Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 239-бабы. Төлем қабілетсіздігіне жеткізу туралы бапқа түсініктеме

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 239-бабы. Төлем қабілетсіздігіне жеткізу туралы бапқа түсініктеме

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 239-бабы. Төлем қабілетсіздігіне жеткізу туралы бапқа түсініктеме

1. Мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік туралы мәліметтерді, оның мөлшерін, орналасқан жерін не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлікті өзге біреудің иелігіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сондай-ақ бухгалтерлік және (немесе) есепке алу құжаттамасын не экономикалық қызметті көрсететін өзге де құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл әрекеттер (әрекетсіздік) құрылтайшы (қатысушы), лауазымды адам, коммерциялық немесе өзге ұйымдағы басқарушылық функцияларды орындайтын адам, заңды тұлғаның органдары, сондай-ақ жеке кәсіпкер тарапынан жасалып, ірі залалға әкеп соққан төлем қабілетсіздігіне алып келсе, —

екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып жазаланады.

2. Қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкерінің, жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушының (ірі акционердің), қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) — заңды тұлғаның басшысының, басқару органының мүшесінің, атқарушы органының басшысының, мүшесінің, бас бухгалтерінің, сондай-ақ қаржы ұйымының басқару органы немесе атқарушы органының функцияларын уақытша не арнайы өкілеттік бойынша орындайтын адамдардың төлем қабілетсіздігіне әкеп соққан қасақана әрекеті (әрекетсіздігі), нәтижесінде қаржы ұйымының мәжбүрлеп таратылуына не банктің төлем қабілетсіз банктер санатына жатқызылуына әкеп соқса, —

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілей отырып, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жыл мерзімге айыра отырып және қаржы ұйымының басшы қызметкері, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшысы лауазымын атқаруға және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болуға өмір бойына тыйым салу арқылы жазаланады.

3. 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 292-VI ҚР Заңына сәйкес алып тасталды.

 

Қоғамдық қауіптілігі

Қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігі (1-бөлік — қылмыстық теріс қылық, 2-бөлік — қылмыс) мемлекеттің мүдделерін, коммерциялық ұйымдар акционерлерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың, кредиторлардың заңды құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ коммерциялық ұйымдар қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін, атап айтқанда, жұмыс орындарын негізсіз қысқарту арқылы бұзудан тұрады. Объектісі кредиторлардың мүліктік мүдделері болып табылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың нысанасы болып жеке кәсіпкер — борышкердің немесе ұйым — борышкердің мүлкі, мүліктік міндеттемелері, мүлік туралы мәліметтер, оның мөлшері, орналасқан жері, мүлік туралы өзге де ақпарат, бухгалтерлік және өзге де есепке алу құжаттары, экономикалық қызметін көрсететін құжаттар табылады.

Түсіндіріліп отырған қылмыстық құқық бұзушылықтың нысанасы, кредитор, мүлік туралы мәліметтер, бухгалтерлік және өзге де құжаттар ұғымдарының анықтамалары ҚР ҚК-нің 237-бабындағы ұқсас ұғымдармен бірдей (ҚК-нің 237-бабына түсініктемені қараңыз).

ҚР ҚК-нің 239-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының объективтік жағы әрекетпен, салдармен және қылмыстық құқық бұзушылықты жасау уақытымен сипатталады.

Әрекет баламалы түрде мынадай әрекеттердің (әрекетсіздіктің) кез келгенін жасаудан көрінеді:

  1. мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік туралы мәліметтерді, оның мөлшерін, орналасқан жерін не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру;
  2. мүлікті өзге біреудің иелігіне беру;
  3. мүлікті иеліктен шығару немесе жою;
  4. бухгалтерлік және (немесе) есепке алу құжаттамасын не экономикалық қызметті көрсететін өзге де құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау.

Аталған әрекеттердің (әрекетсіздіктің) түрлері ҚК-нің 237-бабында көзделген қылмысты талдау кезінде қарастырылған (ҚР ҚК-нің 237-бабына түсініктемені қараңыз).

Талданып отырған қылмыстық құқық бұзушылық құрамының объективтік жағының міндетті белгісі болып табылатын салдар — ірі залалға әкеп соққан төлем қабілетсіздігіне жеткізу болып табылады. Демек, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы өзінің құрылымы бойынша материалдық болып табылады. Бұл залал бір кредиторға келтірілген залал түрінде көрінуі немесе бірнеше не көптеген кредиторларға келтірілген жиынтық залал ретінде қалыптасуы мүмкін. ҚК-нің 3-бабының 38) тармағына сәйкес, ірі залал деп азаматқа айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын мөлшерде келтірілген залалды не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын мөлшерде келтірілген залалды түсіну керек.

ҚР ҚК-нің 239-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстың объектісі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, банктің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.

Объективтік жағынан қылмыс қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкерінің, жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушының (ірі акционердің), қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) — заңды тұлғаның басшысының, басқару органының мүшесінің, атқарушы органының басшысының, мүшесінің, бас бухгалтерінің, сондай-ақ қаржы ұйымының басқару органы немесе атқарушы органының функцияларын уақытша не арнайы өкілеттік бойынша орындайтын адамдардың қаржы ұйымының мәжбүрлеп таратылуына не банктің төлем қабілетсіз банктер санатына жатқызылуына әкеп соққан қасақана әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) сипатталады.

Қылмыс құрамы өзінің құрылымы бойынша материалдық болып табылады. Түсіндіріліп отырған бап бойынша қылмыстық жауаптылықтың міндетті шарты қаржы ұйымының мәжбүрлеп таратылуына не банктің төлем қабілетсіз банктер санатына жатқызылуына әкеп соққан төлем қабілетсіздігі түріндегі салдардың туындауы болып табылады.

Қылмыстың міндетті белгісі болып кінәлі адамның әрекеті (әрекетсіздігі) мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, банктің төлем қабілетсіздігі түріндегі салдардың туындауы арасындағы себепті байланыс табылады.

Борышкерді мәжбүрлеп тарату дегеніміз — кредиторлардың, прокурордың өтініштері негізінде сот шешімі бойынша жүзеге асырылатын дәрменсіз борышкер қызметінің тоқтатылуы. Дәрменсіздік — борышкердің кредиторлардың ақшалай міндеттемелер бойынша талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуға, бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді қамтамасыз етуге қабілетсіздігінің сотпен белгіленуі.

ҚР Жоғарғы Сотының «Оңалту және банкроттық туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы» нормативтік қаулысының 11-тармағының 5-абзацына сәйкес, борышкер — заңды тұлғаның дәрменсіздігін анықтау өлшемшарты оның төлем қабілетсіздігі болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 71-бабына сәйкес, екінші деңгейдегі банктерді банкрот деп тану үшін төлем қабілетсіздігі белгісінің болуы қажет. Бұл ретте борышкер банктің төлем қабілеттілігі пруденциялық нормативтер мен сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді есептеу әдістемесін, банк капиталының мөлшерін ескере отырып, тек ҚР Ұлттық Банкімен айқындалады, яғни кешенді бағалауды заңмен уәкілеттік берілген тұлға жүзеге асырады.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің дәрменсіздігі деп борышкердің маусымдықтың кезекті циклі ішінде кредиторлардың ақшалай міндеттемелер бойынша талаптарын өзіне тиесілі мүлік есебінен қанағаттандыруға қабілетсіздігін түсінеміз. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің дәрменсіздігін белгілеу кезінде орындалу мерзімі өткен жылдың алдындағы жылдан ерте басталмаған міндеттемелер ескеріледі.

«Оңалту және банкроттық туралы» Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес, борышкердің оны банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы сотқа өтініш беруінің негізі оның тұрақты төлем қабілетсіздігі болып табылады. Борышкердің міндеттемелері сотқа өтініш берілген күнгі және өтініш берілген жылдың басындағы мүлкінің құнынан, сондай-ақ өтініш күнтізбелік жылдың бірінші тоқсанында берілген жағдайда, өтініш берілген жылдан бұрынғы жылдың басындағы мүлкінің құнынан асып кеткен кезде төлем қабілетсіздігі тұрақты болып табылады.

