Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-2-бабына түсініктеме. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-2-бабына түсініктеме. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-2-бабына түсініктеме. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану

1. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторына, қорықшыға немесе олардың жақындарына қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кек алу мақсатында өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану не күш қолданамын деп қорқыту —

үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану —

бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген іс-әрекет:

1) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

2) кінәлі адамға көрінеу дәрменсіз күйде тұрған адамға қатысты, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;

3) аса қатыгездікпен;

4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

5) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатында;

6) бірнеше рет;

7) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;

8) төтенше жағдай кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;

9) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізілетін аймақта жасалған болса, —

жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚК-нің 380-2-бабында көзделген қылмыстың қоғамдық қауіптілігі осы іс-әрекеттің жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторы, қорықшы тұлғасында мемлекеттік билік органдарының заңды қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіруінен, көбінесе олардың қызметтік қызметін жүзеге асыруын мүмкін етпейтіндей жағдайға жеткізуінен көрінеді. Бұл ретте мемлекеттік биліктің беделіне нұқсан келтіріледі, сондай-ақ аталған адамдардың және олардың жақындарының денсаулығына және тәніне қол сұғылмаушылығына қол сұғылады.

Қызметтік міндеттерін атқарып жүрген жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторына, қорықшыға қол сұғу ашық өрескелдігімен сипатталады, жеке адамға қатысты күш қолданумен, аталған адамның қызметінің мазмұнын өзгертуге, бұзуға ұмтылумен қатар жүреді, бұл оның қоғамдық қауіптілігін арттырады.

Түсіндіріліп отырған қылмыстың объектісі басқару органдарының және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторларының, қорықшылардың қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қосымша объект ретінде жоғарыда аталған қызметкерлер мен олардың жақындарының денсаулығын қорғауға кепілдік беретін қоғамдық қатынастар танылады.

ҚК-нің 380-2-бабында көзделген қылмыстан жәбірленушілер жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар; жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторлары; қорықшылар және олардың жақындары болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңына сәйкес, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторы — жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар.

Жоғарыда аталған Заңның 52-бабының 1-тармағына сәйкес: «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:

  1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарының сақталуын бақылау мақсатында объектілерге баруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметі туралы ақпарат алуға;
  2. осы Заңда берілген өкілеттіктер шегінде актілер шығаруға;
  3. тексеру материалдарын процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына беруге;
  4. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу нәтижесінде келтірілген зиян мөлшерін айқындауға және осының негізінде кінәлі адамдарға осы зиянды ерікті түрде өтеу туралы талаптар қоюға не сотқа талап қоюға;
  5. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға;
  6. аңшылық алқаптардың, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің аумақтарында және олардың жағалау белдеуінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және олардан шыққан кезде көлік және жүзу құралдарын тоқтатуға, оларды қарап-тексеруге;

7-1) су тарту және су ағызу құрылыстарында балық қорғау құрылғыларының болуына және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарап-тексеруді жүзеге асыруға;

7-2) аңшылық алқаптарда және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, жағалау белдеуінде жүрген адамдардан, сондай-ақ олардан шыққан кезде жануарлар дүниесін пайдалану құқығына арналған құжаттарды тексеруге;

  1. жануарлар дүниесі объектілерін аулауға тыйым салынған құралдардың түрлерін сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтауға алып қоюға;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілерін және олардың тіршілік әрекеті өнімдерін алып қоюға;
  3. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтауға алып қоюға;
  4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы құралдар мен қызметтік қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар».

Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 1-бабының 64) тармақшасына сәйкес, қорықшы — бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асыратын қорықшылық қызметтің арнайы уәкілеттік берілген адамы.

Жоғарыда аталған Заңның 56-бабының 2-тармағына сәйкес: «Қорықшының:

  1. оларды кейіннен уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне міндетті түрде беру үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауға;
  2. қызметтік қару мен айырым белгілері бар арнайы киімді алып жүруге;
  3. жеке және заңды тұлғалардан аң аулау және балық аулау құқығына арналған құжаттарды тексеруге;
  4. аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін атыс қаруын алып қоюға және оны кейіннен ішкі істер органдарына міндетті түрде беруге;
  5. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған аулау құралдарын, заңсыз ауланған аңшылық және балық аулау өнімдерін, аулауға тыйым салынған құралдардың түрлерін жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға кейіннен міндетті түрде беру үшін алып қоюға құқығы бар».

ҚК-нің 380-2-бабында көзделген қылмыстың объективтік жағы жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторына, қорықшыға немесе олардың жақындарына қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кек алу мақсатында өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданудан не күш қолданамын деп қорқытудан көрінеді.

Зорлық-зомбылық дегеніміз — біреуге қатысты дене күшін қолдану; біреуге мәжбүрлеу арқылы ықпал ету; қысым көрсету, заңсыздық. Әдетте зорлық-зомбылық бір адамның екінші адамға физикалық немесе психикалық ықпал етуі болып табылады. Физикалық зорлық-зомбылық деп ұрып-соғу, дене жарақаттарын салу түсініледі. Психикалық зорлық-зомбылық деп адамның психикасына қасақана ықпал ету, қорқыту, қорлау, бопсалау арқылы оның ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсіту түсініледі. Психикалық зорлық-зомбылық жәбірленушіні физикалық зорлық-зомбылық қолданумен үрейлендіру, қорқыту құралы ретінде пайдаланылады. Ол көбінесе белгілі бір ауызша мәлімдемелер, ым-ишаралар, қаруды немесе басқа да заттарды көрсету арқылы сөзсіз жазалау болатыны туралы әсер қалыптастырудан көрінеді.

Өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану деп ұрып-соғуды немесе дене ауырсынуын келтірген өзге де күш қолдану әрекеттерін түсіну қажет. Күш қолданудың бұл нысаны денсаулықтың қысқа мерзімді бұзылуына немесе еңбекке қабілеттіліктің болмашы тұрақты жоғалуына не өзге де неғұрлым ауыр зардаптарға әкеп соқпауға тиіс.

Күш қолданамын деп қорқыту деп кінәлі адамның жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторына, қорықшыға немесе олардың жақындарына қатысты күш қолдануға (өлімге әкеп соғу немесе денсаулыққа зиян келтіру) шынайы ниетін білдіретін сөздері, үрейлендіруі немесе өзге де әрекеттері түсініледі. Бұл ретте жәбірленуші аталған қорқытуды шынайы деп қабылдауға тиіс.

Жасалған әрекетті саралау үшін кінәлі адамның қорқытуды іске асыруға ниеттенген-ніеттенбегені маңызды емес. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторына, қорықшыға немесе олардың жақындарына қатысты күш қолданамын деп қорқытудың кез келген түрі ҚК-нің 380-2-бабының 1-бөлігімен қамтылады және қорқыту үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін ҚК-нің 115-бабы бойынша қосымша саралауды қажет етпейді.

«Қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты» деген ұғымды ашу үшін «қызметтік міндет» деген анықтамаға түсінік беру қажет. Қызмет — қандай да бір лауазымды атқаруға байланысты іс-әрекеттер жиынтығы. Міндет — сөзсіз орындалуға тиіс нәрсе. Осылайша, қызметтік міндет — басқару жүйесінің мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған және міндетті түрде орындалуға тиіс қызметкер әрекеттерінің жиынтығы.

Айта кету керек, «қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты» деген тіркес өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту себебінің жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторының, қорықшының бұрынғы қызметтік қызметімен, жалпы алғанда, аталған адамдарға деген өшпенділікпен байланысты екенін білдіреді. Демек, «қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты» деген тіркес жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторына, қорықшыға олардың лауазымдық міндеттерін атқару кезінде күш қолдануды да, сондай-ақ олар бұл міндеттерді атқармай жүрген кезде күш қолдануды да қамтиды. Яғни қарастырылып отырған қылмыстық құқық бұзушылық аталған адамдар өздерінің қызметтік міндеттерін тікелей атқарып жүрмеген кезде де жасалуы мүмкін, бірақ өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану немесе оны қолдану қатері осы міндеттерді атқаруына байланысты туындайды. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторының, қорықшының қызметтік міндеттерін атқаруы мен оларға немесе олардың жақындарына қатысты физикалық немесе психикалық күш қолдану арасындағы уақыт алшақтығы бұл жағдайда саралауға әсер етпейді.

«Қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кек алу мақсатында» деген тіркес өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту себебінің жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторының, қорықшының бұрынғы қызметтік қызметімен (жалпы алғанда, аталған адамдарға деген өшпенділікпен) байланысты екенін білдіреді.

Тиісінше, ҚК-нің 380-2-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлінің әрекеттері жәбірленушіден тек оның қызметтік міндеттерінен туындайтын заңды әрекеттері үшін ғана кек алған жағдайда саралануға жатады. Егер өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту жәбірленушінің құқыққа қайшы әрекеттері үшін кек алу ниетімен жасалса, онда адам ҚР ӘҚБтК-нің «Ұрып-соғу» деп аталатын 73-2-бабының 1-бөлігіне сәйкес тек әкімшілік жауаптылыққа ғана тартылады.

ҚК-нің 380-2-бабында көзделген қылмыс құрамы өзінің құрылымы бойынша формальдық болып табылады. Қылмыс жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторына, қорықшыға немесе олардың жақындарына қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты физикалық және психикалық күш қолдану сәтінен бастап аяқталған болып есептеледі. Жасалған әрекетті саралау үшін жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторының, қорықшының қалыпты қызметінің нақты бұзылған-бұзылмағаны маңызды емес.

Қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты бірнеше жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторды, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторларын, қорықшыларды бір мезгілде, бір жерде, бір ниетпен қорқытқан адамның әрекеттері біртұтас қылмысты құрайды және түсіндіріліп отырған бір бап бойынша сараланады.

Түсіндіріліп отырған қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі өзінің жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторына, қорықшыға (олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты) немесе олардың жақындарына қатысты күш қолданып жатқанын сезінеді, қоғамдық қауіпті зардаптардың туындау мүмкіндігін немесе болмай қоймайтынын алдын ала біледі және олардың туындауын қалайды.

Айта кету керек, «қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты» және «қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кек алу мақсатында» деген терминдер объективтік жақтың ғана емес, субъективтік жақтың да белгілері болып табылады деп айтуға болады. Олар өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту фактісінің жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторының, қорықшының өз қызметтік міндеттерін атқару фактісімен уақыт пен кеңістік тұрғысынан байланысты екенін білдіреді. Субъективтік жағынан өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданудың немесе оны қолданамын деп қорқытудың себебі дәл заңды қызметтік қызмет болғанын дәлелдеу қажет.

ҚК-нің 380-2-бабында көзделген қылмыстың субъектісі есі дұрыс, он алты жасқа толған кез келген адам болуы мүмкін.

ҚК-нің 380-2-бабының 2-бөлігі жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторына, қорықшыға немесе олардың жақындарына қатысты өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылық белгілейді.

Денсаулыққа келтірілген зиян ҚР Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі «Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерін ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында келтірілген медициналық өлшемшарттар негізінде ашылады.

Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесі тек сот-медициналық сараптама арқылы белгіленеді.

Өмірі мен денсаулығына қауіпті зиян деп әртүрлі сыртқы факторлардың әсері нәтижесінде пайда болған, жәбірленушінің өміріне қауіп төндіруі және өліммен аяқталуы мүмкін дене жарақаттарын да, патологиялық жағдайларды да есептеу қажет.

Өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану кезінде жәбірленушіге кез келген ауырлық дәрежесіндегі зиян келтірілуі мүмкін: ауыр, ауырлығы орташа және жеңіл.

Адам денсаулығына ауыр, ауырлығы орташа және жеңіл зиян келтіру белгілері тиісінше ҚК-нің 3-бабының 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген.

Жеңіл, ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіру ҚК-нің 380-2-бабының 2-бөлігімен қамтылады және ҚК-нің 106, 107, 108-баптары бойынша қосымша саралауды қажет етпейді.

Түсіндіріліп отырған баптың 2-бөлігі бойынша зиян келтірмегенімен, күш қолдану сәтінде жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану да сараланады.

ҚК-нің 380-2-бабының 3-бөлігі жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторына, қорықшыға немесе олардың жақындарына қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кек алу мақсатында өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданғаны үшін, егер ол:

  1. екі немесе одан да көп адамға қатысты;
  2. кінәлі адамға көрінеу дәрменсіз күйде тұрған адамға қатысты, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;
  3. аса қатыгездікпен;
  4. адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
  5. басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатында;
  6. бірнеше рет;
  7. көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
  8. төтенше жағдай кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;
  9. төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізілетін аймақта жасалған жағдайда жауаптылық белгілейді.

Жоғарыда аталған ерекше саралаушы белгілерге егжей-тегжейлі талдау ҚК-нің 380-бабына берілген түсініктемеде жасалған.

ҚК-нің 380-2-бабының 1-бөлігінде көзделген әрекет орташа ауырлықтағы қылмыстарға жатады.

ҚК-нің 380-2-бабының 2, 3-бөліктерінде көзделген әрекеттер ауыр қылмыстарға жатады.

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері Исидор Шамилұлы Борчашвилидің авторлығымен.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заң қызметі Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

 

12-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегiнегiзгi талаптар 3-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

12-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегiнегiзгi талаптар 3-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғауЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы      1. Жану...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-1-бабы. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторының, қорықшының өміріне қол сұғу туралы түсініктеме

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-1-бабы. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекет...

Толық оқу »

380-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

380-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Құқық қорғ...

Толық оқу »

380-2-бап. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

380-2-бап. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану Қ...

Толық оқу »

2-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдары Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

2-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарыЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы За...

Толық оқу »

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы құзыретi Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласы...

Толық оқу »

7-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқарудың ерекшелiктерi Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

7-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқарудың ерекшелiктерiЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн м...

Толық оқу »

2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы Осы Заңның негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: 1) мемлекеттік фельдъегерлік байлан...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін бекіту туралыҚазақстан Респу...

Толық оқу »

Үкіметаралық фельдегерлік байланыс туралы келісімге Түзетулер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы

Үкіметаралық фельдегерлік байланыс туралы келісімге Түзетулер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 5 шілде N 67-ІІМәскеуде 1997 жылғы...

Толық оқу »

16-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік кепілдіктер Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

16-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік кепілдіктерМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы     1. Осы Заңда ж...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері антының мәтінін және ант беру тәртібін бекіту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері антының мәтінін және ант беру тәртібін бекі...

Толық оқу »

144-бап. Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбегін реттеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

144-бап. Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбегін реттеу Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

215-бап. Әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

215-бап. Әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын о...

Толық оқу »

7-бап.  Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және көлік ұйымдарымен өзара іс-қимылы Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

7-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және көлік ұйымдарымен өзара іс-қимылыМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы З...

Толық оқу »

3-бап.  Мемлекеттік фельдъегерлік байланыстың міндеттері Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

3-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік байланыстың міндеттеріМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы 1. Мемлекеттік фельдъегерлік байланыстың міндеттері мыналар болып табылад...

Толық оқу »

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы заңнамасы Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

   4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы заңнамасыМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік...

Толық оқу »

15-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің жауаптылығы Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

15-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің жауаптылығыМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы      Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері өзде...

Толық оқу »

14-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің жеке қауіпсіздігінің және құқықтық қорғалуының кепілдігі Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

14-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің жеке қауіпсіздігінің және құқықтық қорғалуының кепілдігіМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы      1. Мемлек...

Толық оқу »

10-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің кадрлық құрамы Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

10-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің кадрлық құрамыМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы      1. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің кадрлық құрамын ішкі істер...

Толық оқу »

13-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің құқықтық жағдайы Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

13-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің құқықтық жағдайыМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы     1. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерле...

Толық оқу »

5-бап.  Мемлекеттік фельдъегерлік байланысты ұйымдастыру қағидаттары Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

5-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік байланысты ұйымдастыру қағидаттарыМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы      Мыналар мемлекеттік фельдъегерлік байланысты ұйымдастыру...

Толық оқу »

8-бап.  Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің құқықтары Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

8-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің құқықтарыМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы      1. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметке:      1) көлікте белгіленген тари...

Толық оқу »

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдарМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:      1) құпия емес жөнелтіл...

Толық оқу »

6-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет басшылығының өкілеттіктері Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

      6-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет басшылығының өкілеттіктеріМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы Ескерту. 6-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 30.0...

Толық оқу »

18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібіМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы      Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қол...

Толық оқу »

667-бап. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

667-бап. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, с...

Толық оқу »

9-бап.  Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің міндеттері Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

9-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің міндеттеріМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы     1. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет: 1) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының...

Толық оқу »

12-бап.  Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің жұмыскерлері Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

12-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің жұмыскерлеріМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы      Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет жұмыскерлерінің еңбек қызметі Қаза...

Толық оқу »

17-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметті қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы

17-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметті қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етуМемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы Заңы      1. Мемлекеттік фельдъегер...

Толық оқу »