс жү...

Толық оқу »

Борышкердің шоттарынан тыйым салуды заңсыз алып тастағаны үшін ЖСО-ға қатысты жеке ұйғарым шығару

Борышкердің шоттарынан тыйым салуды заңсыз алып тастағаны үшін ЖСО-ға қатысты жеке ұйғарым шығаруМ С.Л.-ның ЖСО Цл И.В.-ға атқарушылық іс жүргізу шеңберінде шығарылған атқаруш...

Толық оқу »

Атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қабылдамауға байланысты жеке ұйғарым шығару

Атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қабылдамауға байланысты жеке ұйғарым шығаруТ.К. сотқа сот орындаушысы Е.Н.Б.-ға қатысты атқарушылық іс жүргізуді тоқта...

Толық оқу »

Атқарушылық іс жүргізуді қозғау мерзімін сақтамауға байланысты жеке ұйғарым шығару

Атқарушылық іс жүргізуді қозғау мерзімін сақтамауға байланысты жеке ұйғарым шығару2024 жылғы 1 шілдедегі Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен Азамбаев Д.К.-...

Толық оқу »

Әкімшілік рәсімді бұзғаны үшін жеке ұйғарым шығарылды – тыңдау рәсімін немқұрайлы өткізу.

Әкімшілік рәсімді бұзғаны үшін жеке ұйғарым шығарылды – тыңдау рәсімін немқұрайлы өткізу.МАӘС-тің шешімімен ЖШС-нің әкімшілік талап қоюы қанағаттандырылды, «Мемлекеттік кіріст...

Толық оқу »