Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Сот орындаушылардың сотқа жолдаған ұсыныстары бойынша материалдарды қарау

Сот орындаушылардың сотқа жолдаған ұсыныстары бойынша материалдарды қарау

Сот орындаушылардың сотқа жолдаған ұсыныстары бойынша материалдарды қарау

Сот орындаушылардың сотқа жолдаған ұсыныстары бойынша материалдарды қарау

              Сот-құқықтықтың реформасымен жүргізілген жаңадан қолданысқа енгізілген ҚР Азаматтық процестік кодексі барлық талаптарға сай екенін, сонымен қатар, ұйғарымды құқық жіне әлеуметтік-экономикалық салдарын жүзеге асыруын, азаматтық істердің қарау барысында тиімділігін көтеретін маңызды мәселелерді анықтау, біркелкі сот практикасын қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар жасақтау болып табылды.

Азаматтық процестік заңнамасының жаңғыртылуы азаматтардың және заңды тұлғалардың өкілдерінің конституциялық құқығын және еркіндігін тиімділігін көтеріп, уақытылы және сот актісінің сапасын арттыруына жол береді.

2015 жылы қаралған, сот орындаушының ұсыныстарын қарау барысында, 13 шілде 1999 жылғы редакциясы бойынша ҚР АПК-нің 240-7 бабына сәйкес және сол кодекстің 18 тарауының ережесімен реттелген.

Жаңадан қолданысқа еңгізілген АПК – сі бойынша аталған санаттардың жадығаттар 31 қазан 2015 жылғы редакциясының ҚР АПК 19 тарауының 252 бабымен қаралуы көзделген. Сол себептен жоғарыда аталған 2016 жыл бойынша сот тәжірибесіне қорытуы жасалған.

Қорыту жасалуының мақсаты аталған санаттардағы арыздардың қаралуы жөніндегі сот практикасын қорыту, құқық қолдану тәжірибесінде туындайтын өзекті мәселелерді анықтау, заңдылықтың бірегей қолданылуын қалыптастыру бағытында ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Атқару өндірісінің мәселелерін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекс, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңы.

Қорыту Қазақстан Республикасының 2016 жылы 12 ай бойынша соттарымен есепті кезеңде қаралған осы санаттағы істер бойынша қабылданып, БААТЖ бағдарламасының жіктеуіш базасына орналастырылған сот актілерін зерделеу арқылы жүргізілді. 

Сот орындаушылардың ұсыныстарының қаралуы. Дауланып жатқан субъективтік құқықтың немесе оның қорғалуын бір жақтың міндеті мен құқықтарын сот актісімен анықтау ғана емес, не болмаса заңдық маңызы фактіні анықтау емес, бұл жерде құқығы мен заңды мүддені қалпына келтіру болып табылады.

Көптеген жағдайда сот актісін шығару құқықтарының бұзылу салдары жойылғандығын немесе құқығының және заңды мүддесі қорғалғаны болып саналмайды. Ең маңыздысы сот актісін орындау болып саналады.

Сот актісі уақытылы орындалған жағдайда ғана жеке тұлғаның, ұйымның заңды мүдделері қорғалғандығы және азаматтық сот ісін жүргізу міндеті толығымен орындалған болып есептелінеді. Атқару өндірісінің мәні борышкердің сот актісіндегі немесе басқада актіде көрсетілген міндеттерін орындау үшін, оған қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдану болып табылады. Сонымен атқару өндірісі азаматтық процестің аяқтау кезеңі болып табылады.

Атқару іс әрекеттерінің уақытылы аяқтау тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйенетін заңнамамен бекітілген. Атқару өндірісін бекітетін заңнаманың түпдерекі болып Қазақстан Республикасының “Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы” заңы жатады.

 Сот актілерін орындау тәртібі АПК-нің 19 тарауының нормаларына сай реттеледі. Сот актілерінің орындалуы, кең өкілеттік берілген сот орындаушыларына жүктелген, олардың атқару іс-әрекеттерінің дер кезінде орындалуына мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының “Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы” заңының 1 бабының 5 тармақшасына сай, сот орындаушысының атқарушылық әрекеттер жасау кезiндегi құқықтары мен мiндеттері көзделген.

Процессуаллдық заңға 01 қаңтар 2016 жылы өзгерістер енгізілгендігін соттар назар аударулары қажет, өйткені АПК-нің 13 шілде 1999 жылғы нормалары 31 қазан 2015 жылғы редакциясындағы ҚР АПК-нің 249 бабының 1 бөлігіндегі талаптар көзделмеген еді.

АПК-нің 249 бабының 1 бөлігінің талабы сай, сот орындаушысының ұсынымында атқарушылық іс жүргізу тараптарының деректемелері мен орналасқан жері, оны қозғау күні, атқарушылық құжаттың орындалу барысы туралы мәліметтер, өтініштің негіздері қамтылуға тиіс.

Ұсыным көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ сот орындаушысы ұсынымды қайтарып алу туралы арыз берген жағдайда, сот ұсынымды оған қоса берілген құжаттармен қоса қайтарады.

Сонымен 31 қазан 2015 жылғы редакциясындағы АПК-нің мазмұнына қарағанда, ұсыныста қандай мәселелер көрсетіліп және қарастырулары қажет екендігі жөнінде реттеме сұрақтарды анықтайды.

Жасалынған қорыту барысында сот орындаушылары барлық уақытта көрсетілген заң талаптарын сақтамайды. 2016 жылы Ақтөбе қалалық сотына сот орындаушылардың 853 ұсынысы келіп түсіп, оның 24 кері қайтарылған.

Соттардың ұйғарымында сот орындаушылардың ұсыныстарының кері қайтарылуы көбінесе АПК-нің 249 бабының 1 бөлігінің талаптары сақталмағандығынан болып табылады.

Борышкер мен өндіріп алушыны сот орындаушының ұсынысы келіп түскендігі жөнінде тиісті түрде хабарлау.

ҚР АПК-нің 249 бабының 2 бөлігінің талабына сай, Сот орындаушысының ұсынуын судья ол сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде шешеді. Сот борышкерді және өндіріп алушыны сот орындаушысының келіп түскен ұсынуы туралы хабарландырады, сот отырысының өткізілетін уақыты мен орнын хабарлайды.

Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабарландырылған борышкердің немесе өндіріп алушының келмей қалуы істі қарауға кедергі болып табылмайды. Судья сот орындаушысының ұсынуын қарап, ұйғарым шығарады, оған жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.

Осындай норма АПК-нің 13 шілде 1999 жылғы редакциясында 240-4 бабының 1 бөлігінде де көзделген еді. Сонымен, көрсетілген норманың мазмұнына қарағанда сот борышкерді және өндіріп алушыны сот орындаушысының келіп түскен ұсынуы туралы хабарландырады, сот отырысының өткізілетін уақыты мен орнын хабарлайды.

Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабарландырылған борышкердің немесе өндіріп алушының келмей қалуы істі қарауға кедергі болып табылмайды.

Борышкер мен өндіріп алушыға уақытылы хабарламау АПК-нің 13, 15 баптарының талаптарын, яғни барлығының заң және сот алдында тең екендігінің принциптерінің бұзылуына бұзылуына әкеліп соғады.

Сот орындаушыларының ұсыныстарының құжаттарын зерттеу барысында, сот актілерінің бұзылу салдары сол АПК-нің 249 бабының талаптарын сақтамау, яғни борышкер мен өндіріп алушының тиісті түрде хабарланбағандары болып табылады. Көрсетілген заң нормасын бұзылуы Ақтөбе қалалық сотымен борышкер М-нан өсімпұлды өндіру туралы жеке сот орындаушының ұсынысын қарау кезінде анықталды.

Ақтөбе қалалық сотының 27 қаңтар 2016 жылғы ұйғарымымен жеке сот орындаушының ұсынысы қанағаттандырусыз қалдырылған. Аталған ұсыныс 27 қаңтар 2016 жылы қаралған, алайда заңды мүдделері қозғалатын тұлғалардың тиісті түрде хабарланғандығы жөнінде мәлімет жоқ.

Осыған ұқсас бұзушылықтар, жеке сот орындаушының борышкер Гның пайдасына өсімпұлды өндіру туралы құжатты қарау кезінде анықталған.

Сондай-ақ, ұйғарымды бес жұмыс күні ішінде борышкер мен өндіріп алушыға жіберілмегендігі жөніндегі заң бұзушылықтар көптеп орын алуда.

13 шілде 1999 жылғы редакциядағы АПК-нің 240-4 бабының 1 бөлігіне сай, сот ұйғарымы борышкер мен өндіріп алушыға үш күн ішінде жолданады.

АПК-нің жаңа редакциясында сот ұйғарымын жолдау бес жұмыс күні ішінде жолдау көрсетілгенімен, бір екі күнге кешіктіріліп жіберілгендігі туралы фактілер орын алған.

АПК-нің 249 бабының 2 бөлігінің талабын сақтамау, сот тәжірибесінде кемшіліктерге орын берілмеген, ол бойынша соттармен қателіктер жіберілмеген.

Қорыту сот практикасы заң талабына сай келетіндігін көрсетіп отыр. Соттардың сот орындаушылардың ұсыныстарын қарағаннан кейін, сот ұйғарымын шығарады, ол бойынша қателіктер орын алмаған.

Сот орындаушының лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы ұсынысын қарау

Қазақстан Республикасының “Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы” заңының 24 бабының 1 бөлігінің 3 тармақшасына сай, 3) мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжатты дәлелсіз себептермен орындамаған жағдайда – сот орындаушысы осы Заңның 39-бабында көзделген орындау мерзімі өткеннен кейін, ал алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс жібереді.

Сот ұсынысты Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.

Сот орындаушысының ұсынысын қарау нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымының көшірмелері борышкерге және орындау үшін тиісті уәкілетті органдарға жіберіледі.

Соттардың сот орындаушының лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы ұсынысын қарау барысында қателіктерге жол беретіндері анықталды.

Ақтөбе қалалық сотының 10 маусым 2016 жылғы ұйғарымымен борышкер М-ға Ақтөбе қалалық сотының 27 қаңтар 2016 жылғы шешімін орындағанға дейін бұрын берілген лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салынған.

Бірінші сатылы соттың ұйғарымының күшін жою кезінде, сот алқасы не себептен борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салынған және ондай лицензия борышкерге бірелетіндігі жөнінде қандай да бір мәліметтер жоқ деп басшылыққа алған.

Сондай-ақ сот алқасы ұсынысты қарау барысында соттың жан жақты объективті түрде қаралуын қамтамасыз етпеген, яғни тараптарға сот отырысының болатын уақыты мен орны туралы хабар берілмеген деген қорытындыға келген.

Басқа мысал, жеке сот орындаушы борышкер ЖШС-нің атқару парағын орындамағаны үшін, бұрын берілген мемлекеттік лицензияны уақытша тоқтату туралы сотқа ұсыныспен жүгінген. Ақтөбе қалалық сотының 28 сәуір 2016 жылғы ұйғарымымен жеке сот орындаушының ұсынысы қанағаттандырылған.

Борышкер ЖШС-нің атқару парағын толық көлемде орындағанға дейін, оның құрылыс жұмыстарын жүргізуге берілген лицензиясы тоқтатылған.

 Жеке сот орындаушының ұсынысын қанағаттандару кезінде сот Қазақстан Республикасының “Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы” заңының 34 бабының 1 тармақшасын басшылыққа алып, ұсыныс қанағаттандырылуға жатады денен тұжырымға келеді.

Алайда соттың тұжырымы заңға және “Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы” заңының 34 бабының талабына сай келмейді, өйткені сот актісіне қарағанда заңды тұлғадан бір мың екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сома өндірілген.

Борышкердiң мүлкiн өндiрiп алу туралы сот орындаушының ұсынысын қарау

Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 бабының 1 тармақшасына сай, тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді.

Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясының 26 бабына сай, Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.

 Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды.

 Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының “Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы” заңының 7 тарауының 1- параграфының “негізгі қағидалар” борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алу тәртiбi қарастырылған.

Қазақстан Республикасының “Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы” заңының 55 бабының 1 тармақшасына сай, борышкердің мүлкінен өндіріп алу мүлікті алып қоюды және (немесе) оны мәжбүрлеп сатуды не өндіріп алушыға беруді қамтиды.

Аталған баптың 8 тармақшасына сай, сот орындаушысы борышкердің мүлкінен, оның ішінде ортақ мүліктегі үлесінен өндіріп алуды Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен алынатын сот санкциясымен жүзеге асырады.

Тексеру барысында СҚО сот орындаушылары “Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы” заңының 55 бабының 8 тармақшасына жүгіне отырып, борышкердің мүлкін өндіріп алу туралы қаулы қабылдап, оны сотқа санкциялау үшін жолдайды.

Мысалы: Солтүстік Қазақстани облысы Петропавловск қаласының жеке сот орындаушысының 22 қараша 2016 жылғы қаулысымен СҚО, Жамбыл ауданы, Благовещенка ауылы, Сергазы-Сері көшесінде орналасқан П-ға тиесілі үйді өндіріп алу туралы қаулы қабылданып, аталған қаулыға 23 қараша 2016 жылы сотпен санкция берілген.

Сонымен келтірілген масыл сот санкция беру кезінде сот орындаушының борышкердің мүлкін өндіріп алуға дербес құқығы бар деп санайтындығының бірден бір куәсі болып танылады.

 Сот орындаушыларының қаулыларынан, олардың “Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы” заңының 55 бабының 8 тармақшасына сүйенетіндері көрініп тұр.

Негізінде “Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы” заңының 55 бабының 8 тармақшасында борышкердің мүлкінен өндіріп алу мүлікті алып қоюды және (немесе) оны мәжбүрлеп сатуды не өндіріп алушыға беруді қамтиды.

Алайда, “Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы” заңының 55 бабының 8 тармақшасын мүлікке қатысты қолдану, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясына қарама қайшы келеді ол жерде көрсетілгендей, соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді.

 Мұндай жағдайда, сот орындаушының сотпен санкцияланған қаулысы, сот актісінің күшін иелене алмайды. Сондықтан да соттардың соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді деген бағыттары материалдық және процессуалдық нормаға сай келеді.

Сот орындаушылардың сот шешімдерінің орындалу тәсілімі мен тәртібін өзгерту туралы ұсыныстарын қарау кезінде қателіктер жіберіледі.

Мысалы: Ақтөбе облысы әділет департаментінің сот орындаушысы Ақтөбе қалалық сотының 30 қазан 2015 жылғы сот шешімінің орындалу тәсілімі мен тәртібін өзгерту туралы ұсынысымен сотқа жүгінген.

Шешім бойынша борышкеер С-тан мемлекет кірісіне 627 333 теңге өндірілген. Ұсыныста борышкердің табысы жоқ, сол себептен мүлкін өндіріп алу туралы шешімнің орындалу тәсілімі мен тәртібін өзгерту жөнінде уәждеген.

Ақтөбе қалалық сотының 04 мамыр 2016 жылғы ұйғарымымен ұсыныс қанағаттандырудан бас тартылған. ҚР АПК-нің 15 бабының 4 бөлігіне сай, сот объективтілікті және бейтараптылықты сақтай отырып, процеске басшылықты жүзеге асырады, тараптардың істің мән-жайларын толық және объективті зерттеуге арналған процестік құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды.

Сот іске қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, процестік әрекеттерді жасаудың немесе жасамаудың салдарлары туралы ескертеді және, осы Кодексте көзделген жағдайларда, оларға өз құқықтарын жүзеге асыруға жәрдем көрсетеді.

Сот шешімді тараптардың әрқайсысы бірдей негізде зерттеуге қатысуы қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.

“Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы” заңының 40 бабының ережесіне сай, атқарушылық іс-әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкін етпейтін мән-жайлар болған кезде өндіріп алушы немесе борышкер не сот орындаушысы істі қараған сот алдына немесе орындалатын жердегі сот алдына орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы мәселе қоюға құқылы.

Іс құжаттарымен анықталғандай, сот орындаушының өндірісінде борышкер С-тан мемлекет кірісіне қарыз ақшаны өндіру туралы Ақтөбе қалалық сотының 30 қазан 2015 жылғы шешімі негізінде қозғалған атқару өндірісі бар. Борышкерде мемлекет кірісіне өндіретін ақшалай қаржысы жоқ, алайда жылжымайтын мүлкі бар.

Сот орындаушының ұсынысын қанағаттандырусыз қалдыру барысында, сот борышкердің мүлкін өндіріп алу туралы қаулыны санкциялау жөнінде қаулымен шығудың орнына ұсыныс келтірген деп уәждеген. Соттың мұндай тұжырымы заңның материалдық және процессуалдық нормалар мен істің мән жайына сай келмейді.

Атқару өндірісіне тіркелген құжаттарға қарағанда, сот орындаушымен борышкердің басқа да мүліктерін анықтау жөнінде жұмыстар атқарылғандығы көрініп тұр.

Содан сот орындаушы шешімнің орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы сотқа ұсыныс келтірген.

“Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы” заңының 2 бабының талабына сай, атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi осы Заңға сәйкес азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдардың, нұсқамалар мен қаулылардың, мүлiктiк өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдер мен қаулылардың, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды мiндеттi түрде және уақтылы қолдану болып табылады.

Атқару парағында борышкер өндіріп алушыға берешек сомасын қайтарып беруге міндетті екендігі көрсетілген. Алайда борышкердің мүлкін өндіріп алу туралы бұл құжатта айтылмаған.

 Бұл тұрғыда сот орындаушысы борышкердің қандай да кірісінің жоқтығын анықтап, шешімнің орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы сотқа заңды ұсыныс келтірген.

Мұндай сот практикасы сот орындаушылардың шешімді орындау барысында тұрғын үйлерінен заңсыз айрылып қалмауларына азаматтарды қорғайды.

Мұндай жағдайда егерде атқару құжатында борышкерден тек ақша өндіру көрсетілген болса, алайда оның кірістері жоқ болған жағдайда, оның мүлкін өндіріп алу туралы мәселе шешімнің орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы арыз түскен жағдайда ғана сотпен қаралып шешілуге тиіс, сот орындаушысының борышкердің мүлкін өндіріп алу туралы қаулысын санкциялау арқылы емес.

 Басқа іс бойынша, Ақтөбе қалалық сотының 14 сәуір 2015 жылғы шешімінің орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы сотқа ұсыныс келтірген.

Ұсыныста қарызды ерлі зайыптылардың жалпы қарызы, кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу арқылы деп көрсеткен.

Ақтөбе қалалық сотының 19 сәуір 2016 жылғы ұйғарымымен жеке сот орындаушының ұсынысы қанағаттандырылған. 14 сәуір 2015 жылғы сот шешімінің орындау тәсілі мен тәртібін өзгертіліп, яғни қарызды ерлі зайыптылардың ортақ қарызы деп танып, кепілге қойылған жеке тұрғын үйді өндіріп алу туралы қаулы қабылданған.

Аталған ұсынысты қарау барысында бірінші сатылы сот процесстік заңның нормасын өрескел бұзған.

Іс құжаттарына қарағанда, жеке сот орындаушысы өзінің ұсынысында 14 сәуір 2015 жылғы шешімнің орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы, себебі іс бойынша борышкер Ж., өндіріп алушы Ж., деп көрсетіп, борышкерден өндіріп алушының пайдасына сот шығындары, қарыз сомасы және айыпақы өндірілген. Көрсетілген фактіге мән бермей сот күшіне енген соттың шешімінің шеңберінен шығып кетіп, өндірілген қары соманы ерлі зайыптылардың ортақ қарызы деп таныған. Бұл сұрақ азаматтық тәртіпте бөлек өндірісте, талап арызбен қаралуға жатады.

Сонымен қатар, сот іс бойынша тартылмаған ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін шешкен. Көрсетілген мән-жайлар бойынша сот ұйғарымының күші жойылып, басқа құрамда қайта қарауға жолданды.

АПК-нің 246 бабының талабына сай, Іс бойынша шешім немесе сот бұйрығын шығарған сот, сондай-ақ шешім орындалатын жердегі сот өндіріп алушысы мемлекет болып табылатын атқарушылық іс жүргізулер бойынша мемлекеттік сот орындаушысының өтінішхаты бойынша және (немесе) тараптардың арызы бойынша, егер атқарушылық әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкiн емес ететiн мән-жайлар туындаса, шешімді орындау тәсiлiн немесе тәртiбiн өзгертуі, атқарушылық iс жүргiзудегі тараптардың арызы бойынша сот шешімін орындауды кейінге қалдыруы немесе оның мерзімін ұзартуы мүмкін.

Аталған баптың мәнісі шешімді орындау тәсiлiн немесе тәртiбiн өзгертуі туралы сотқа өндіріп алушысы мемлекет болып табылатын атқарушылық іс жүргізулер бойынша мемлекеттік сот орындаушысы жүгіне алады.

Басқа жағдайларда, ондай құқыққа атқару өндірісі бойынша тараптарға тиесілі. “Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы” заңының 5 бабының 1 тармақшасының талабына сай, сот орындаушысы заңда белгiленген тәртiппен атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде туындаған мәселелер бойынша, оның ішінде орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша борышкерге іздеу салу тұрғысынан сотқа ұсыныстар енгізуге құқылы.

АПК-нің 246 бабының 1 бөлігіне сай, іс бойынша шешім немесе сот бұйрығын шығарған сот, сондай-ақ шешім орындалатын жердегі сот өндіріп алушысы мемлекет болып табылатын атқарушылық іс жүргізулер бойынша мемлекеттік сот орындаушысының өтінішхаты бойынша және (немесе) тараптардың арызы бойынша, егер атқарушылық әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкiн емес ететiн мән-жайлар туындаса, шешімді орындау тәсiлiн немесе тәртiбiн өзгертуі, атқарушылық iс жүргiзудегі тараптардың арызы бойынша сот шешімін орындауды кейінге қалдыруы немесе оның мерзімін ұзартуы мүмкін.

Алайда көңіл аудара кеткен жөн, “Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы” заңының 7 бабының талабына сай, сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзуді жүзеге асыратын тұлға. Іс жүргізу өкілеттігінің шегі аталған заңмен көзделген.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу