495-бап. Қорғаушының кассациялық сатыдағы сотқа міндетті түрде қатысуының негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
Осы Кодекстің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда қорғаушының кассациялық сатыдағы сот отырысына қатысуы міндетті.
Мұндай жағдайларда қорғаушыны шақыруға, тағайындауға, алмастыруға, оның еңбегіне ақы төлеуге байланысты мәселелер осы Кодекстің 68-бабында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Ескерту. 495-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы