55-1-бап. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі Халықтың көші-қоны туралы Заңы
1. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің:
1) жүгінген адамдарға консультация беруге және ел ішінде де, шетелде де жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпарат беруге, сондай-ақ еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсетуге;
2) бір елден екінші елге жұмысқа орналасу үшін жұмыскерлерді жинауды жүзеге асыруға;
3) жүгінген адамдарды кейіннен ел ішінде және шетелде жұмысқа орналастыра отырып, кәсіптік даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыруға;
4) адамдарды шет елде жұмысқа орналастырған жағдайда, оларды әкетуге рұқсат беру құжаттарын ресімдеуге құқығы бар.
2. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі:
1) кемсітушіліктің кез келген нысанына жол бермеуге;
2) жүгінген адамдардан алынатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
3) жүгінген адамдармен ел ішінде және шетелде жұмыс істеу үшін еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуға;
4) халықты жұмыспен қамту орталығына тоқсан сайын кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде еңбек делдалдығы үшін жүгінген және ел ішінде және шетелде жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы ақпаратты жазбаша немесе "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы бастапқы статистикалық деректерді беруге міндетті.
3. Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшін әкетуге байланысты қызметті жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшін әкету жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне жұмыскердің атына кепілдік жарна енгізу арқылы шарт мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыскердің өз еліне оралуына жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі кепілдік берген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшін әкету кезінде шетелдік жұмыс берушілердің банктерге кепілдік жарнаны енгізу тәртібі мен шарттары жұмысқа орналастыратын елдің заңнамасымен реттеледі.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңы.
Осы Заң халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы