834-бап. Шағым берiлуiне немесе прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіруiне байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Шағымды белгiленген мерзiмде беру әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын шағым қаралғанға дейiн тоқтата тұрады.
2. Прокурордың әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын оның заңдылығын тексеру кезiнде тоқтата тұруға, уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқығы бар. Тексеру нәтижелерi бойынша прокурор тиiстi органға қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту туралы апелляциялық өтінішхат келтіреді немесе қаулының орындалуын тоқтата тұрудың күшiн жояды.
3. Прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіруі қаулының орындалуын олар қаралғанға дейiн тоқтата тұрады.
4. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот қаулысы шағым немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі тиіс болатын, сот көрсеткен мерзімге дейін келіп түскен жағдайда, шағым немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты қаралғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы