Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Ұрлық яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру

Ұрлық яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Ұрлық яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру

Қылмыстық іс ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылуға жатады Жамбыл облысы Сарысу аудандық сотының 2020 жылғы 2 маусымдағы үкімімен: Д. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 28-бабының бесінші бөлігімен, ҚК-нің 188-бабы төртінші бөлігінің 3) тармағымен 5 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеуге сотталған. Азаматтық жауапкерлер С., Ф., Д. М.-дан ортақ түрде азаматтық талап қоюшы «Г» ЖШС-ның пайдасына 8 064 687 теңге, ал С., Д.-дан ортақ түрде азаматтық талап қоюшы «Г» ЖШС-ның пайдасына 5 844 915 теңге өндірілген. Азаматтық жауапкер Д.-дан мемлекет кірісіне 60 485 теңге және 58 449 теңге мемлекеттік баж, Жәбірленушілерге өтемақы қорына 50 500 теңге мәжбүрлі төлем өндірілген. Осы үкіммен С., Ф., Н., М.-да сотталған, оларға қатысты сот актілеріне өтінішхаттар келтірілмеген. Сот үкімімен сотталған адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өндiрiстiк үй-жайға заңсыз кiріп, аса iрi мөлшерде ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру жасалуына кеңестерімен, құралдар беруімен жәрдемдескені үшін кінәлі деп танылған.

Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 20 тамыздағы қаулысымен сот үкімі өзгертілген. Сотталған Д.-ның қылмыстық іс-әрекеті ҚК-нің 432-бабымен қайта сараланып, ол бойынша 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, ҚК-нің 63-бабы қолданылып, тағайындалған жаза шартты деп есептеліп, тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасының барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленген. Сотталған Д.-ға қолданылған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылып, ол қамаудан босатылған. Д.-ға қатысты үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған. Адвокат Ж. өтінішхатында сотталған Д.-ға қатысты сот актілерімен келіспей, сотталғанның іс-әрекетінде ҚК-нің 432-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты оны ақтауды, сонымен бірге Д.-ның ұрлыққа қатысы жоқтығы дәлелденгеннен кейін бірінші сатыдағы соттың үкімімен өндірілген материалдық залалды төлеуден босатуды сұраған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 485-бабы бірінші бөлігінің 1) тармағына сәйкес істі тергеп-тексеру немесе сотта қарау кезінде жол берілген заң бұзушылықтар, оның ішінде кінәсізді соттау заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы үшінші бөлігінің 8) тармағына сай судья заңды қолданған кезде адамның кiнәлi екендiгi жөніндегі кез келген күдiк айыпталушының пайдасына қарастырылады деген принциптi басшылыққа алуға тиiс. Алайда соттар тарапынан заңның бұл талабы орындалмаған. Соттың үкімде айтылған түйіндерінің істің мән-жайларына сәйкес келмеуіне және кінәсізді соттауға әкеп соққан заңның дұрыс қолданылмауына байланысты Д.-ға қатысты сот актілерінің күші жойылып, оған қатысты қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылуы тиіс.

Ұрлық яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес басты сот талқылауы барысында сотталған Д. 2019 жылғы 24 қарашада сағат 10:00 шамасында қайын атасы Г.-мен бірге С., Ф., М. үшеуі келгенін, С. оның үйінің ауласында мыс кабельдерін аршып алуға рұқсат сұрап, ақысын төлейтінін айтқанын, бұл ұсынысқа келісіп, рұқсатын бергенін, содан С., Ф. екеуі ақ түсті «Газель» автокөлігіне мыс кабельдерін артып, Шымкент қаласына жол жүріп кеткенін, келесі күні С. М.-дан 30 000 теңге ақысын беріп жібергенін, бірнеше күннен соң, яғни 2019 жылғы 28 қарашада түнгі сағат 02:00 шамасында С. оған қоңырау шалып, Ә.Бүркітбаев ауылына баратын жолда автокөлігі бұзылып қалғанын айтып, көмек сұрағанын, содан Ә.Бүркітбаев ауылына келгенде, С. бұрын өзіне таныс емес Н., М. есімді жігіт үшеуі, мыс кабельдерін «Ваз 2121» нива автокөлігіне тиеп, үйіне әкелгенін, оның қабығын аршып, көршісі К.-нің «Газель» автокөлігіне артып, Шымкент қаласына жөнелткенін, келесі күні оның қолына 100 000 теңгені ұстатып, С.-ның автокөлікті сүйреуге көмектескені және «болгарканы» қолданғаны үшін рахметін айтып жібергенін, мыс кабельдерінің ұрланғанын білмегенін көрсеткен. Д.-ның бұл жауаптары сотталғандар С., М., Н.-ның берген жауаптарымен толық бекітілген. Сонымен бірге сот отырысында сотталған С. Д.-ның мыс кабельдерінің ұрлық зат екенін білмейтінін көрсеткен. Сот отырысында куә ретінде сұралған Д. 2019 жылғы 28 қарашада түнгі сағат 02:00 шамасында жұбайы Д.-ға бір азамат хабарласып, онымен сөйлескенін, ол орнынан тұрып, танысының автокөлігі бұзылып қалғанын, көмектесуім керек деп айтқанын, өзінің «Нива» автокөлігімен кетіп қалғанын, шамамен 30 минуттай уақыт өткен соң, жұбайы үш ер азаматпен келгенін, оларға шай жасап, ұйықтауға кеткенін, шамамен біршама уақыт өткен соң даладан естіліп жатқан дауыстарды көруге шыққанында, жұбайы қонақ бөлмеде ұйықтап жатқанын көргенін, ал түнде үйге келген үш ер азамат сарай жақта үйдің ауласында мыс кабельдерін аршығанын, осыдан кейін, арада шамамен 5-6 күн уақыт өткен соң жұбайы Д. 30 000 теңге ақша беріп, өткенде келген жігіттер электр қуаты мен «болгарканы» қолданғаны үшін берген рахметі деп айтқанын, мыс кабельдерінің ұрланған екенін өзінің және жұбайының білмегенін көрсеткен. Куә ретінде сұралған Г. 2019 жылғы 24 қарашада үйіне «Мерседес бенц» автокөлігімен өзі танитын Ф. мен бұрын таныс емес, тергеу кезінде мәлім болған С., М. келіп, «болгарка» деп аталатын құрылғыны және оны қосатын электр көзі керек деп сұрап келгендерін, өз үйінде электр көзі жоқ болғандықтан, күйеу баласы Д.-ның үйіне барайық, егер ол келіссе, онда сол жақтан қосып кесесіңдер дегенін, С. күйеу баласының көмегі үшін 5 000 теңге төлеймін деп айтқанын, содан Д.-ның үйіне барғанын, Д. жанында тұрғанда С. мен Ф.-дан бұл не кабельдер, ұрланған жоқ па деп сұрағанда, олар бұл кабельдердің ұрланбағандығын, жұмыс орнынан айлық орнына бергендерін айтып, сол уақытта Д. оларға сеніп, үй ауласына кіруге рұқсатын бергенін көрсеткен.

«Соттардың қылмысқа қатыстылық пен қылмыстық құқық бұзушылыққа дем берушілік үшін жауаптылық туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 14 нормативтік қаулысының 6-тармағына сәйкес қылмысты жасырып қалу қылмыскерді, қылмыс жасау қаруы мен құралдарын, қылмыс іздері мен дәлелдемелерді жасырып қалуды (жасыруды) білдіреді. Қылмыс жасаған адамды жасыру, оған пана, көлік, жалған құжаттар беру, сыртқы келбетін өзгерту және ол жасырына алатын басқа да әрекеттер арқылы жасалуы мүмкін. Қылмыс құралдары мен қаруларын жасыру оларды жоюды, түрін өзгертуді, табылуы мүмкін емес жерге жасыруды білдіруі мүмкін. «Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 13 нормативтік қаулысының 33-тармағына сәйкес, апелляциялық сатыдағы соттар қаулы дайындаған кезде ҚПК-нің 443-бабының талаптарын қатаң басшылыққа алулары қажет. Қаулының сипаттау-дәлелдеу бөлігінде ҚПК-нің 443-бабы үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес болуы, істі тексерудің барысы мен нәтижелері, заңға сілтеме жасала отырып, сот қабылдаған шешімнің негіздері мен дәлелдері көрсетіліп, айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені, қылмыстың саралануы және жазалау шаралары туралы мәселелер бойынша нақтылы жауаптар болуы қажет. Үкім бұзылған немесе өзгертілген жағдайда, үкімге негіз етіліп алынған дәлелдемелердің неге жеткіліксіз деп танылғанын, қандай заң бұзушылықтар орын алғанын, олардың үкімнің мәніне қалай әсер еткенін көрсету қажет. Алайда апелляциялық сатыдағы сот бұл талаптарды орындамаған, өйткені қаулыда аталған әрекеттерді Д.-ның жасағандығы көрсетілмеген.

Қылмыстық іс ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағына сай іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылуға жатады. Сондықтан сот алқасы Д.-ның іс-әрекетінде ҚК-нің 432-бабымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағының негізінде сот актілерінің күші жойылып, іс тоқтатылуға жатады деп санайды. «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 нормативтік қаулысына және ҚПК-нің 170-бабы алтыншы бөлігінің 1) тармағына сәйкес «Г» ЖШС-ның Д.-ға келтірген азаматтық талабы қараусыз қалдырылуға жатады. ҚПК-нің 37, 39-баптарына сәйкес Д. қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу туралы талаппен ҚПК-нің 4-тарауында көзделген тәртіп бойынша сотқа жүгінуге құқылы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Д.-ға қатысты жергілікті соттардың сот актілерінің күшін жойып, қылмыстық іс Д.-ның іс-әрекетінде ҚК-нің 432-бабымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағының негізінде тоқтатылды. «Г» ЖШС-ның Д.-ға қатысты азаматтық талап қою арызы қараусыз қалдырылды. ҚПК-нің 4-тарауына сәйкес Д.-ның қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеткізуге құқығы бар деп танылды. Адвокат Ж.-ның өтінішхаты қанағаттандырылды. 

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу

175-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін ұрлау

175-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін ұрлау 1. Ұрлық, яғни басқа біреудің мүлкін жасырын ұрлау, — екі жүзден жеті жүзге дейінгі айлық есептік к...

Толық оқу »