Аталған Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес, кредитордың борышкерді банкрот деп тану және оны банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы сотқа өтініш беруінің негізі, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, соттың заңды күшіне енген актісі немесе борышкерден ақшаны өндіріп алу туралы атқарушылық құжат негізінде кредитор алдындағы борышкердің орындалмаған ақшалай міндеттемесі не борышкердің борышты мойындауы болып табылады.

Салықтар мен кедендік төлемдер бойынша кредитордың борышкерді банкрот деп тану және оны банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы сотқа өтініш беруінің негізі салықтық және кедендік заңнамада айқындалатын тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шаралары қабылданғаннан кейін борышкердің салық берешегінің, сондай-ақ кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар бойынша берешегінің өтелмеуі болып табылады.

Қылмыстың субъектісі болып есі дұрыс, он алты жасқа толған адам табылады. Сонымен қатар, оның субъектісі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, банктің ірі қатысушысы — заңды тұлғаның бірінші басшысы не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, банктің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басқару органы немесе атқарушы органының функцияларын тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша орындайтын адам болуы мүмкін (қылмыс субъектісі туралы ҚР ҚК-нің 238-бабының 2-бөлігіне түсініктемені қараңыз).

Субъективтік жағынан қылмыс қасақана жасалады. Кінәлі адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, банктің төлем қабілетсіздігіне алып келген әрекеттерді (әрекетсіздікті) қасақана жасап отырғанын сезінеді, аталған ұйымдардың мәжбүрлеп таратылу мүмкіндігін немесе болмай қоймайтынын алдын ала біледі және олардың орын алуын қалайды не қаламаса да, оған саналы түрде жол береді немесе оған немқұрайлы қарайды.

ҚР ҚК-нің 239-бабының 1-бөлігінде көзделген әрекет қылмыстық теріс қылыққа жатады.

ҚР ҚК-нің 239-бабының 2-бөлігінде көзделген әрекет ауыр қылмысқа жатады.

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме авторы — Исидор Шамилович Борчашвили, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі мен ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

 

239-бап. Төлем қабiлетсiздiгiне дейiн жеткiзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

239-бап. Төлем қабiлетсiздiгiне дейiн жеткiзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Мүлкін немесе мүліктік міндеттемелерін, мүлкі, оның мөлшері, орналасқан жері...

Толық оқу »

2-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

2-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасыҚазақстан Республикасы азаматтарыны...

Толық оқу »

Оңалту рәсімін қолдану үшін бір мезгілде екі белгінің болуы қажет:1) борышкердің төлем қабілетсіздігі немесе оның төлем қабілетсіздігі қаупі; 2) оның төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің нақты мүмкіндігі

Оңалту рәсімін қолдану үшін бір мезгілде екі белгінің болуы қажет:1) борышкердің төлем қабілетсіздігі немесе оның төлем қабілетсіздігі қаупі; 2) оның төлем қабілеттілігін қалп...

Толық оқу »

Егер борышкер сот талқылауы барысында оның төлем қабілетсіздігі не орындалу мерзімі таяудағы он екі айда басталатын ақшалай міндеттемелерді орындау мүмкін доказстігі дәлелденбеген жағдайда оңалту рәсімін қолдану.

Егер борышкер сот талқылауы барысында оның төлем қабілетсіздігі не орындалу мерзімі таяудағы он екі айда басталатын ақшалай міндеттемелерді орындау мүмкін доказстігі дәлелденб...

Толық оқу »

355-бапқа түсініктемелер. Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы туралы, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің заңды тұлғаларын жеделдетілген оңалту және оңалту туралы істерді қарау

355-бапқа түсініктемелер. Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы туралы, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодекс...

Толық оқу »

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру борышкердің оған төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы өтініші

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру борышкердің оған төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы өтінішіСоттылық.АІЖК-нің 27-бабының 1-тармағына сәйкес дара кәсіпкерл...

Толық оқу »