Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Борышкерге іздеу салу туралы сот орындаушылардың ұсыныстарын қарау

Борышкерге іздеу салу туралы сот орындаушылардың ұсыныстарын қарау

Борышкерге іздеу салу туралы сот орындаушылардың ұсыныстарын қарау

Борышкерге іздеу салу туралы сот орындаушылардың ұсыныстарын қарау

              Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» заңының (әрі қарай- Заң) 126 бабына сай, сот орындаушысы заңда белгiленген тәртiппен атқарушылық ісәрекеттер жасау кезінде туындаған мәселелер бойынша, оның ішінде  орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша борышкерге іздеу салу тұрғысынан сотқа ұсыныстар енгізуге құқылы.

Заңының 45 бабында, борышкердің болатын жері белгісіз болған кезде сот орындаушысы:

- ішкі істер органдары, - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет,

-экономикалық тергеу қызметі арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұсыныспен атқарушылық құжат орындалатын жердегі сотқа жүгінуге міндетті.

Борышкерге іздеу салу жарияланған және оның өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады. Борышкердің орналасқан жері белгілі болған немесе оның мүлкі анықталған кезде атқарушылық іс жүргізу қайта басталады.

Борышкерге iздеу салуды соттың ұйғарымы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады делінген.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 12 «Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы» нормативтік қаулысының 5 тармағында келесі көрсетілген: іздеу салуды жариялау қажеттілігінің негіздемесіне сот орындаушысы сотқа, атап айтқанда, атқару құжатының көшірмесін, атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулының көшірмесін, борышкердің атқару құжаттарында көрсетілген мекенжайда тұрмайтындығы туралы актіні, мекенжай анықтамасын ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (әрі қарайАПК) 249 бабына сай сот орындаушысының ұсынымында:

- атқарушылық іс жүргізу тараптарының деректемелері мен орналасқан жері,

- оны қозғау күні, - атқарушылық құжаттың орындалу барысы туралы мәліметтер,

- өтініштің негіздері қамтылуға тиіс.

Ұсыным көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ сот орындаушысы ұсынымды қайтарып алу туралы арыз берген жағдайда, сот ұсынымды оған қоса берілген құжаттармен қоса қайтарады.

Сот орындаушысының ұсынымын судья ол сотқа келіп түскен күннен бастап он күннің ішінде шешеді. Сот борышкерге және өндіріп алушыға сот орындаушысының келіп түскен ұсынымы туралы хабарландырады, сот отырысының өткізілетін уақыты мен орнын хабарлайды.

Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабарландырылған борышкердің немесе өндіріп алушының келмей қалуы істі қарауға кедергі болмайды.

Судья сот орындаушысының ұсынымын қарап, ұйғарым шығарады, оған шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

Сот ұйғарымының көшірмесі борышкер мен өндіріп алушыға бес жұмыс күні ішінде салып жіберіледі.

Борышкерді іздеу салу туралы сот орындаушылардың ұсынымдарын қарау.

Борышкерді іздеу салу туралы сот орындаушылардың ұсынымдарын қарау бойынша аудандық соттардың ұйғарымдарын зерттеуі судьялармен материалдық және процестік заңдарының талаптары сақталатындығын көрсетті.

Сонымен қатар, судьялар сот актілерін толтыру барысында процестік заңнаманың талаптарын бұзатыны жалғасуда. ҚР АПК-нің 269 бабына сай, соттың кеңесу бөлмесінде шығаратын ұйғарымда:

1) ұйғарымның шығарылған күні мен орны;

2) ұйғарым шығарған соттың атауы, сот отырысындағы судьяның және хатшының тегі және аты-жөні;

3) іске қатысатын адамдар, даудың нысанасы немесе мәлімделген талап;

4) ұйғарым шығарылатын мәселе;

5) соттың өз түйіндерін шығару себептері және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;

6) соттың процестік шешімі;

7) егер ұйғарымға шағым жасалуға болатын болса, оған шағым жасау тәртібі мен мерзімі көрсетілуге тиіс.

АПК-нің 249 бабына сай сот борышкерге және өндіріп алушыға сот орындаушысының келіп түскен ұсынымы туралы хабарландырады, сот отырысының өткізілетін уақыты мен орнын хабарлайды. Сонымен қатар, зерттеу кезінде сот орындаушының ұсынымын қарау кезінде сот мәжілісінің хатшысы және сот орындаушысы, өндіріп алушы мен борышкерге хабардар етілмей, судьялармен жеке қаралатыны анықталды.

Ұйғарымның қарар бөлігінде борышкер туралы барлық мәліметті көрсету қажет. Алайда, судьялар тек борышкердің аты-жөнің көрсетумен шектеледі.

Міндетті түрде борышкердің туған күні, ЖСН, соңғы белгілі болған тұрғылықты жері қосымша көрсетілуі қажет, бұл іздеу салудың жедел шараларын қолдануға жол береді.

 2016 жылғы 15 қарашадағы Павлодар облысының Майский аудандық сотынының ұйғарымымен борышкер К. іздеу салынған.

Ұйғарымның орындалуы Павлодар облысының Майский ауданының мемлекеттік кірістер Комитетінің «Майский ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-не тапсырылған. Алайда, заң бойынша борышкерді іздеу салу ұйғарымын ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен орындайды.

Қандай да бір ерекшеліктер Заңымен қарастырылмаған. Көрсетілген ұйғарымды орындау мүмкін емес, өйткені «Майский аудан бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы» ММ-сі борышкерді іздеу салумен айналыспайды.

Борышкерді іздеу салу туралы сот орындаушылардың ұсынымдары жалпы юрисдикция соттарының соттылығына жатады (мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар борышкерді іздеу салу туралы ұсыныстары қарамайды) деген түсініктеме 2015 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының аталған санаттағы жадығаттарды қорытындылау жүргізу нәтижесінде берілді.

              Заңды тұлғалар атқарушылық іс жүргізу кезінде борышкер болатынын, алайда заңының талаптары бойынша заңды тұлғаны іздеу салуы қарастырылмағандығын соттар көбінесе есепке алмайды. Соттың шешімі борышкердің мүлкін сату арқылы орындалуға жатады.

              Нормативтік құқықтық база:

- 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ЗРК Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңы;

- (қорытындылау жүргізген уақытта қолданылған, содан кейін 2017 жылғы 31 наурызда күші жойылған) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы N 6 «Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудың кейбір мәселелері туралы» Нормативтік қаулысы;

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 12 «Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы» Нормативтік қаулысы.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

Құжатты жүктеп алу