Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 23-бабы. Сот ісін жүргізуді тараптардың жарыспалылығы және тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру туралы түсініктеме

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 23-бабы. Сот ісін жүргізуді тараптардың жарыспалылығы және тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру туралы түсініктеме

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 23-бабы. Сот ісін жүргізуді тараптардың жарыспалылығы және тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру туралы түсініктеме

  1. Қылмыстық сот ісін жүргізу айыптау және қорғау тараптарының жарыспалылығы мен тең құқықтылығы қағидаты негізінде жүзеге асырылады.
  2. Қылмыстық қудалау, қорғау және істі соттың шешуі бір-бірінен бөлінген және әртүрлі органдар мен лауазымды адамдар жүзеге асырады.
  3. Адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәлілігін дәлелдеу және оның өзін қорғау үшін келтірген дәлелдерін теріске шығару міндеті қылмыстық қудалау органдарына, ал сотта іс жүргізу кезінде мемлекеттік және жеке айыптаушыларға жүктеледі.
  4. Қорғаушы күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның қорғалуына заңда көзделген барлық құралдар мен тәсілдерді пайдалануға міндетті.
  5. Сот қылмыстық қудалау органы болып табылмайды, айыптау немесе қорғау тарапында әрекет етпейді және құқық мүдделерінен басқа қандай да бір мүдделерді білдірмейді.
  6. Сот объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, тараптардың өздерінің процестік міндеттерін орындауы және оларға берілген құқықтарды жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті.
  7. Қылмыстық процеске қатысатын тараптар тең құқықты, яғни Қазақстан Республикасының Конституциясы мен осы Кодекске сәйкес өз ұстанымдарын қорғау үшін тең мүмкіндіктерге ие. Сот процестік шешімін әрбір тарапқа дәлелдемелерді зерттеуге тең негізде қатысу мүмкіндігі қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.
  8. Тараптар қылмыстық сот ісін жүргізу барысында өз ұстанымдарын, оларды қорғау тәсілдері мен құралдарын соттан, басқа органдар мен адамдардан тәуелсіз және дербес түрде таңдайды. Сот тараптың өтінішхаты бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдем көрсетеді.
  9. Мемлекеттік айыптаушы мен жеке айыптаушы белгілі бір адамға қатысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыра алады немесе заңда көзделген жағдайларда қылмыстық қудалаудан бас тарта алады. Күдікті, айыпталушы, сотталушы өзінің кінәлілігін еркін түрде жоққа шығаруға немесе өз кінәсін мойындауға, жәбірленушімен татуласуға, процестік келісім, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасуға құқылы. Азаматтық талапкер талап қоюдан бас тартуға немесе азаматтық жауапкермен бітімгершілік келісім жасасуға құқылы. Азаматтық жауапкер талап қоюды мойындауға немесе азаматтық талапкермен бітімгершілік келісім жасасуға құқылы.
  10. Сот тараптардың істі бірінші және апелляциялық сатыларда қарау кезінде қатысу құқығын қамтамасыз етеді; сотталушы мен оның қорғаушысы және процестің басқа да қатысушылары істі кассациялық тәртіппен қарау кезінде, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде және үкімді орындауға байланысты мәселелерді қарау кезінде қатысуға жіберіледі. Айыптау тарапы сот әрбір қылмыстық істі қараған кезде мемлекеттік немесе жеке айыптаушымен ұсынылуға тиіс. Тараптардың істі сотта қарауға міндетті түрде қатысуы көзделген өзге де жағдайлар осы Кодекспен айқындалады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне 2020 жылғы түсініктеме авторы — Қоғамов Марат Чекишевич, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті заңгері, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес беру Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заңгерлік компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

 

Азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың бәсекелестігі мен теңдігі негізінде жүзеге асырылады

Азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың бәсекелестігі мен теңдігі негізінде жүзеге асырылады АІЖК-нің 15-бабына сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың бәсекелестігі...

Толық оқу »

23-бап. Сот iсiн жүргiзудi тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы негiзiнде жүзеге асыру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

23-бап. Сот iсiн жүргiзудi тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы негiзiнде жүзеге асыру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық сот iсiн...

Толық оқу »

Соттың өз бастамасы немесе тараптың өтінішхаты бойынша дәлелдемелерді жинау және зерттеу бөлігінде тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы қағидатын іске асыру (АПК-нің 15-бабы)

Соттың өз бастамасы немесе тараптың өтінішхаты бойынша дәлелдемелерді жинау және зерттеу бөлігінде тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы қағидатын іске асыру(АПК-нің 1...

Толық оқу »