21-бап. Химиялық өнімнің өмірлік циклінің барлық сатыларында персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы Заңы
1. Химиялық өнімді өндіру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өндірістік персоналдың өмірі мен денсаулығының, қоршаған ортаны қорғаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нормалар белгіленуге тиіс.
2. Химиялық өнімнің өмірлік циклінің сатыларында еңбек ететін персоналдың қажетті біліктілігі, қауіпсіз жұмыс тәсілдері туралы білімі болуға, бақылау мен қорғаудың қажетті құралдарымен қамтамасыз етілуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен химиялық өніммен жұмыс істеуге тиісті рұқсаты болуға тиіс.
3. Химиялық өнімнің өмірлік циклінің барлық сатыларында жұмыс істейтін персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
1) адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпті химиялық өнімнің әсер ету қатерін болғызбайтын еңбекті қорғаудың тәсілдері мен әдістерін пайдалану;
2) жеке гигиенаның қажетті құралдарын, жеке қорғану құралдарын беру;
3) ескертпелік таңбаланымдарды пайдалану;
4) персоналды химиялық өніммен қауіпсіз жұмыс істеудің шараларымен таныстыру;
5) авариялық жағдайларды болғызбау және жою жөнінде шаралар әзірлеу шарттары сақталуға тиіс.
4. Өтінім берушілер (өндірушілер, өнім берушілер, импорттаушылар) қауіпті немесе ықтимал қауіпті химиялық өніммен жұмыс істейтін персоналды алдын ала және мерзімді медициналық қарап-тексерумен және оқытумен қамтамасыз етуге тиіс.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адамның өмірі мен денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны және тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін химиялық өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы