Шешімнің орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту туралы жадығаттарды (борышкер мен өндіріп алушыны ауыстыру)
ҚР АПК-нің 238-бабына сәйкес істi қараған және шешім шығарған сот iске қатысатын тұлғалардың арызы бойынша тараптардың мүлiктiк жағдайын немесе басқа дәлелді себептерді негiзге ала отырып, шешiмді орындауды кейiнге қалдыруға немесе оның мерзiмiн ұзартуға, сондай-ақ оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгертуге құқылы.
Сот шешімді орындауды кейінге қалдыру, оның мерзімін ұзарту немесе орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы арызды, өтінішхатты арыз сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.
Көрсетілген арыздар сот отырысында қаралады. Iске қатысатын адамдарға отырыстың уақыты мен орны туралы хабарландырылады.
Көрсетілген тұлғалардың келмеуi соттың алдына қойылған мәселенi шешуге кедергi болмайды. Шешiмдi орындауды кейiнге қалдыру немесе оның мерзiмiн ұзарту туралы, оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
Осы ретте, ҚР АПК-нің 238-бабы ережелері мәжбүрлі орындалуға жіберілмеген шешімдерге қатысты қолданылады.
ҚР АПК-нің 246-бабына сәйкес іс бойынша шешім немесе сот бұйрығын шығарған сот, сондай-ақ шешім орындалатын жердегі сот өндіріп алушысы мемлекет болып табылатын атқарушылық іс жүргізулер бойынша мемлекеттік сот орындаушысының өтінішхаты бойынша және (немесе) тараптардың арызы бойынша, егер атқарушылық әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкiн емес ететiн мән-жайлар туындаса, шешімді орындау тәсiлiн немесе тәртiбiн өзгертуі мүмкін. Мемлекеттік сот орындаушысының өтінішхаты немесе атқарушылық iс жүргiзудегi тараптардың арызы сот отырысында қаралады.
Iске қатысатын тұлғалар отырыстың уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуi өтінішхатты немесе арызды шешу үшін кедергi болмайды. Сот шешiмiн орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту туралы арызды, өтінішхатты сот арыз сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Соттың орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту ұйғарымына ҚР АПК-нің 238-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен шағым, наразылық келтіруге болады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2009 жылдың 29 маусымындағы №9 «Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 12-тармағына сәйкес сот шешімін орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту деп сот актісінде көрсетілген орындау тәсілі мен тәртібін өндіріп алушының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін тәсіл мен тәртіпке ауыстыру саналады.
Атқарушылық өндіріс барысында, атқару құжаты бойынша көрсетілген талапты тәжірибеде орын алған әр түрлі себептермен нақты және тура орындау мүмкіндігі болмайды.
Мысалы, мүлікті біреудің заңсыз иеленуінен сұраттырып алу туралы сот шешімінде жауапкер нақты қандай мүлік қайтарып беру керектігі және ол мүліктің бағасы көрсетіледі.
Алайда, сот шешімін нақты орындау барысында көрсетілген мүлік шын мәнінде болмауы мүмкін (мүліктің табиғи жойылуы, әр түрлі құқықтық негіздерде жауапкердің мүлікті үшінші тұлғаларға әдейі беріп жіберу әрекеттері және т.с.с.).
Сот шешiмiн орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгертудің шешiмдi орындауды кейiнге қалдыру және оның мерзiмiн ұзартудан айырмашылығы, соңғысында сот актісінің орындалу мерзімдері өзгертіледі, ал біріншісінде атқарушылық іс-әрекеттердің мазмұны өзгереді, яғни нақты орындаудың түрі жүзеге асырыла алмайды және басқа түріне ауыстыруды талап етеді, себебі, сот актісінің орындалуын қиындататын мән-жайлардың орын алуымен байланыстырамыз.
Сонымен қатар, сот шешiмiн орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту берешекті төлеу тәртібінің бұзылуымен байланыстырып, тек осы негіз бойынша қанағаттандырылуға жатпайды.
ҚР АПК-нің 246-бабы ережелері мәжбүрлі орындалуға жіберілген шешімдерге қатысты қолданылады.
ҚР АПК-нің 246-бабының мәніне сәйкес шешімді орындау тәсiлi немесе тәртiбiн өзгерту өндіріп алушысы мемлекет болып табылатын атқарушылық іс жүргізулер бойынша мемлекеттік сот орындаушысының өтінішхаты бойынша мемлекеттік сот орындаушы болып табылады.
Қалған жағдайдың барлығында мұндай құқықтарға атқарушылық өндірістің тараптары ие.
Кейбір соттар сот орындаушы мұндай сұрақпен өтінішхат шеңберінде сотқа жолдана алады деп есептейді, себебі, аталған құқықты жүзеге асыру арнайы заңмен қарастырылғандығын атап көрсетеді (ҚР-сы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» заңының 40, 126- баптары).
ҚР-сы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» заңының 126-бабы, 1-тармағы, 5-тармақшасына сәйкес атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде туындаған мәселелер бойынша, оның ішінде орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша борышкерге іздеу салу тұрғысынан сотқа ұсыныстар енгізуге құқылы екендігі көрсетілген. Көрсетілген қалыпты тікелей түсіндіру барысында заң шығарушы мұндай құқықты заңнамада белгілеп қойғандығы көрінеді.
Заңмен көрсетілген тәртіп ҚР АПК-нің 246-бабымен анықталған, ал АПК-нің 249-бабы процедуралық сұрақтарды қамтиды, яғни ұсыныста қандай мәселелер қарастырылу қажеттігі, оны қарау мерзімдері, хабарландыру тәртібі және т.б.
Көрсетілген заң актілерін көп мағыналы тұрғыдан түсіндіру мәнжайларын жоққа шығару мақсатында ҚР-сы Жоғарғы соты Әділет министрлігіне ҚР АПК-нің 246-бабының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында ҚР-сы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» заңының 40, 126-баптарын сәйкестендіру туралы немесе АПК-нің 246-бабына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы ұсыныс айтылған.
Талап ету құқығы үшінші тұлғаға ауысқанына байланысты атқарушылық өндірістегі өндіріп алушыны ауыстыру
ҚР АПК-нің 53-бабына сәйкес даулы немесе сот шешімімен белгіленген құқықтық қатынастардан тараптардың біреуі шығып қалған жағдайда (адамның қайтыс болуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы, таратылуы, талапты басқаға беру, борышты аудару және даулы материалдық құқықтық қатынастардағы тұлғалардың басқа да ауысу жағдайлары) сот сол тарапты оның құқық мирасқорымен ауыстыруға жол береді делінген.
Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое аудандық сотының 2016 ж. 26 қазанындағы «P» ЖШС-нің атқарушылық өндірістегі өндіріп алушыны ауыстыру туралы арызы қанағаттандырылған. Сот 2012 ж. 21 қарашасында «Банк» АҚ-мы мен «P» ЖШС-гі арасында жасалынған факторинг шарты бойынша банк қарыз, сыйақы және өзге төлемдерді талап ету құқығын ЖШС-ке бергендігін анықтаған.
Іс материалдарынан шығатыны Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое аудандық сотының 2010 жылдың 28 шілдесіндегі сот бұйрығына сәйкес М.-нен «Банк» АҚ-ның пайдасына 179156 теңге қарызды, мемлекеттік баж ретіндегі сот шығындарын өндіру бұйрық етілген.
ҚР-сы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» заңының 17-бабы, 2-тармағына сәйкес құқықтық мирасқорлық Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өндіріп алушының өтініші бойынша белгіленеді.
Көрсетілген материалдық және процессуалдық заң нормаларына сәйкес, сот арызды қанағаттандырған, өндіріп алушы «Банк» АҚ-ғы «P» ЖШС-не ауыстырылған.
Өндіріп алушының қайтыс болуына қатысты оны ауыстыру
ҚР АК-нің 1061-бабына сәйкес заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары, оның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады.
Жамбыл облысы, Жамбыл аудандық сотының 2016 жылдың 23 желтоқсанындағы ұйғарымымен Д.-ның өндіріп алушыны оның құқықмирасқорына ауыстыру туралы арызы қанағаттандырылған. Жамбыл облысы, Жамбыл аудандық сотының 2008 жылдың 02 қыркүйегіндегі шешімімен Т.-дан А.-ның пайдасына 655 628 теңге қарыз және сот шығындары өндірілгені анықталған.
Сот орындаушының 2016 жылдың 05 мамырындағы қаулысымен сот шешімі ішінара орындалғаннан кейін 2016 жылы 29 қаңтарында өндіріп алушының қайтыс болуына байланысты атқарушылық құжат кері қайтарылған.
Төленбей қалған қарыз 361 577 теңгені құраған. ҚР АК-нің 1061-бабына сәйкес Д. А.-ның қайтыс болғанынан кейін неке қию туралы куәлігіне сәйкес бірінші кезектегі мұра алушы болып табылады. А. қайтыс болғаннан соң қозғалмайтын мүліктегі 1/2 бөлігіне мұра ашылған. Көрсетілген мүлікке Д.-ның меншік құқығы 2016 ж. 03 қарашасында тіркелген.
ҚР АК-нің 1038-бабына сәйкес мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлiмнiң ережелерiнен өзгеше туындамаса, бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде және бiр-ақ мезгiлде ауысады.
Атқарушылық құжат бойынша қарыздың қалған бөлігін өндіруді талап ету құқығы қайтыс болған азаматтың жеке басына байланысты және жеке сипатта емес, осыған орай, мұра мүлкі құрамына кереді және мұрагерлік бойынша ауысуы мүмкін.
Сәйкесінше, мұраны рәсімдеп, АК-тің 1027-бабының талаптарының сақтай отырып, А. қайтыс болғаннан кейін ашылған мұраны қабылдаған, оның мұрагері Д. және борышкер Т.-дан қалған қарыз ақшаны өндіруді талап ету құқығы Д.-ға тиесілі болып табылады.
Көрсетілген мән-жайларды, Жамбыл облысы, Жамбыл аудандық сотының 2008 жылдың 02 қыркүйегіндегі шешімімен Т.-дан А.-ның пайдасына өндірілгенін анықталған мән-жайларды ескере отырып, атқарушылық өндіріс шеңберінде, өндіріп алушы А. оның мұрагері Д.-ға ауыстырылған.
Жеке сот орындаушысының сот шешімінің орындалуы тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы ұсынысы қанағаттандырылған.
Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 2016 жылғы 27 қаңтарындағы ұйғарымымен сот орындаушының ұсынысы қанағаттандырылған, борышкердің мүлігінен өндіріп алу жүзеге асырылған.
Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 2014 жылғы 25 желтоқсанындағы шешімімен Б. және М. жауапкерлерінен «Банк » АҚ-ның пайдасына ортақтасқан тәртіпте 10 934 425 теңге қарыз және сот шығындары өндірілген.
Сот орындаушы борышкер Б.-ның жеке меншігіне жататын кепілде тұрған мүлігінен басқа мүлік жоқ екендігін негіздеп, қарызды оның мүлігенен өндіріп алу жолымен (тәсілімен) сот шешімінің орындалуы тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы ұсынысымен сотқа жолданған.
Атқару барысында сот шешімін орындау үшін борышкер Б.-ның меншігінде кепілдікте тұрған мүліктен басқа қандай да бір мүлік жоқ екендігі анықталған.
Атқару өндірісі материалдарында сот шешімін орындау үшін борышкерлердің қажетті ақша-қаражаттарының жоқ екендігі туралы мәліметтер орын алған.
Борышкерлердің өздері сот шешімін орындайтындықтарын айтып, алайда, нақты-шынайы іс-шара қолданбай жүргендігі байқалған.
Осыған байланысты, борышкерлердің ақша-қаражаттарының жоқтығына орай сот шешімін орындау мүмкіндігі жоқ, сондықтан сот борышкердің жер учаскесі мен жер үй-жайы түріндегі мүлігенен өндіріп алу жолымен (тәсілімен) сот шешімінің орындалуы тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы шешім қабылдаған.
Сот шешімінің орындалу тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы бірінші инстанция сот ұйғарымы өзгеріске ұшыраған
Мәселен, А. 2015 жылғы 05 тамызындағы сот шешімі шеңберіндегі ерлізайыпты (А. және Б.) меншігіндегі мүлігіне өндіріп алу жолымен орындалу тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы арызбен сотқа жолданған.
Лисаковск қалалық сотының 2015 жылғы 05 тамызындағы шешімімен ерлі-зайыптылар арасындағы мүлік бөлінген, барлық үй-жай жауапкер К. жеке меншігіне белгіленген.
Алайда, жауапкер Б.-да бөлінген мүліктің 1/2 бөлігінің 2 757 241 теңге көлеміндегі ақысын (еншісін) жауапкер Б. талапкер А.-ға қайтара алмай жүргендігіне байланысты сот шешімі қазіргі уақытта орындалмай отырғандығын жеткізген.
Соттың 2016 жылғы 12 мамырындағы ұйғарымына сәйкес А.-ның ерлізайыптылар меншігіндегі жылжымайтын мүліктің жалпы сомасы 5 514 482 теңге, яғни екі тұрғын үй және есік алды құрылыстары түріндегі мүлікке өндіріп алу және оларды жария сауда-саттыққа шығару жолымен орындалу тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы арызы қанағаттандырылған.
Бірінші инстанция сотының ұйғарымымен келіспеген жауапкер К., өзінің жеке шағымында атқару өндірісі тараптарының тең құқықтылығы бұзылғандығын, К.-ның құқықтары өрескел шектелетіндігін, А.-ның жеке меншігінде некеге тұрғанға дейін алынған пәтері бар екендігін ескеріп, ұйғарымды бұзуды сұраған.
Сондай-ақ, К. ортақ неке барысында өзінің некеге тұрғанға дейінгі пәтерін сатып, одан түскен қаражаттың барлығын және өзінің жеке еңбегін ортақ меншік мүлігіне атап айтқанда, бірінші үйді сатып алуға және екінші үйдің құрылысын жүргізуге салғандығын, бірінші (ескі) үй және құрылысмоншаны өзінің меншігіне қалдырып, осы қозғалмайтын мүлікті мүлігінен өндіріп алу тізімінен шығарып тастауды сұраған.
Сотпен жауапкер К.-ның ерлі-зайыптылардың меншігіндегі мүлікті екі жеке-дара нысанға бөлу туралы мүмкіндігі негізсіз ескерілмеген, яғни неке уақытындағы соғылған үй-жайды жария сауда саттыққа шығарып, А.-ның талаптарын қанағаттандыруға болатындығы жеткізілген. Ал А.-ның жеке меншігінде некеге тұрғанға дейін алынған пәтері бар екендігін ескеріп, екінші үй-жайды борышкердің пайдалануы мен иеленуіне қалдыру қажеттігіне көңіл аударылған.
2016 жылдың 04 шілдесіндегі ұйғарымымен ақылға қонымдылық және әділеттілің қағидаларын ескере отырып, апелляциялық сот алқасы бірінші инстанция сот актісін ерлі-зайыптыларға жататын жалпы көлемі 65,9 ш.м. тұрғын жер үйін мүлігінен өндіріп алудан бас тарту және оны жария саудасаттыққа шағырылатын нысандар тізімінен алып тастау туралы бөлігінде өзгерткен. Ұйғарым қалған бөлігінде өзгіріссіз қалдырылған.
Осыған орай, сот шешімінің орындалу тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы арыздарды қарау барысында, соттар іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберін дұрыс анықтау керек, соттың қорытындылары анықталған мәнжайларға сәйкес болуы қажет, даудың шешілуі материалдық және процессуалдық заң талаптарын сақтай отырып, тараптардың тапсырған дәлелдемелерінің жан-жақты және толық зерттелуі негізінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қажет.
Жүргізілген зерделеу сот шешімінің орындалу тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы арыздарды қарау барысында, соттар іс үшін маңызы бар мәнжайлар шеңберін дұрыс анықтау керектігін, соттың қорытындылары анықталған мән-жайларға сәйкес болуы қажеттігін, даудың шешілуі материалдық және процессуалдық заң талаптарын сақтай отырып, тараптардың тапсырған дәлелдемелерінің жан-жақты және толық зерттелуі негізінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қажеттігін анықтады.
Оларды жоққа шығару мақсатында соттарға іс бойынша мән-жайларды нақты және мүлтіксіз анықтау қажет, тараптардың құқықтары мен міндеттерін, олардың дәйектері мен қарсылықтарының негізділігін тексеру қажет, жиналған дәлелдемелерге тиісті құқықтық баға беру және заңның талаптарына сәйкес дауларды шешу керек.
Сот тәжірибесінің заң талаптарына нақты сәйкес келу және тиісті бірыңғайландырылған сот тәжірибесін бағытын қамтамасыз ету мақсатында жоғарғы тұрған инстанциялармен өзгертілген және бұзылған сот актілеріне тұрақты түрде сараптама жүргізіп отыру қажет.
Сот тәжірибесінің тиісті бірыңғайландырылған бағытын қамтамасыз ету мақсатында нормативтік қаулыларға толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажеттілігі туындап отыр. Заң көрсетілген санаттағы істерді қарау барысында нақты бір шектер мен критерияларды анықтамайды, көрсетпейді.
Сондықтан, әр нақты жағдайда сот шын мәнінде сот шешімінің орындалу тәсілі мен тәртібін өзгерту негіздерінің бар немесе жоқтығын анықтау керек.
Осы орайда, сот борышкердің және өндіріп алушының мүдделерін есепке алу керек, сондайақ, олардың мүліктің жағдайын және көңіл аударатын істің өзге маңызды мән-жайларын назардан тыс қалдырмау қажет. Мұның барлығын сот актісінің негіздеу бөлігінде көрініс табуы тиіс.
Нормативтік құқықтық база.
- Қазақстан Республикасы Конституциясы, 1995 жылғы 30 тамыз;
- Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексі, №377-V ҚРЗ 2015 жылғы 31 қазан;
- Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) №409 1999 жылғы 1 шілде;
- «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы №261-IV, 2010 жылғы 2 сәуір;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2009 жылдың 29 маусымындағы №6 «Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы
- - Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2017 жылдың 31 наурыздағы №1 «Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» нормативтік қаулысы.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Изменение способа и порядка исполнения решения суда (замене должника или взыскателя)
29 рет жүктеп алынды -
2804_ҰЙҒАРЫМ_АПК_Қызылорда облысы
26 рет жүктеп алынды -
2804_ҰЙҒАРЫМ_АПК_Актөбе облысы
24 рет жүктеп алынды -
2804_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_СКО
24 рет жүктеп алынды -
2804_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_Мангистауская область
26 рет жүктеп алынды -
2804_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_Костанайская область
28 рет жүктеп алынды -
2804_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_Карагандинская область
26 рет жүктеп алынды -
2804_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_ЗКО
25 рет жүктеп алынды -
2804_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_Жамбылская область
26 рет жүктеп алынды -
2804_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_г.Астана
24 рет жүктеп алынды -
2804_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_г.Алматы Военный
26 рет жүктеп алынды -
2804_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_Атырауская область
25 рет жүктеп алынды -
2804_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_Алматинская область
26 рет жүктеп алынды