Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 103-бабына түсініктеме. Шағым берілуіне байланысты шешімнің орындалуын тоқтата тұру
Осы Кодексте көзделген жағдайларда шағым беру шағым жасалып отырған шешімнің орындалуын тоқтата тұрады. Өзге жағдайларда шағым келтіру, егер шағымды қарайтын тұлға мұны қажет деп тапса, шағым жасалып отырған шешімнің орындалуын тоқтата тұруға әкеп соғуы мүмкін.
1. ҚПК-нің 103-бабының нормасы шағым берілуіне байланысты кез келген шешімнің орындалуын тоқтата тұру мүмкіндігі туралы жалпы қағидаларды белгілейді. Бұл ретте шағым жасалып отырған шешімнің орындалуын тоқтата тұру тікелей көзделуі мүмкін не қылмыстық процесті жүргізетін органның қалауы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, сотқа дейінгі сатыларда мұндай шешімді анықтаушының, тергеушінің басшысы, прокурор қабылдауға құқылы. Мүдделі тұлғаның өтінішхаты бойынша өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру мәселесі шешілгенге дейін белгіленген мерзімді өткізіп алып шағым жасалған шешімнің орындалуы тоқтатыла тұруы мүмкін.
2. Шағым берілуіне байланысты шағым жасалып отырған шешімнің орындалуын тоқтата тұру сот сатыларына барынша тән. Мысалы, апелляциялық шағымның, прокурор өтінішхатының берілуі үкімнің, қаулының, бұлтартпау шарасы туралы шешімнен басқа жағдайларда, заңды күшіне енуін және істі апелляциялық сатыдағы сот қарағанға дейін оның орындалуға келтірілуін тоқтата тұрады (ҚПК-нің 421-бабының 1-бөлігі).
3. Бұл мәселе бойынша ҚПК-нің 493-бабында да жеткілікті дәрежеде нақты тұжырымдалған норма бар, оған сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры істі талап етіп алдырумен бір мезгілде үкімнің, сот қаулысының орындалуын кассациялық тәртіппен тексеру үшін үш айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы (ҚПК-нің 486-бабының 2–3-бөліктерін де қараңыз).
Қылмыстық процеске қатысушылардың заңды күшіне енген сот шешімдеріне (үкімдеріне, қаулыларына) қатысты өзге жағдайларда берген шағымдары, келтірген наразылықтары, жалпы қағида бойынша, олардың орындалуын тоқтата тұрмайды (ҚПК-нің 488-бабының 4-бөлігі).
4. Жоғарғы Сотта кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатпайтын және, тиісінше, орындалуы тоқтатыла тұрмайтын сот актілеріне қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілері (ҚПК-нің 484-бабының 3-бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ ҚПК-нің 10-бабының 2-бөлігінде көрсетілген мәселелер бойынша сот талқылауы барысында шығарылған өзге де істер бойынша сот қаулылары, яғни дәлелдемелерді зерттеу тәртібі мен тәсіліне, процеске қатысушылардың өтінішхаттарына, сот отырысы залындағы тәртіпті сақтауға, мемлекеттік және жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты, үкімді орындауға қатысты мәселелер бойынша шығарылған қаулылар және тергеу судьясының қаулылары жатады (ҚПК-нің 484-бабының 2-бөлігі).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне 2020 жылғы түсініктеме. Авторы: Қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері Марат Чекишевич Қоғамов.
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заң қызметі Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстандағы заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар