⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 203-бап. Күдіктінің іс-әрекетінің саралануын айқындау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

203-бап. Күдіктінің іс-әрекетінің саралануын айқындау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

203-бап. Күдіктінің іс-әрекетінің саралануын айқындау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Адамның қылмыс жасағаны туралы күдікті растайтын оған қатысты жеткілікті дәлелдемелер болған кезде прокурор, Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы уәжді қаулы шығарады. Іс-әрекетті саралау туралы қаулы қисынды мерзімде шығарылуға тиіс.

      Адвокат, прокурор, тергеуші, анықтаушы, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы кәсіптік және қызметтік міндеттерін орындауға байланысты қылмыстар жасаған кезде, олардың іс-әрекетін саралау туралы қаулы прокуратура органының басшысымен келісіледі.

      1-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, осы баптың 1-3-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғаннан кейін оны дереу прокурорға келісу үшін жібереді.

      1-2. Прокурор күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны келісу туралы дереу шешім қабылдайды не уәжді қаулымен оны келісуден бас тартады.

      1-3. Осы Кодекстің 128-бабының тәртібімен ұстап алынған күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған жағдайда, қаулының заңдылығын тексеруді және оны келісуді прокурор күзетпен ұстауды немесе үйқамақты санкциялау туралы өтінішхатты келісу туралы мәселені шешумен бір мезгілде жүзеге асырады.

      2. Прокурор, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіге оған күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы жарияланатын күн туралы хабарлайды және сонымен бір мезгілде оған қорғаушы шақыру не оның қатысуын қамтамасыз ету туралы өтіну құқығын түсіндіреді.

      3. Осы Кодекстің қағидаларына сәйкес қорғаушының қатысуы міндетті болатын істер бойынша прокурор, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, егер қорғаушыны күдіктінің өзі, оның заңды өкілі не оның тапсырмасы немесе оның келісімі бойынша басқа адамдар шақырмаған болса, оның келуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады.

      4. Күдіктінің іс-әрекетінің саралануын айқындаған кезде іс материалдарына, егер ол бұрын жасалмаған болса, жеке басты куәландыратын құжаттың прокурор, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәландырған көшірмесі қоса беріледі.

      5. Күдіктінің, айыпталушының жеке басын куәландыратын құжаты болмаған не жоғалған, оны жоғалтқан жағдайда, оны құжаттауды уәкілетті орган сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша белгіленген тәртіппен жүргізеді.

      Ескерту. 203-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Зорлау және өзге де сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттермен байланысты қылмыстарды саралаудың

Зорлау және өзге де сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттермен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 ж...

Толық оқу »

Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау туралы

Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы N 1 Нормативтік қаулы...

Толық оқу »

139-бап.Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

139-бап.Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодекст...

Толық оқу »

204-бап. Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

204-бап. Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыда: 1) оның...

Толық оқу »

206-бап. Күдіктіге оның іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жария ету тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

206-бап. Күдіктіге оның іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жария ету тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Күдіктінің іс-әрекетін саралау т...

Толық оқу »

207-бап. Күдіктінің іс-әрекетін саралауды, қылмыстық құқық бұзушылықты саралауды өзгерту немесе толықтыру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

207-бап. Күдіктінің іс-әрекетін саралауды, қылмыстық құқық бұзушылықты саралауды өзгерту немесе толықтыру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Ескерт...

Толық оқу »

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 11 Нормативтік қаулысы.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 11 Нормативтік қаулысы...

Толық оқу »

121-бап. Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

121-бап. Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің...

Толық оқу »

123-бап. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

123-бап. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәж...

Толық оқу »