Қосымша немесе қайталап жауап алу туралы
Сіздің өндірісіңізде ҚР ҚК 174-бабы 1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Е.К Ақа қатысты №255143031000056 қылмыстық іс материалдары қаралуда.
Тергеу барысында Е.К А дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер үшін, 2025 жыл 2 наурыз күні ҚР ҚПК 131-бабына сәйкес ұсталып, Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып әрі қарай тергеу сотымен санкцияланып тергеу изоляторына қамауға алынды.
Сіз өз өндірісіңіздегі қылмыстық іс боынша келесі ақпаратты: “Күдікті Е.А 01.07.2024 – 01.01.2025 жылдар аралығында өзінің танысы Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Қазақстан көшесі №11Б үй тұрғыны 23.06.1991 ж.т. Б.Е.М. бірге алдын ала сөз байласып құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» және «Бауырлар» тобында өздері ұстанатын теріс бағыттағы дінді насихаттау үшін заңмен тыйым салынған «Дильмурат Абу-Мухаммад» Махаматов Дильмурат және «Назратуллах Абу-Мариям»-дардың уағыздарын бірнеше рет тарату арқылы діни алауыздықты тудыру қылмысын қасақана жасаған». - деген мәліметті басшылыққа алудасыз.
«14» наурыз 2025 жыл қылмыстық іс бойынша сіз өз қаулыңызбен кешенді сот психологиялық-филологиялық және сот дінтанушылық сараптамасын тағайндадыңыз.
21.04.2025 жыл Сот сараптамасы және арнайы зерттеулер орталығы №61 сараптама қорытындысы сізге жолдады.
Аталған сот сараптамасы, срапшының қорытындысы бойынша қорғау тарапынан іс бойынша күдікті Е.К Ақа істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін Сарапшы маманға сұрақтарымыз бар, сонымен қатар күдікті Е.К Атан қосымша жауап алу қажеттілігі туындап тұр. Сонымен қатар Күдіктінің істің мән-жайлары бойынша бұрын берген айғақтары олардың жеткілікті түрде анық немесе толық болмауына қарай нақтылауға немесе толықтыруға ниеттіміз.
ҚР ҚПК 60 быбының, 3 бөліміне сай Тергеуші істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін барлық шараларды қолдана қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 211-бап сай Қосымша және қайталап жауап алу осы Кодекстің 210-бабында көзделген қағидалар сақтала отырып жүргізіледі. Сонымен қатар жауап алынған адам тергелетін істің мән-жайлары бойынша бұрын берген айғақтарын олардың жеткілікті түрде анық немесе толық болмауына қарай нақтылауға немесе толықтыруға ниет білдіргенжағдай және бұрын жауап алынған адамға іс үшін елеулі жаңа сұрақтар туындаған жағдайларда жүзеге асырылады.
Осыған орай қылмыстық істі жан-жақты, толық және объективті қарау мақсатында ҚР ҚПК 211 бабына сай Күдіктіден қосымша жауап алу қажеттілігі туындап отыр.
Қылмыстық процеске қатысушылар ҚР ҚПК 99 бабына сай сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтiнiшхатпен жүгінген тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн процестік әрекеттерді жүргiзу немесе процестік шешiмдерді қабылдау туралы өтiнiшхаттармен жүгінуге құқылы. Егер өтінішхат iстiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге, процеске қатысушылардың немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге ықпал ететін болса, ол қанағаттандырылуға тиiс.
Өтiнiшхат ол мәлiмделген бойда қаралуға және шешілуге жатады. Өтiнiшхат бойынша шешiмдi дереу қабылдау мүмкiн болмаған жағдайларда, ол мәлiмделген күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей шешiлуге тиiс.
ҚР ҚПК 24 бабына сай тергеушi, анықтаушы iстi дұрыс шешуге қажеттi және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшiн заңда көзделген барлық шараларды қолдануға мiндеттi.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде және ҚР ҚПК 24, 99, 210, 211 баптарынана сәйкес, ӨТІНЕМІН:
· Күдікті Е.К Атан қылмыстық істі жан-жақты, толық және объективті қарау мақсатында - қосымша жауап алуды;
· 21.04.2025 жыл №61 сарапшы қорытындысы Сот сараптамасы және арнайы зерттеулер орталығының мамандарынан қорғаушының қатысуымен сұрау алуды;
· Осы өтінішхатқа ҚР ҚПК 99 бабында белгіленген мерзімде жауап беруіңізді.
ҚАУЛЫ «30» «сәуір» 2025 жылы Өтініш хатты қанағаттандыру туралы
Мақтарал АПБ-нің аға тергеушісі полиция капитаны Д.Жақсылық, Х9255143031000056 санды қылмыстық істін материалдарын қарастырып,
АНЫҚТАДЫМ: Мақтаарал АПБ-нің өндірісіндегі 255143031000006 санды қылмыстық іс бойынша тергеп тексеру барысында М.Б.Е азаматтың ұялы телефонын қарап тексеру барысында ватсап әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» және «Бауырлар» тобына А.Е.К, Г.Ф.А есімді азаматтар адамдар тобы болып әлеуметтік, ұлттық, рулық,нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыратын аудио және бейнежазбаларды жариялағаны анықталды.
Аталған жәйіт бойынша Мақтаарал АПБ-мен ҚР ҚК-нің 174-бабы 2- бөлігімен 28.02.2025 жылы Х9255143031000056 санды сотқа дейінгі тергептексеру амалдары басталған. 30.04.2025 жылы Е. адвокаттық қызметпен айналысуға Хо20015783 лицензиясы бар Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Саржанов Галымжан Турлыбекович Хо 3Т-2025-01434229 санымен е-өтініш порталы арқылы өтініш жазып түсірген.
Аталған өтініш хатта күдікті Е қылмыстық істі жан-жақты, толық және обьективті қарау мақсатында қосымша жауап алуды, 21.04.2025 жылы Хо61 санды сарапшы қорытындысы сот сараптамасы және арнайы зеттреулер орталығының мамандарынан қорғаушының қатысуымен сұрау алуды - деп өтініш жазып көрсеткен.
Қорғаушы Саржанов Галымжан Турлыбековичтың талап тілегі сотқа дейінгі тергеп тексерудің обьективті және жан-жақты жүргізілуіне кедергі болмауына байланысты қанағаттандыруға жатады.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, ҚР ҚПК-нің 67, 66 және 198 баптарын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІМ:
1; Хо255143031000056 санды қылмыстық іс бойынша Саржанов Галымжан Турлыбекович 3ЗТ-2025-01434229 санымен түсірген өтініш хаты қанағаттандырылсын.
2 Қаулының көшірмесін Мақтаарал аудан прокурорына жолдансын.
3. Қабылданған шешім жайлы мүдделі адамдарға хабарлансын.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Аудан соты Қаулысы
2 рет жүктеп алынды -
Өтінішхат қосымша және қайталап жауап алу туралы - Жауап
2 рет жүктеп алынды -
Өтінішхат қосымша және қайталап жауап алу туралы
2 рет жүктеп алынды -
Сотқа Өтінішхат онлайн аудио видео
2 рет жүктеп алынды -
Срапшыдан сұрау жүргізудің аудио бене таспасына сұрау
2 рет жүктеп алынды -
Шағым видео сұрауды алу бойынша
2 рет жүктеп алынды