28-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы
Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негiзiнде белгiленедi.
Шет елдегi дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу болатын елiнiң саяси, әлеуметтiк-экономикалық және материалдық-тұрмыстық жағдайлары ескерiле отырып айқындалады.
Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тілінде өзгеріс енгізілмейді – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметi жұмысының құқықтық негіздерін, сондай-ақ ұйымдастырылу тәртібiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы