Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 325-бабына түсініктеме. Экологиялық тұрғыдан ықтимал қауіпті химиялық немесе биологиялық заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 325-бабына түсініктеме. Экологиялық тұрғыдан ықтимал қауіпті химиялық немесе биологиялық заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 325-бабына түсініктеме. Экологиялық тұрғыдан ықтимал қауіпті химиялық немесе биологиялық заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу

1. Экологиялық тұрғыдан ықтимал қауіпті химиялық немесе биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе олармен өзге де жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл әрекет қоршаған ортаға елеулі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса не адамның денсаулығына зиян келтірсе, —

бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Қоршаған ортаға ірі залал келтірген немесе ірі залал келтіру қаупін туғызған, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол іс-әрекет —

үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адамның өліміне не адамдардың жаппай ауруға шалдығуына әкеп соққан іс-әрекеттер —

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңының 6-бабының 18-тармағына сәйкес, ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің бірі экологиялық жағдайдың, оның ішінде ауыз су сапасының күрт нашарлауы, табиғи және техногендік сипаттағы дүлей зілзалалар мен өзге де төтенше жағдайлар, эпидемиялар мен эпизоотиялар болып табылады.

Қарастырылып отырған қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігі (1-бөлігі — қылмыстық теріс қылық, 2 және 3-бөліктері — қылмыстар) оның экологиялық қауіпсіздікке нұқсан келтіруінен, қоршаған ортаға, адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруінен, адамдардың жаппай ауруға шалдығуына әкеп соғуынан көрінеді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі — экологиялық қауіпсіздік. «Экологиялық қауіпсіздік» ұғымы ҚК-нің 324-бабында көзделген экологиялық қылмысты талдау кезінде зерттелген.

Қосымша объектілері болып адамның өмірі мен денсаулығы, тіршілік ету ортасы және жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің өміршеңдігі және т.б. табылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың нысанасы ретінде экологиялық тұрғыдан ықтимал қауіпті химиялық немесе биологиялық заттар танылады.

Химиялық заттарға ыдырауға ұшырамайтын және адам ағзасы мен қоршаған табиғи ортаға белсенді түрде әсер ететін уытты химиялық препараттар; ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын зиянды химиялық заттар (өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдары, минералдық тыңайтқыштар, биостимуляторлар) жатады.

Биологиялық заттар деп белгілі бір тірі организмдер топтарына (ең алдымен адамға, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарларға) немесе олардың жасушаларының жекелеген топтарына қатысты аз концентрацияларда жоғары физиологиялық белсенділікке ие химиялық заттар танылады. Заттардың физиологиялық белсенділігі оларды медициналық мақсатта пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан да, адам организмінің қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз ету немесе организмдер тобына ерекше қасиеттер беру (мысалы, мәдени өсімдіктердің ауруларға төзімділігін арттыру) тұрғысынан да қарастырылуы мүмкін.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағын экологиялық тұрғыдан ықтимал қауіпті химиялық немесе биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе олармен өзге де жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл әрекеттер қоршаған ортаға елеулі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса не адамның денсаулығына зиян келтірсе, сондай-ақ экологиялық талаптарды бұзу мен туындаған зардаптар арасындағы себепті байланыс құрайды.

Ықтимал қауіпті химиялық, биологиялық заттарды, оның ішінде генетикалық түрлендірілген организмдер мен өнімдерді өндіру және пайдалану кезінде мыналар қамтамасыз етілуге тиіс:

оларды өндіру, сақтау, тасымалдау және пайдалану процесінде қоршаған ортаға шекті жол берілетін әсер ету нормативтерінің белгіленген талаптарын орындау;

оларды қолданудың халықтың (адамның) денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды салдарының алдын алу жөніндегі шараларды орындау.

Ықтимал қауіпті химиялық немесе биологиялық заттарды өндіру кезінде экологиялық талаптарды бұзу деп өндірістік және өзге де кәсіпорындарды пайдалану барысында жоғарыда сипатталған экологиялық тұрғыдан ықтимал қауіпті химиялық немесе биологиялық заттар пайда болатын (түзілетін) жағдайларды түсіну қажет.

Тасымалдау деп ҚК-нің 325-бабында көрсетілген заттарды оларды тасымалдау тәсілі мен сақтау орнына қарамастан кез келген жолмен (құбыржол, теміржол, автомобиль, көлікке жегілген жануарлар, су, әуе көлігі арқылы) орын ауыстыруды түсіну қажет.

Сақтау деп экологиялық қауіпті заттарды адамның иелігінде (өзінде, өндірістік үй-жайда, қоймада, жасырын жерде және т.б.) ұстауға байланысты кез келген әрекеттерді түсіну қажет.

Көму заттар мен қалдықтарды суға немесе топыраққа түсіріп, сол жерде қалдырудан тұрады.

Пайдалану деп адамдар мен қоршаған орта үшін олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қағидаларды бұза отырып, экологиялық қауіпті заттарды қолдануды түсіну қажет.

Экологиялық тұрғыдан ықтимал қауіпті химиялық немесе биологиялық заттармен өзге де жұмыс істеу деп оларды құзыретті органдардың рұқсатынсыз және қоғамдық тәртіпті бұза отырып сатып алуды, беруді, есептен шығаруды, лақтыруды, жоюды түсіну қажет.

Түсіндіріліп отырған баптың 1-бөлігінің диспозициясына сәйкес экологиялық нормаларды бұзу, егер бұл әрекет қоршаған ортаға елеулі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса не адамның денсаулығына зиян келтірсе, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Қоршаған ортаға елеулі залал келтіру қаупі деп қоршаған табиғи ортаның сапасының нашарлау мүмкіндігін, жануарлар мен өсімдіктердің ауруға шалдығу мүмкіндігін түсіну қажет.

Құрылымы бойынша осы экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы материалдық-формальдық болып табылады, яғни қоршаған ортаға елеулі залал келтірілген немесе адамның денсаулығына зиян келтірілген жағдайда ол материалдық құрам деп танылады және тиісінше экологиялық талаптарды бұзу кезінде зиянды зардаптар туындамағанымен, қоршаған ортаға елеулі залал келтіруі мүмкін болған жағдайларда формальдық құрам деп танылып, аяқталған болып есептеледі.

ҚК-нің 3-бабының 2) тармағына сәйкес, қоршаған ортаға келтірілген елеулі залал деп қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіруге қажетті шығындардың бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі немесе одан асатын ақшалай көрінісін тану қажет.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы «Соттардың кейбір экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 18-тармағында: «ҚК-нің 325, 326, 328-баптарының бірінші бөлігі, 335-бабы бірінші бөлігінің 1) тармағы, 337-бабы үшінші бөлігінің 3) тармағы және 342-бабы бірінші бөлігі бойынша қоршаған ортаға келтірілген елеулі залал деп адамның денсаулығына зиян келтіруді, қоршаған ортаның, демалыс аймақтарының сапасының едәуір нашарлауын, жануарлардың жаппай ауруға шалдығуын, балық қорларының, өзге де су өсімдіктері мен организмдерінің едәуір көлемде азаюын немесе жойылуын, өсімдіктер мен орман алқаптарының ауруға шалдығуын, жер құнарлылығының едәуір нашарлауын, адамдардың жаппай ауруға шалдығуын, сондай-ақ жою үшін бір жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде шығындарды талап ететін өзге де зардаптарды түсіну қажет», — деп көрсетілген.

«Адам денсаулығына зиян келтіру» ұғымы ҚК-нің 324-бабының 1-бөлігіне берілген түсініктемеде талданған.

Экологиялық талаптарды бұзу мен туындаған қоғамдық қауіпті зардаптар арасында қажетті себепті байланыс анықталуға тиіс.

Субъективтік жағынан қарастырылып отырған экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық тікелей немесе жанама қасақаналық түріндегі кінәмен сипатталады. Адам экологиялық тұрғыдан ықтимал қауіпті химиялық немесе биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе олармен өзге де жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзатынын сезінеді, қоғамдық қауіпті зардаптардың туындау мүмкіндігін немесе болмай қоймайтынын алдын ала біледі, олардың туындауын қаламайды, бірақ оған саналы түрде жол береді не оларға немқұрайды қарайды. Қасақаналықтың еріктілік сәті елеулі залал келтіруге саналы түрде жол беруден немесе оған немқұрайды қараудан көрінеді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі химиялық немесе биологиялық заттармен операциялар жасау кезінде тиісті нормативтік құқықтық актілермен міндеттер жүктелген, 16 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға болуы мүмкін.

Егер көрсетілген әрекеттерді жеке тұлға, мысалы, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысатын адам жасаса, ол ҚК-нің 325-бабы бойынша және радиоактивті заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істегені үшін (ҚК-нің 283-бабы) жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Экологиялық тұрғыдан ықтимал қауіпті химиялық немесе биологиялық заттарды өндіруді, тасымалдауды, сақтауды, көмуді, пайдалануды немесе олармен өзге де жұмыс істеуді қамтамасыз ететін тұлғалардың қызметін бақылау жөніндегі қызметтік міндет жүктелген, осы міндетті орындаудан жалтарған лауазымды адамдар ҚК-нің 325-бабының 2, 3-бөліктерінде көрсетілген зардаптар туындаған жағдайда ҚК-нің 371-бабы «Салғырттық» бойынша да қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс.

ҚК-нің 325-бабының 2-бөлігінде экологиялық тұрғыдан ықтимал қауіпті химиялық немесе биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе олармен өзге де жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзғаны үшін, егер бұл әрекет қоршаған ортаға ірі залал келтірсе немесе ірі залал келтіру қаупін туғызса, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалса, жауаптылық белгіленген.

ҚК-нің 3-бабының 38) тармағына сәйкес, қоршаған ортаға келтірілген ірі залал деп қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіруге қажетті шығындардың бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақшалай көрінісін тану қажет.

Қоршаған ортаға ірі залал келтіру қаупі деп қоршаған ортаға зиян келтірудің немесе осындай жағдайдың не осындай мән-жайлардың туындауының нақты қаупінің болуын түсіну қажет. Мұндай жағдайлар, егер олар кінәлі адамның еркіне байланысты емес қабылданған шаралармен немесе өзге де мән-жайлармен уақтылы алдын алмаған жағдайда, қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соғуы мүмкін.

Экологиялық заңнаманы бұзумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылық жасалған аумақтың ерекше қорғалатын табиғи аумақ немесе төтенше экологиялық жағдай аумағы болып табылатынын анықтау кезінде (ҚК-нің 325, 326, 328, 332-баптарының 2-бөліктері, 335-бабы 3-бөлігінің 6) тармағы, 337-бабы 4-бөлігінің 1) тармағы, 340-бабы 3-бөлігінің 4) тармағы) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейтін және айқындайтын Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі мен Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының ережелерін басшылыққа алу қажет (Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының 4-тармағы).

Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 1-бабының 3) тармағына сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумақ — мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері орналасқан, олар үшін ерекше қорғау режимі белгіленген жер, су объектілерінің және олардың үстіндегі әуе кеңістігінің учаскелері.

Төтенше экологиялық жағдай — антропогендік қызмет немесе табиғи процестер нәтижесінде қоршаған ортаның тұрақты теріс өзгерістері орын алып, адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына, табиғи экологиялық жүйелердің, өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық қорларының жай-күйіне қауіп төндіретін аумақтың немесе акваторияның учаскесінде қалыптасқан экологиялық жағдай (ЭК-нің 404-бабының 1-тармағы). Осы тармақтың мақсаттары үшін халықтың денсаулығына төнетін қауіп деп қоршаған ортаның ластануымен байланысты денсаулықтың қайтымды бұзылулары жиілігінің артуы түсініледі (ЭК-нің 404-бабының 1-тармағы).

Экологиялық кодексте экологиялық апат деген ұғым да қолданылатынын ескеру қажет. Экологиялық апат деп антропогендік қызмет немесе табиғи процестер нәтижесінде қоршаған ортаның терең әрі қайтымсыз өзгерістері орын алып, соның салдарынан халық денсаулығының едәуір нашарлауына, табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуына және (немесе) өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан аумақ учаскесінде қалыптасқан экологиялық жағдай түсініледі (ЭК-нің 404-бабының 2-тармағы).

Халық денсаулығының едәуір нашарлауы деп қоршаған ортаның ластануынан туындаған денсаулықтың қайтымсыз және өмірмен сыйыспайтын бұзылулары санының артуын, өлім себептері құрылымының өзгеруін және өзіне тән аурулардың пайда болуын, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануымен байланысты денсаулықтың қайтымды бұзылулары жиілігінің едәуір артуын түсіну қажет.

ҚК-нің 325-бабының 2-бөлігінде көзделген экологиялық қылмыс құрамының құрылымы бойынша материалдық-формальдық болып табылатынын атап өткен жөн, яғни қоршаған ортаға ірі залал келтірілген жағдайда ол материалдық құрам деп танылады және тиісінше экологиялық талаптарды бұзу кезінде зиянды зардаптар туындамағанымен, қоршаған ортаға ірі залал келтіру қаупін туғызған (ҚК-нің 324-бабының 1-бөлігіне берілген түсініктемені қараңыз) немесе төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған жағдайларда формальдық құрам деп танылып, аяқталған болып есептеледі.

ҚК-нің 325-бабының 3-бөлігінде аса саралаушы белгілер көзделген. Оларға қоршаған ортаға аса ірі залал келтіру не адамның өлімі не адамдардың жаппай ауруға шалдығуы жатады.

Аталған ерекше ауырлататын белгілер ҚК-нің 324-бабының 2-бөлігінде көзделген экологиялық қылмысты талдау кезінде қарастырылған.

ҚК-нің 325-бабының 1-бөлігінде көзделген әрекет қылмыстық теріс қылыққа жатады.

ҚК-нің 325-бабының 2-бөлігінде көзделген әрекет ауырлығы орташа қылмыстарға жатады.

ҚК-нің 325-бабының 3-бөлігінде көзделген әрекет ауыр қылмыстарға жатады.

**Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме, авторы — Исидор Шамилович Борчашвили, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі мен ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ІІМ қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес беру Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

277-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК шаруашылық және өзге де қызметіне қойылатын экологиялық талаптарды бұзу

277-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК шаруашылық және өзге де қызметіне қойылатын экологиялық талаптарды бұзу Табиғи ресурстарды пайдалану,...

Толық оқу »

326-бап. Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттермен немесе уытты заттармен жұмыс iстеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

326-бап. Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттермен немесе уытты заттармен жұмыс iстеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Рес...

Толық оқу »

344-бап. Қалдықтарды басқару жөніндегі экологиялық талаптарды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

344-бап. Қалдықтарды басқару жөніндегі экологиялық талаптарды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі  1. Қазақстан Республикасының экология за...

Толық оқу »

278-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК экологиялық ықтимал қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптарды бұзу

278-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК экологиялық ықтимал қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру және пайдалану кез...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 324-бабына түсініктеме. Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 324-бабына түсініктеме. Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу1. Табиғи ресурстарды пайдалану, кә...

Толық оқу »

347-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде экологиялық нормалар мен қағидаларды бұзу

347-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде экологиялық нормалар...

Толық оқу »

347-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезiнде экологиялық талаптарды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

347-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезiнде экологиялық талаптарды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1....

Толық оқу »

324-бап. Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

324-бап. Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Табиғи ресурстарды пайдалану, кәсiпорынд...

Толық оқу »

325-бап. Экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

325-бап. Экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республ...

Толық оқу »