Процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану
Істі қарау кезінде процестік заңнама нормаларының бұзылуы анықталған жағдайда ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
ӘРПК-нің 127-бабына сәйкес сот процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде сот белгілеген мерзімді дәлелсіз себептермен бұза отырып дәлелдер ұсынылған, тапсырмалар орындалған жағдайларда, егер бұл әкімшілік істі қараудың созылуына алып келсе, әрбір әрекет (әрекетсіздік) үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.
Соттың талабын, сұрау салуын орындамағаны, әкімшілік іске қатысушы адамның сотқа келмегені, сотқа уақтылы хабарламағаны, кері қайтарып алуды уақтылы бермегені, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбағаны, сотта белгіленген қағидаларды бұзғаны, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемегені туралы анық куәландыратын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) үшін сот жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.
Соттың шешімін, соттың тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіту туралы ұйғарымын орындамағаны үшін сот осы сот актісінде ол бір айдан аспайтын мерзім ішінде орындалуға жататын мерзімді көрсете отырып, жауапкерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолданады.
Талданатын кезеңде сотта ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану практикасы қалыптасты.
Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы даулардың санаты бойынша көбіне жауапкерлерге ақшалай өндіріп алу мынадай:
пікірді уақтылы ұсынбау;
атқарушылық іс жүргізу материалдарын уақтылы ұсынбау;
атқарушылық іс жүргізу материалдарын толық көлемде бермеу;
дәлелді себепсіз сот отырысына келмеуі (не онлайн форматта қосылмау) себептері бойынша қолданылады.
Сот практикасын талдау сот орындаушыларының 2021 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтуға байланысты әкімшілік істерді қарау нәтижелері
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
^J()~1
24 рет жүктеп алынды