Азаматтығы жоқ тұлғаларды және шетелдіктерді ел шегінен шығару туралы
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 317-12-бабына сәйкес, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы өтінішті ішкі істер органдары шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның болған және (немесе) тіркелген жеріндегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында береді.
«Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қарауды сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысының 10-16-тармақтарына сәйкес (бұдан әрі НҚ) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның санкциялар ішінде әкімшілік жолмен кетіру көзделетін әкімшілік құқық бұзушылықты жасаудан көрінетін заңнаманы бұзу адамды азаматтық іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы ішкі істер органдарының өтініші бойынша істерді қарау ерекше іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылады (АІЖК-нің 36-4- тарауы).
Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Респбуликасының шегінен шығарып жіберу туралы өтінішті ішкі істер органдары шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың болған (нақты болған) және (немесе) тіркелген жеріндегі сотқа береді (АІЖК-нің 317-12-бабы). АІЖК-нің 55-бабының 3-бөлігіне сәйкес аталған адамдарды шығарып жіберу туралы өтінішті прокурор да беруі мүмкін.
Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы өтінішті сот іс қозғалған сәттен бастап он күн ішінде шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның сот отырысына келмеуі, оған қатысты хабарланғаны жөнінде мәліметтер болмаса, істі қарауды кейінге қалдыру үшін негіз болып табылады (187-баптың 2-бөлігі).
Осы адамдардың нақты болған жері белгісіз болса және оларды шығарып жіберу туралы өтінішті заңда белгіленген мерзімде қарау мүмкін болмаса, сот іздестіру жариялауға міндетті (АІЖК-нің 135-бабының 2-бөлігі), сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға құқылы (АІЖК-нің 243- бабының 4-тармақшасы).
Шығарып жіберу үшін соттың белгілейтін мерзімдері ақылға қонымды болуы тиіс. Барлық оқылған сот актілерінен, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы өтінішті АІЖК 317-12- бабына сәйкес ішкі істер органдары шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың болған (нақты болған) немесе тіркелген жеріндегі сотқа берілген.
ҚР заңын бұзған азамматтығы жоқ шет елдік азаматтарды ҚР – нан шығару туралы арызы АІЖК-нің 317-12-бабына сәйкес беріледі, ІІБ-мен (по фактическому месту пребывания) тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі шет елдік азаматтар немесе азаматтығы жоқ немесе тіркелген орыны бойынша. ІІБ шет елдік азаматтарды немесе азаматтығы жоқтарды шығару туралы арызында ҚР-ның заңын бұзғаны туралы растайтын фактілерді АІЖК-не 317-13-бабына сәйкес көрсетеді.
Осы санатқа байланысты істер бойынша шешім шығару барысында соттар шет елдік азаматтарды немесе азаматтығы жоқтарды құқықбұзушылық жасағанын ҚР ҚБК және ҚІЖК нормаларын ескере отырып, әкімшілік жазадан шығару уақыты, жаза өтеуден шығару.
Зерттелген сот актілерінен, істі шет елдік азаматтың немесе азаматтығы жоқ азаматтың және прокурордың қатуымен қаралғаны көрінеді. Іс №8-727/2015 арызданушы Ескелді аудандық ІІБ-сы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін шет елдік В.А.Макагонды мәжбүрліп елден шығару туралы, арызда көрсетілгендей В.А.Макагон РФ-ның азаматтығын 05 мамыр 2006 жылы алған және РФ-сы, Черемховский ауданы, Свирск қаласы, Ленин к-сі 5 үй 3 пәтерде тіркеліп РФ азаматы төлқұжатын алған.
ҚР аумағында шет елдік азаматың тұруға жарамсыз түрде төрт жылдан астам уақыт тұрып келген, сондықтан ӘҚБК-нің 492-баптың 4-бөлігімен айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылған. ҚР-да тұру барысында қылмыстық кодекстің 178-баптың 2-тармағына сәйкес жазаға бес жылға бостандықтан айыру жазасын бостандықты шектеумен тартылған.
Ескелді аудандық сотының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі шешімімен, ҚР-нан шығарылып, 10 күннің ішінде ҚР –ның территориясын тастап кетуге міндеттеді, елден шығару барлық шығындары В.А.Макагонға жүктелді. 2-2529/2015 Алматы облысының Ішкі істер департаметының көшіқону полициясы Узбекстан Республикасының азаматы AYTILEUOV TULEGEN ABDRASILOVICH ҚР сыртынан тыс шығару туралы арызбен сотқа жүгінді.
Анықтай келе, ол Өзбек Республикасының азаматы бола тұрып,17.06.2015 жылы ҚР келді. Келе салып, Алматы қаласы, Тукая көшесі 17 мекен жайы бойынша тіркелді, ҚР тұрған кезде мемлекетіміздің заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған, сөйтіп 31.07.2015 жылы AYTILEUOV TULEGEN ABDRASILOVICHқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бап 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды және 11.08.2015 жылы ҚР Қылмыстық іс жургізу кодексінің 35-бап 1-бөлім 12-тармағы бойынша, ҚР қылмыстық кодексының 68-бап 1-бөлімімен қылмыстық іс тоқталтылды (татуласу).
08.10.2015 жылы Еңбекшіқазақ аудандық сотының шешімімен AYTILEUOV TULEGEN ABDRASILOVICH ҚР шығарылды, шешімнің заңды күшіне енгенінен бастап 15 күннің ішінде.
Іс - шаралардың қаржыландыруы бюджеттен анықталды. №2-2018/2015 Еңбекшіқазақ аудандық сотының 12.08.2015 жылғы Алматы облысының Ішкі істер департаметының көші-қону полициясының DAVLATIYAROV SERIKBAY KUCHKAROVICHты ҚР шығару туралы арызы – қанағаттандырылды, DAVLATIYAROV SERIKBAY KUCHKAROVICHті ҚР шығару қаулы етті, шешімнің заңды күшіне енгенінен бастап 15 күннің ішінде. Іс - шаралардың қаржыландыруы бюджеттен анықталды.
ӘІЖКның 317-14-бабының 3-бөліміне сәйкес, сот шығындары, мемлекеттен шығару шығындарын: шығарылатын шет ел азаматтары, азаматтықсыз адамдар немесе ҚР шақырған ұйымдар, жеке тұлғалар көтереді.
Егер жоғарыда көрсетілген тұлғалардың қаржыларының жоқтығы немемсе жетпеген жағдайларды мемлекеттен шығару және сол ісшараларды қаржыландыру мемлекеттік қаржыдан алынады.
Сотпен шығару белгілеген мерзімі, ақылға қонымды болуы тиіс. Сотпен ҚР шығару үшін белгіленетін мерзімдерді анықтаған кезде міндетті түрде қаржыландырудың ерекшеліктері есептелуі қажет.
Жоғарыда көрсетілген сот актілері заңды деп есептейміз, себебі соттармен белгілі бір істі қараған кезде ҚР шығару үшін белгілеген мерзімі, ақылға қонымды көрсетілген және де қаржыландыру мәселесі шешілген.
ӘІЖК 332, 317-5-бабына сәйкес шетелдік азаматты немесе азаматтығы жоқ адамды шығарып жiберу туралы шешімдер шағымдануға және апеляциялық сатыда наразылық беруге жатпайды, бірақ ол кассациялық және қадағалау тәртібінде қаралуы мүмкін.
Заңның жоғарыда талаптарына қарамастан, Қазақстан Республикасының шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шығарып жіберу туралы соттар шешімдерінде, шешім оны қабылдаған күннен бастап күшiне енеді және Қазақстан Республикасынан шетелдiктердi аластату үшін негіз болып табылады деп көрсеткен.
Және шешімдерінде шағымдану тәртібін көрсетілмеген. Сондай-ақ шетелдiктер мен бас азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу туралы арыздардың қанағаттандырылмаған сот актілеріде, зерттелді.
№2-254/15 іс. Қаратал ауданының Алматы облысының ішкі істер департаметының Ресей Федерациясының азаматы И.С.Носова ҚР шығару туралы арызы берілді. И.С.Носова 2007 жылдың тамыз айынан бастап Үштөбе қаласы, Кузнецова 1 көшесінде тұрып жатқан., сонымен қатар көрсетілген мекенжайда тұруға рұқсат мерзімі аяқталған болса да тұрып жатқан және сол үшін әкімшілік жауапкершілікке 8 сәуір 2014 жылы ӘҚБтКтың 377-бабының 3- бөлігімен тартылған.
Осылайша, Қазақстан Республикасының аумағында тұрып , Қазақстан Республикасының заңын бұзған. 8 сәуір 2014 жылы ӘҚБтКтың 377-бабының 3-бөлігімен, Қаратал ішкі істер басқармасының қаулысымен Носова И.С. әкімшілік жауапкершілікке тартылды ҚР Әкімшілік кодекстің 61-бабына сәйкес. Носова И.С. шығарып жіберу туралы өтініш берілген күні яғни, әкімшілік жауапкершілікке ұшыраған адам болып саналмайды. Қазақстан заңнамасын бұзған азаматтар қатарына жатпайды.
№2-135/15 іс. Қаратал аудандық Ішкі істер бөлімі Ресей азаматы А.Н. Пцелинцеваны Қазақстан Республикасынан тыс шығару туралы сотқа арыз берді. 2010 жылдың маусым айында Ресей Федерациясының азаматы болып табылатын Қазақстан Республикасына келді, және 16 тамызда, 2014 жылға дейінгі уақытша тіркеуге Қазақстан Республикасының аумағында болды. Қазақстан Республикасының аумағында болған кезде қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Және Қаратал аудандық сотының 20 наурыз 2012 жылғы үкімімен ҚР ҚК 178-бабының 2-бөлімімен 3 жыл бас бостандығынан айырылып, сотталған.
ҚР заңын бұзғанына байланысты Қазақстан Республикасынан оны шығаруды сұраған. Қаратал аудандық сотының 10.03.2015 жылғы шешімімен, А.Н. Пцелинцеваны ҚР шығару арызы қанағаттандырылмады.
Арыз қанағаттандырмауы дәлелдің жетіспеушілігімен деп көрсетілген. Шешімдерге шағым немесе наразылық жоқ, заңды күшіне енген. Осы шешімдер мынандай ескере ақталады деп ойлаймыз. Сот қаулысын орындаған күннен бастап тұлға бір жыл ішінде әкімшілік өндіріске есептелмейді (ҚР ӘҚбтК 66-бап). Соттылықтың алынуы немесе жойылуына соттылықпен байланысты барлық құқықтық жағдайлар алынып тасталынады (ҚР ҚК 77 -бабы 4-бөлігі).
Осы санаттағы істер бойынша шешімдер қабылдау кезінде соттар, құқық бұзушылық шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар жасаған және әкімшілік жаза алып қою мерзімі бойынша тиісті ережелер ҚР ӘҚбтК және ҚК РК заңдарды басшылыққа алып, ескере отырып орындалады. Шетелдікті немесе Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ адамды шығарған жағдайларда соттар нақты жағдайда тергеу, шетелдіктің немесе Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамның одан әрі болу орындылығын қарастыру керек: тұлға отбасылық қарым-қатынасты қолдайды ма, балалардың тәрбиесіне қатысады ма, балалардың әкесі болып жазылған ба, ҚР азаматшасымен азаматтық некеден туылған ба, осындай отбасылық қарым-қатынас бірқалыпты болуын сақтау, құқықбұзудың алдын алу, сондай-ақ жеке және жалпы қызығушылыққа алып келіп соғады.
Шығарып жіберу туралы мәселеге келгенде оған қатысты адамның олармен бiрге тұратын отбасы және кәмелетке толмаған балалардың бар екендігі туралы мәліметтер, соттар жеке отбасылық жағдайдың мән-жайын тексеру үшін шаралар қабылдауы тиіс.
Құқықтық нормативтік База
Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сұрақтарды реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер болып, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі, Азаматтық іс жүргізу кодексі (36-4 тарау), «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы» туралы 19 маусым 1995 жылғы ҚР Заңы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті (Нью-Йорк, 16 желтоқсан 1966 жыл), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбекші-мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция (Кишинев, 14 қараша 2008 жыл); Бір ммлекеттің басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын азаматтардың құқықтық мәртебесі туралы шарт (Москва, 28 сәуір 1998 жыл) және және қазақстан Республикасы ратификациялаған басқа да халықаралық шарттар; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылдың 13 желтоқсанындағы «Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қарауды сот практикасы туралы» Нормативтік қаулысы табылады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
2533_РЕШЕНИЕ_ГПК_Актюбинская область
26 рет жүктеп алынды -
Выдворение иностранца или лица без гражданства за пределы Республики Казахстан
24 рет жүктеп алынды -
2533_ШЕШІМ_АПК_Қызылорда облысы
46 рет жүктеп алынды -
2533_ШЕШІМ_АПК_Алматы облысы
26 рет жүктеп алынды -
2533_РЕШЕНИЕ_ГПК_СКО
27 рет жүктеп алынды -
2533_РЕШЕНИЕ_ГПК_Мангистауская область
32 рет жүктеп алынды -
2533_РЕШЕНИЕ_ГПК_Костанайская область
29 рет жүктеп алынды -
2533_РЕШЕНИЕ_ГПК_Карагандинская область
26 рет жүктеп алынды -
2533_РЕШЕНИЕ_ГПК_ЗКО
26 рет жүктеп алынды -
2533_РЕШЕНИЕ_ГПК_Жамбылская область
26 рет жүктеп алынды -
2533_РЕШЕНИЕ_ГПК_г.Астана
28 рет жүктеп алынды -
2533_РЕШЕНИЕ_ГПК_г.Алматы
33 рет жүктеп алынды -
2533_РЕШЕНИЕ_ГПК_ВКО
25 рет жүктеп алынды -
2533_РЕШЕНИЕ_ГПК_Атырауская область
26 рет жүктеп алынды