Банктік шарт бойынша келісілген міндеттіліктерді орындаумен байланысты даулар
Банктік шарттармен байланысты емес басқа құқықтық қатынастар бойынша деректер Базасына көптеген істер енгізілген. Банктік заем шарттарын бұзу жөнінде сот актілерінің шамалы енгізілгендерінен негізінен талап арыздар сотпен анықталған АІЖК-нің 152- бабы негізінде талап арызды қозғалыссыз қалдыру жөнінде ұйғарымда көрсетілген кемшіліктерді алдын алудың мерзімін орындалмауына байланысты қайтарылған.
Сонымен, Алматы облысы бойынша «Дебиторлармен жұмыс бойынша Бюро» ЖШС-гі жауапкерлерге сомасын өндіру туралы 25 талап арыз талаптары АІЖК-нің 155-ші бабының 2-ші бөлігі тәртібінде соттың талап арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарымында көрсетілген негіздер бойынша қайтарылған.
Ақмола облысының Целиноград аудандық сотының судьясының «Дебиторлармен жұмыс бойынша Бюро» ЖШС-гі А-ға қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша материалдарын қайтару туралы 2014 жылдың 11 ақпанындағы № 3-1/391 ұйғарымы.
Осындай негіздер бойынша Банктердің жауапкерлерге Астана қаласы соттары бойынша банктік заем шарттарын бұзу туралы сегіз талап арыз талаптары қайтарылған.
АК-нің 401-ші бабының 2-ші тармағына сәйкес тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша шарт екiншi тарап шартты едәуір бұзған кезде тек сот шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкін.
АК-нің 402-ші бабының 1-ші, 2-ші тармақтарына сәйкес шартты өзгерту және бұзу тәртiбi туралы келiсiм, егер заңдардан, шарттан немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан өзгеше туындамаса, шарт жасалатын сияқты нысанда жасалады.
Шартты өзгертуге немесе бұзуға ұсыныстан екiншi тараптың бас тартуы алынғаннан кейiн, не ұсыныста көрсетiлген немесе заңдарда не шартта белгiленген мерзiмде, ал ондай мерзiм болмаған кезде отыз күн мерзiмде жауап алынбағаннан кейiн ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлiмдей алады.
Аталған санат бойынша дау тудыратын сәт ретінде банктердің заемшының берешегі болған жағдайда тұлғамен ерікті тәртіпте қол қойылған заем шартының талаптарына сілтеме жасай жалақы карталық-шоттарын бұғаттайтын әрекеттерінің заңдылығын анықтау болып табылады.
Шын мәнінде де банктік заем шартының талаптары бойынша шарт бойынша банктің тікелей дебеттеу жолымен, сонымен бірге заемшының акцептін талап етпейтін төлем құжаттары негізінде заемшының барлық банктік шоттарынан шарт бойынша берешектің барлық сомасын алуға құқылы.
Бұнымен қоса, әрі банкке және аталған санаттағы дауларды қарайтын соттарға Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негiздерде оған ең төменгi жалақы мен зейнетақының мөлшерiнде әлеуметтiк қамсыздандырылуына кепiлдiк берiлетіндігі көзделген Қазақстан Республикасы Конститутциясының 28-ші бабының ережесін ескеру қажет.
Сонымен бірге Еңбек Кодексінің 137-ші бабының 3-ші бөлігіне сәйкес ай сайынғы ұстап қалудың жалпы мөлшері қызметкерге тиесілі жалақының елу процентінен аспауға тиіс. Екендігін назарға алу қажет.
Аталған нормаларды негізге алсақ, банктер аударылатын барлық жалақыны алуға құқылы, бұл арқылы заемшылардың жалақысының кепілдендірілген мемлекеттік минимальды мөлшерінен айырады.
Банктер жалақының тек ғана 50 % ғана құқылы, бұл Қазақстан Республикасының Конститутциясымен және еңбек кодексімен реттеледі, сонымен бірге заем берушінің берешегін өндіру бойынша заңды құқықтық мүмкіндіктерін пайдалану жолымен құқығын қалпына келтіру мүмкіндігін береді. Банктермен келтірілетін тараптар арасында ҚР «Банктер және банк қызметі туралы» Заңымен реттелетін келісілген құқықтық қарым-қатынастың орны бар екендігін, ал Еңбек Кодексі негізсіз болып табылмайтын еңбек құқығы қарымқатынастарымен ғана реттелетіндігін білдіреді.
Табыс сипатын және көздерін ескере, карта-шотына түсетін жалақы оған қатысты алу мүмкінділігі банктік заңнамен қатар Еңбек кодексімен де келісілуі тиіс.
Соттар бойынша жылжымайтын мүлік ипотекасымен банктікшарттар жасасумен, өзгертумен, бұзумен байланысты даулар бойынша сот актілерінің санаулысы ғана енгізілген.
АК-нің 317-ші бабының 1-ші бөлігіне сәйкес борышқор өзi жауап беретiн кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте кепiл ұстаушының (несие берушiнiң) талаптарын қанағаттандыру үшiн кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алуы мүмкiн.
Кепіл бойынша қарым-қатынастарды реттеуші арнайы нормативтік акті ретінде ҚР «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңы болып табылады, ол бойынша ипотеканы сот тәртібінде жүзеге асыру кепіл ұстаушының талап арызы бойынша шешім бойынша жүргізіледі.
Әрі ипотека заты болып табылатын жылжымайтын мүлікті сату көпшілік алдында сату жолымен жүзеге асырылады. Заемшылармен банктер алдында міндеттіліктер орындалмайды, осыған байланысты банктер берешекті өтеу есебінен кепілге қойылған мүлікті өндіруге айналдыру жөнінде талап арызбен жүгінеді.
ҚР «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңының 21-ші бабының 3- ші тармағының 3-ші тармақшасына сәйкес ипотека шарты бойынша кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктен айыпақы өндiрiп алу туралы шешiм қабылдаған кезде сот кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi өткiзу кезiнде бастапқы сату бағасын анықтап, шешiмiнде көрсетуге тиiс.
Әдетте, негізінен банктер соттарға қамтамасыз етілген кепіл міндеттілігін мерзімінен бұрын орындауды алдын ала талап ете, заемшының мерзімді төлеу графигін бұзуына байланысты тиесілі сыйақы және айып ақымен бірге заем затының қалған бөлігін өндіру туралы талапарыздарымен соттарға жүгінеді.
Әрі банктер заемшының міндеттілігін орындау жылжымайтын мүлік кепілі қамтамасыз етілгеніне сілтеме жасайды, сондықтанда кепіл бойынша туындайтын бұл құқықтық қарым-қатынастар АК, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» және банк заңы нормаларымен реттеледі.
АК-нің 299-шы бабының 2-ші тармағына сәйкес кәсiпорындар, үйлер, ғимараттар, пәтерлер, жер учаскелерiне және басқа қозғалмайтын мүлiкке құқықтар (ипотека) кепiлi қозғалмайтын мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледi.
Ипотека туралы Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше ережелер белгiленбеген реттерде ипотекаға осы Кодекстегi кепiл туралы жалпы ережелер қолданылады.
Ипотека туралы заң кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алуға айналдыру үшін негіздемені, кепілмен қамтамасыз етілген міндеттілікті мерзімінен бұрын орындау үшін негіздеме және кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алуға айналдыру көзделмейді.
Кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алуға айналдыру үшін мұндай негіздер АК-нің 317-ші бабының 1-ші бөлігімен көзделген, ол бойынша борышқор өз жауап берген кепілмен қамтамасыз етілген мiндеттеменi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте кепiл ұстаушының (несие берушiнiң) талаптарын қанағаттандыру үшiн кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алуы мүмкiн.
Әдетте, негізінен банктер соттарға қамтамасыз етілген кепіл міндеттілігін мерзімінен бұрын орындауды алдын ала талап ете, заемшының мерзімді төлеу графигін бұзуына байланысты тиесілі сыйақы және айып ақымен бірге заем затының қалған бөлігін өндіру туралы талапарыздарымен соттарға жүгінеді Әрі банктер заемшының міндеттілігін орындау жылжымайтын мүлік кепілі қамтамасыз етілгеніне сілтеме жасайды, сондықтанда кепіл бойынша туындайтын бұл құқықтық қарым-қатынастар АК, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» және банк заңы нормаларымен реттеледі.
АК-нің 299-шы бабының 2-ші тармағына сәйкес кәсiпорындар, үйлер, ғимараттар, пәтерлер, жер учаскелерiне және басқа қозғалмайтын мүлiкке құқықтар (ипотека) кепiлi қозғалмайтын мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледi.
Ипотека туралы Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше ережелер белгiленбеген реттерде ипотекаға осы Кодекстегi кепiл туралы жалпы ережелер қолданылады. Ипотека туралы заң кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алуға айналдыру үшін негіздемені, кепілмен қамтамасыз етілген міндеттілікті мерзімінен бұрын орындау үшін негіздеме және кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алуға айналдыру көзделмейді.
Кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алуға айналдыру үшін мұндай негіздер АК-нің 317-ші бабының 1-ші бөлігімен көзделген, ол бойынша борышқор өз жауап берген кепілмен қамтамасыз етілген мiндеттеменi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте кепiл ұстаушының (несие берушiнiң) талаптарын қанағаттандыру үшiн кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алуы мүмкiн.
Заңның осы нормасының 2-ші тармағымен Кепiл ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындауды талап етуге құқылы, ал егер оның талабы қанағаттандырылмаса: 1) кепiл берушi кейiнгi кепiл туралы ережелердi бұзған; 2) кепiл берушi осы Кодекстiң 312-ші бабындағы 1-ші тармақтың 1 және 2-тармақшасында және 2-тармақта көзделген мiндеттемелердi орындамаған; 3) кепiл берушi кепiлге салынған мүлiкке билiк ету туралы ережелердi (осы Кодекстiң 315-ші бабының 2-ші тармағы) бұзған жағдайда кепiлге салынған нәрседен ақы өндiрiп алуға құқылы екендігі көзделген.
Жауапкермен берешекті өндіру туралы талап арыз мойындалған кезде кепілмен қамтамасыз етілген міндеттерді мерзімінен бұрын орындау туралы даулар әртүрлі жолмен шешіледі АІЖК-нің 49-ші бабының 1-ші бөлігіне сәйкес жауапкер талап қоюды тануға құқылы, бұл жөнінде одан қолхат алынады.
Алайда АІЖК-нің 49-ші бабының 2-ші бөлігіне сәйкес егер бұл іс-әрекет заңға қайшы келсе немесе басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды. Сотпен талап арыз мойындалмаған жағдайда бұл туралы ұйғарым шығарады және істі мәні бойынша қарауды жалғастырады.
Заемшы мен негізгі қарызды қайтару бойынша (заем сомасы), заемды пайдаланғаны үшін сыйақы төлеу бойынша міндеттілктердің бұзылғаны үшін айыпақы (өсімпұл) төлеу бойынша берешек банкпен екі немесе оданда аса жылдар бойы өсірілгендігі фактілері бар
Банктің ұзақ уақыт бойы сотқа жүгінбеуі және жағдайды ретке келтіру бойынша қажетті шараларды қолданбау айыпұлдың мөлшерін елеулі түрде жасанды жолмен өсуіне жетелейді, ол заем бойынша негізгі және сыйақы сомасынан артады.
Соттар айыпұлды өндіру бойынша сұрақтарды негізінен дұрыс шешеді, әрі АК-нің 364-ші бабының 1-ші бөлігін назарға алады, яғни егер мiндеттеменiң орындалмауы немесе тиiстi дәрежеде орындалмауы екi тараптың да кiнәсiнен болса, сот оған сәйкес борышқор жауапкершiлiгiнiң көлемiн азайтады.
Сот, егер несие берушi мiндеттеменiң орындалмауынан немесе тиiстi дәрежеде орындалмауынан келтiрiлген залал көлемiнiң ұлғаюына қасақана немесе абайсызда себепкер болса немесе олардың азаюына ақылға қонымды шаралар қолданбаса, борышқор жауапкершiлiгiнiң мөлшерiн де азайтады.
Аталған нормалар заң актiлерi немесе шарт бойынша өзiнiң кiнәсiне қарамастан мiндеттеменiң орындалмағанына немесе тиiстi дәрежеде орындалмағанына жауап беретiн жағдайларда қолданылады. (АК-нің 364-ші бабының 2-ші тармағы).
Процесс қатысушыларымен өз уәждеріндегі негіздемеде келтірілген жағдайлар сот талқылауында мұқият зерттелуі тиіс. Әрі тараптардың уәждерін банктің басқару органымен бекітілетін ішкі кредиттік саясат Ережелерінде бар жағдайлар есебімен бағалауға жатады, олар банктік заем операцияларын жүзеге асыру кезінде тәуекелді төмендету мақсатында әзірленеді және банктік заем операцияларын, оның ішінде заңды және жеке тұлғаларға кредиттер ұсыну бойынша, оларға мониторинг және т.б. бойынша өткізу жағдайын әзірлейді. (ҚР «Қазақстан Республикасының банктері және банктік қызметтер туралы» Заңының 34-ші бабы).
Егер төленуге тиiстi айып (айыппұл, өсiм) несие берушiнiң шеккен залалдарымен салыстырғанда тым көп болса, сот борышқордың мiндеттеменi орындау дәрежесiн және борышқор мен несие берушiнiң назар аударуға лайықты мүдделерiн ескере отырып, айып төлеу мөлшерiн (айыппұлды, өсiмдi) азайтуға құқылы. (АК 297-бабы).
Алматы қаласы Медеу ауданы сотының 2014 жылдың 09 желтоқсанындағы шешімімен «Б» ЖШС-нің С-ға берешекті өндіру бөлігі бойынша талап арызы ішінара қанағаттандырылған. Сотпен айыппұл сомасын 12 576 теңгеге дейін төмендету заң талаптарына қайшы емес (АК 297-бабы) және сотпен жауапкердің материалдық жағдайы есебімен, әділдік, салиқалы және жеткілікті қолданылған.
ҚР «Қазақстан Республикасының банктері және банктік қызметтер туралы» Заңының 39-ші бабының 3-ші тармағына сәйкес банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банктік қарыз шарттарында қарыз беруге байланысты өндіріп алуға жататын комиссиялардың толық тізбесін және олардың мөлшерін көрсетуге міндетті және жасалған шарт шеңберінде комиссиялардың жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге құқығы жоқ.
Тараптар арасында бекітілген заем шартында комиссияның тізбесі және заем берумен байланысты өндіруге жататын мөлшері көрсетілуі және тіркелуі тиіс. Алайда заңды бұза, банк кейбір шарттарда банктік заемды ұсыну кезінде банк мөлшерлемесіне сәйкес одан өндірілетінді ғана көрсетіп комиссияларды көрсетпеген.
Бұл арқылы оның мөлшерін жасырған, бұл арқылы заем алушының банкке төленетін комиссиясының мөлшерін білу құқығын бұзған және аталған заң бұзу елеулі болып табылады. ҚР «Қазақстан Республикасының банктері және банктік қызметтер туралы» Заңының 39-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес сыйақы мөлшерлемелері мен комиссиялар, сондай-ақ банк қызметтерін көрсеткені үшін тарифтерді банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып дербес белгілейді.
ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Агенттігі басқармасының қаулысымен бекітілген 2011 жылдың 28 ақпанындағы № 19 (Ереже) Банктік қызметтерді көрсету және банктердің банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау Ережесінің 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес банктік қызметтерді көрсету - банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) Банктер туралы Заңының 30-бабында белгіленген банктік және өзге операцияларды жүзеге асыруы.
ҚР «Банктер және банк қызметі туралы» Заңының 30-шы бабына сәйкес банк операцияларына банктердің жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргізуі жатады. ҚР «Ақша төлемі және аударымы туралы» Заңының 6-шы бабына сәйкес банк шоты - банк пен клиент арасында ақша қабылдау және (немесе) клиентке банктiк қызмет көрсету жөнiндегi шарттық қатынастарды көрсету тәсiлi.
Банк шоттары банк пен клиент арасында банк шотының шарты және (немесе) банктiк салым шарты жасалған кезде ашылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің екінші деңгейлі банктерге және банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған 2012 жылдың 09 ақпанындағы № 667/206/740 хатында банктің заемшыдан ссудалық есеп жүргізгеніне комиссия алу бойынша әрекеті заңсыз ретінде бағаланады және жедел түрде тоқтатуға жататындығы айтылған. Аталған ақпараттық хат Қазақстан Республикасының заң актілеріне ресми түсіндірме болып табылмайды, алайда онда баяндалғандар заң нормаларымен түсіндіріледі.
Бұдан, банктер және банк қызметі туралы, ақша төлемі және аударымы туралы, заңдардың, банктік қызметтермен және банктік қызмет көрсетумен байланысты сұрақтарды реттейтін Ережелер және басқа заң актілерінің ережелерін негізге ала ссудалық шот ашу және жүргізу екінші деңгейлі банктің заемшының алдындағы міндеті болып табылады, ал ҚР Ұлттық Банкінің алдында берілген ссудалар бойынша заемшының берешектерін көрсету мақсаттары үшін арналған, ақшалай қаражаттардың бухгалтерлік есептемелерінің тәсілі болып табылады және есеп айырысу операцияларына жатпайды.
Бұл арқылы ссудалық шот банктік шот болып табылмайды, мұндай шотты ашу және жүргізуді жеке банктік қызмет ретінде жатқызуға болмайды.
ҚР «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңының 20-шы бабына сәйкес борышқор негiзгi мiндеттеменi орындамаған жағдайда кепiл ұстаушы өз талаптарын ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу; егер бұл заң актiлерiнде немесе ипотека шартында не тараптардың кейiнгi келiсiмiнде көзделген болса, ипотеканы соттан тыс тәртiппен өткiзу; осы Заңның 32-ші бабына сәйкес сауда-саттық өткiзiлген жоқ деп жарияланған жағдайда кепiлге берiлген мүлiктi өз меншiгiне көшiру арқылы қанағаттандыруға хақылы.
АК-нің 318-ші бабының 2-ші тармағына сәйкес кепiл туралы шартта, сондай-ақ осы Кодексте және өзге де заң құжаттарында көзделген реттерде кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi соттан тыс күштеу тәртiбiмен сауда өткiзу (аукцион) арқылы өз бетiмен сатуға құқылы.
Ақшалай қарызды қамтамасыз ететiн кепiлге салынған нәрсенi сату жөнiнде кепiл ұстаушы банктiң де осындай құқығы болады. Сонымен, жоғарыда аталған нормадан ақшалай ссуданы қамтамасыз ететін кепіл затын соттан тыс сату құқығы ( бірақ тек сауда-саттық жүргізу жолымен) банк-кепіл ұстаушы ие. Әрі банк-құқық иеленушінің құқығы тек ғана соттан тыс жағдайда ақшалай ссуда қамтамасыз етуші кепіл затын сату бойынша оның міндетін білдірмейді.
ҚР «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңының 21-ші бабының 4-ші тармағына сәйкес ипотека шарты бойынша ол қандай жылжымайтын мүлiктi кепiлге бергенiне қарамастан, кепiл осы азаматтың кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруымен байланысты болмаған жағдайда, кепiл берушi азамат болып табылса кейiнге қалдыруға хақылы.
Сот тәжірибесін зерттеу соттар регресс тәртібінде мүлікті сату құнын өндіру туралы банк заемы шарты бойынша заемшы болып табылмайтын кепіл берушілердің талап арызы бойынша істерді қарауға әртүрлі жолмен келетіндігін көрсетті
Тәжірибе жүзінде кейбір соттар мұндай істерді қарау кезінде АК-нің 289- ші бабының 1-ші бөлігін басшылыққа алады, оған сәйкес басқа адамның мiндеттемесiн орындаған борышқор орындалған мiндеттеме мөлшерiнде сол адамға керi талап (регресс) қоюға құқылы.
Басқа соттар кепіл берушілер- үшінші тұлғалар өзінің мүлкімен заемшының банк алдындағы міндеттілігін орындап, берешек бойынша жауап бергенін негізге алады.
Сондықтанда заемшының заемды банкке қайтармауы бойынша әрекеттерімен кепіл беруші-үшінші тұлғаға зиян тигізілген. Бұл зиян айыптыдан шығын келтіруіне (яғни заемшыдан) АК-нің 917-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес өндіруге жатады, оған сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.
Үшіншілер АК-нің 9-ші бабының 4-ші тармағын негізінде шешім қабылдайды, оған сәйкес құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне келтiрiлген залалдың толық өтелуiн талап ете алады. Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиiстi шығыстар, оның мүлкiнiң жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бiрақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) залалдар деп түсiнiледi.
АК-нің 271-ші бабына сәйкес Мiндеттемелер осы Кодекстiң 7-ші бабында көрсетiлген шарттан, зиян келтiруден немесе өзге де негiздерден пайда болады.
АК 269-ші бабының 1-ші тармағы негізінде Мiндеттемеде оның әр тарабы - несие берушi немесе борышқор ретiнде бiр мезгiлде бiрнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде осы Кодексте белгiленген ережелерге сәйкес үлестi, ынтымақты немесе жәрдем берушiлiк мiндеттеме пайда болады (осы Кодекстiң 286-288-баптары).
АК-нің 727-ші бабына сәйкес банк заемы шарты бойынша ақша заемы мерзімділік және қайтарымдылық талаптары бойынша және ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы алынбай жүзеге асырылады.
Сонымен, банк заемы бойынша ақша алып, заемшы банк алдында борышқор, ал банк-кредитор болады. Заемшы аталған ақшаны банк заемы шартының талаптарына сәйкес сыйақы сомасымен бірге қайтару бойынша міндеттіліктерді орындауға міндетті.
Бұған қоса, заемшының банктің алдындағы банктік заем шарты бойынша міндеттерін орындауды қамтамасыз етуде өзінің мүлкін кепілге ұсына кепіл беруші- үшінші тұлға (затты кепілгер) банктік заем шарты бойынша тарап болмайды және болып табылмайды. Яғни ол кредитордың, не борышқордың, оның ішінде заемды қайтару, оны пайдаланған үшін сыйақы төлеу және банк заемы шартының талаптарын бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын төлеу және т.б. бойынша құқықтарды және міндеттерді иеленбейді.
Аталған жағдайды назарға ала, кепілгер-үшінші тұлға АК-нің 269-ші бабының 2-ші тармағында көзделгендей үлестi, ынтымақты немесе жәрдем берушiлiк міндеттеме пайда болмайды, яғни сәйкес жауаптылық артылмайды. Өз мүлкімен ол өзінің жауаптылығы және тәуекелділігімен банк заемы шарты бойынша банктің алдында заемшы міндетін орындауды қамтамасыз етеді (АК 292, 299-бабы) және оның, банктің және заемшының арасында бекітілген кепіл шартының аясында кепіл берушінің құқығын және міндеттерін иеленеді. Нақты аталған кепіл шартының аясында банк-кепіл ұстаушыда борышқормен (заемшы) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттілікті орындамаған жағдайда кепіл берушімен (затты кепілгер) салынған мүліктің құнынан заңмен анықталған жағдайлардан басқа кезде бұл мүлік тиесілі (кепіл беруші) тұлғаның басқа кредиторлар алдында басымдылықты қанағаттандыруды алу құқығы туындайды.
Әрі борышқор- заемшы мен бірге кредитордың алдында салиқалы жауаптылық аталатын кепілгерде айырмашылығы, сонымен бірге кредитордың алдында субсидарлы жауаптылық артылатын кепілгерден айырмашылығы (АК 332-бабы), кепіл беруші кредиторға не салиқалы, не болмаса субсидарлы жауаптылық артылмайды. Егерде несие берушiге тиесiлi құқықтар кепiлдiк берушi несие берушiнiң талабын қанағаттандырған көлемде көшетін болса (АК 334-бабы), ал кепілгерде мұндай құқықтардың көшуі қолданыстағы заңмен көзделмеген.
Сонымен, мүлкі заңмен көзделген тәртіпте банк-кредиторға жүзеге асырылған кепілгер-үшінші тұлғаға, егерде тараптармен кепіл шартында аталған құқық кепіл шартының өзінде көзделмеген болса сатылған кепіл мүлкінің құнын өндіру бойынша заемшының талап ету құқығын иеленбейді.
Банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банктер, ұйымдар 10 жыл және одан да аса ұзақ мерзімге заемдар бере (негізінен тұрғын үй сатып алуға) заемдар ұсына отырып, біраз уақыттан соң заемшының алдына кредитті қайтару бойынша міндеттіліктерді мерзімінен бұрын орындау туралы талап етеді
Аталған талапты орындамаған жағдайда банктік операциялардың жеке түрін жүзеге асырушы банктер, ұйымдар сотқа қарызды мәжбүрлеп өндіру және кепілген салынған мүлікті өндіруге айналдыру туралы талап арызбен жүгінеді. Әрі не кепіл, не тапсырыс, не болмаса қамтамасыз етудің басқа тәсілдері заемды қайтарудың негізгі қамтамасыз етушісі бола алмайды.
Банкті басқарудың уәкілетті органымен бекітілетін банктің ішкі кредиттік саясаты туралы Ережесіне сәйкес заемды қайтарудың негізгі қамтамасыз етуі ретінде заемшының тұрақты төлем қабілеттілігі болып табылады. Яғни банк клиентінің қаржылық-шаруашылық күйінің деңгейі оның құқықтық жағдайы, оның негізінде банктің кредит маманы заемшының қаржылық тұрақтылығын туралы, заем қаражаттарын тиімді пайдалану мүмкіндіктері және заем шартының талаптарына сәйкес қаражатты қайтару қабілеттілігі туралы қорытынды жасайды.
Қорытуланатын санат бойынша нормативтік-құқықтық актілер
Шарт жасасумен, өзгертумен, бұзумен және банктік шарт бойынша оның ішінде жылжымайтын мүлік ипотекасымен, мүлікті өндіруге айналдырумен келісілген міндеттіліктерді орындаумен байланысты даулар бойынша қарымқатынастарды реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер ретінде
Қазақстан Республикасының Конституциясы,
Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу Кодекстері (АК, АІЖК),
«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы»,
«Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі жөнінде»
Заңдары және т.б. болып табылады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
__D7F7~1
577 рет жүктеп алынды -
201625~1
577 рет жүктеп алынды -
_25201~1
555 рет жүктеп алынды -
О некоторых вопросах недействительности сделок и применении от 07.07.2016 №7
560 рет жүктеп алынды -
201676~1
559 рет жүктеп алынды -
Решение суда Споры связанным с з заключением, изменением, расторжением договора (11)
562 рет жүктеп алынды -
Решение суда Споры связанным с з заключением, изменением, расторжением договора (6)
569 рет жүктеп алынды -
Решение суда Споры связанным с з заключением, изменением, расторжением договора (5)
560 рет жүктеп алынды -
Решение суда Споры связанным с з заключением, изменением, расторжением договора (10)
557 рет жүктеп алынды -
Решение суда Споры связанным с з заключением, изменением, расторжением договора (9)
561 рет жүктеп алынды -
Решение суда Споры связанным с з заключением, изменением, расторжением договора (4)
562 рет жүктеп алынды -
Решение суда Споры связанным с з заключением, изменением, расторжением договора (3)
562 рет жүктеп алынды -
Решение суда Споры связанным с з заключением, изменением, расторжением договора (2)
566 рет жүктеп алынды -
Решение суда Споры связанным с з заключением, изменением, расторжением договора (8)
567 рет жүктеп алынды -
Решение суда Споры связанным с з заключением, изменением, расторжением договора (7)
560 рет жүктеп алынды -
Решение суда Споры связанным с з заключением, изменением, расторжением договора (6)
599 рет жүктеп алынды -
Решение суда Споры связанным с з заключением, изменением, расторжением договора (5)
569 рет жүктеп алынды -
Решение суда Споры связанным с з заключением, изменением, расторжением договора (4)
561 рет жүктеп алынды -
Решение суда Споры связанным с з заключением, изменением, расторжением договора (3)
557 рет жүктеп алынды -
Решение суда Споры связанным с з заключением, изменением, расторжением договора (2)
561 рет жүктеп алынды