Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Соттарымен сот тапсырмаларын орындау туралы

Соттарымен сот тапсырмаларын орындау туралы

Соттарымен сот тапсырмаларын орындау туралы

Соттарымен сот тапсырмаларын орындау туралы

    Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (әрі қарай –АПК) 74 бабының 1,2 тармағына сай, істі қарайтын сот іске қатысатын адамның басқа қаладағы немесе аудандағы дәлелдемелерді қамтамасыз етудің (жинаудың, зерттеудің) қажеттігі туралы өтінішхатын қанағаттандырған жағдайда, тиісті сотқа белгілі бір процестік әрекеттерді жүргізуді тапсырады.

Істі қарайтын сот іске қатысатын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарты бар басқа мемлекеттегі дәлелдемелерді қамтамасыз етудің (жинаудың, зерттеудің) қажеттігі туралы өтінішхаттарын қанағаттандырған жағдайда, осы шарттың ережелеріне сәйкес сот тапсырмасын жібереді.

Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес және халықаралық нормаларымен танылған адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы №54 «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» заңының 1 бабының 6 тармақшасына сай, Қазақстан Республикасының халықаралық шарты деп Қазақстан Республикасы шет мемлекетпен (шет мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен (халықаралық ұйымдармен) жазбаша нысанда жасасқан және мұндай келісімнің бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше құжаттарда екендігіне қарамастан, сондай-ақ оның нақты атауына қарамастан халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық келісімді айтады (шарт, конвенция, пакт, келісім және т.б.) .

АПК-ң 476 бабында, Қазақстан Республикасының соттары өздеріне Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында көзделген тәртіппен берілген жеке іс жүргізу іс-әрекеттерін жасау (хабарламалар мен басқа да құжаттар тапсыру, тараптардан, куәлардан түсініктемелер алу, жергілікті жерде сараптама және тексеріс жүргізу және т.б.) туралы шетелдік соттардың тапсырмаларын орындайды делінген.

Шетелдік соттар жеке іс жүргізу іс-әрекеттерін жасау туралы сот тапсырмаларын орындауған кезде келесі халықаралық құжаттарына сай жібереді :

- «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Конвенциясы негізінде (Кишинев 2002 жылғы 7 қазан);

- «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Конвенциясы (Минск 1993 жылғы 22 қаңтар, 1997 жылғы 28 наурызда өзгерістер енгізілген);

- «Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы» 1996 жылғы 30 қаңтардағы қазақстандық және германиялық делегацияларының келіссөздерінің Хаттамасымен;             

- Шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға байланысты дауларды шешудiң тәртiбi туралы Келiсiмi (Киевте, 1992 жылы 20 наурызда);

 -Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы шартпен (Алматы қаласы, 1997 жылғы 02 маусым).

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2016 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасы соттарының құқықтық көмек көрсетуі және шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмекпен жүгіну нұсқаулығы туралы бұйрығында халықаралық құқықтық ынтымақтастықтың аясында Қазақстан Республикасы соттарының құқықтық көмек көрсетуі және шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмекпен жүгінуі көзделген.

Істі қараушы сот дәлелдемелер жинау қажет болған жағдайда тиісті сотқа белгілі бір іс жүргізу әрекетін АПК нормаларына сай жасауды сот тапсырмасы дейді.

Сот тапсырмасы басқа мекенде орналасқан дәлелдемелерді жинақтау үшін жасайтын әрекет болып табылады.

Сот тапсырмасының негізі болып дәлелдемелерді жинақтау туралы сотқа қатысушы тұлғанынң өтініші болып табылады.

Сот тапсырмасы(АПК 69 бабы) дәлелдемелерді қамтамасыз ету кезінде немесе істі сот талқылауына дайындау кезінде жүргізіледі. Істі қарайтын сот, басқа сотты процессуалдық әрекеттерді жасауды тапсырады, соның ішінде (ҚР АПК 202 бабы 2 тармағы) сотқа қатысушы тұлғалардың түсiнiктемелерiн тыңдайды, (АПК 207 бабы) күәгерді тыңдайды, (ҚР АПК 208 бабы) құжаттарды зерттейді, (ҚР АПК 210 бабының 2 тармағы) заттай дәлелдемелерді зерттейді.

Қазақстан Республикасының соттары процестік әрекеттерін орындау туралы сот тапсырмаларын жіберген:

 - жауапкер (жауапкерлерге), үшінші тұлғаға талап арыздың көшірмесін табыс ету туралы;

 - жауапкергк (жауапкерлерге), үшінші тұлғаға құқықтарын түсіндіру;

 - жауапкерден (жауапкерлерден), үшінші тұлғадан туындаған сұрақтар бойынша түсінікемелерін алу; 4 -жазбаша түсініктемелерін алу ; - күәдан (күәлардан) түсініктеме алу.

ҚР АПК-нің 476 бабына сай, Қазақстан Республикасының соттары заңнамада және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделетін көлемде құқықтық көмек көрсетеді.

Құқықтық көмек көрсету, хабарламаларды, басқа да құжаттарды тапсыруды және жіберуді, сондай-ақ өзге де процестік әрекеттерді орындауды, атап айтқанда, тараптарды, куәгерлерді тыңдауды, сараптама жүргізуді, сол жерде қарап-тексеруді, орындалуы құқықтық көмек көрсету шеңберінде заңнамада немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта не өзара негізде көзделген басқа да процестік әрекеттерді қамтиды.

ҚР соттарына келесідей шет мемлекеттердің сот тапсырмалары түскен:

- Германия Республикасының ;

- Ресей Федерациясының ; Шет мемлекеттердің соттары процестік әрекеттерді орындау туралы сот тапсырмалары келесі халықаралық құжаттарына сай жіберілген:

 - «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Конвенциясы негізінде (Кишинев 2002 жылғы 7 қазан);

- «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Конвенциясы (Минск 1993 жылғы 22 қаңтар, 1997 жылғы 28 наурызда өзгерістер енгізілген).

- «Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы» 1996 жылғы 30 қаңтардағы қазақстандық және германиялық делегацияларының келіссөздерінің Хаттамасымен; Процестік әрекеттерді орындау кезінде хаттамалар толтырылған.

АПК-нің 476 бабының 2 тармағының 1)-3) тармақшаларына сай, Қазақстан Республикасының соттары тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының егемендігіне нұқсан келтіретін немесе Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатер төндіретін; тапсырмаларды орындау соттың құзыретіне кірмейтін жағдайларды;

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, өздеріне заңда немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта не өзара негізде көзделген тәртіппен берілген жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы шетелдік соттардың тапсырмаларын орындайды.

АПК-нің 476 бабына сай сот тапсырмаларын орындаудан бас тартылмаған, тапсырмада көрсетілген мекен жайда тұлғанын тұрмауы сот тапсырмасын қайтарудың себептері болған. Көрсетілген жағдайда, соттар мекен жайын анықтаудың әрекеттерін жасаған.

Егерде арес иесі көрсетілген мекен жайда тіркеліп, бірақ тұрмаған жағдайда, сот приставтарымен тұлғаның көрсетілген мекен жайда тұрмауы 5 туралы акт толтырылып Соттар әкімшісіне тиісті құжаттарымен қайтарылған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 6001-16-7-6/196 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы соттарының құқықтық көмек көрсетуі және шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмекпен жүгінуі туралы» нұсқаулығы, Қазақстан Республикасы соттарының құқықтық көмек көрсетуі және шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмекпен жүгінуді қарастырады.

Құқықтық көмек Нұсқаудың 1,2,3,4,5,6, қосымшаларына сай ресми құжаттары бойынша рәсімделген. Соттар нақты мән-жайлары, сот төрелігінің және қоғамның мүдделерін ескеріп, және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай құқықтық көмек көрсетеді.

Құқықтық көмек көрсету кезінде мемлекеттердің құзыретті органдарыхалықаралық шарттардың қатысушылары бір біріне орталық және аумақтық органдары арқылы жатады (әрі қарай – орталық орган). Құқықтық көмек көрсетудің құыретті органы соттар болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы N 1093 Жарлығына сай, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері бар (соттар әкімшілері бар) Қазақстан Республикасының соттарының құққытық көмек көрсету және шет мемлекеттерінің соттарынан құқықтық көмек көрсетуді сұраудың аумақтық органы болып табылады.

Егерде, Қазақстан Республикасымен жасалған халықаралық шарттарында Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген ережелерінен басқа ережелер бекітілсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Халықаралық шарты болмаған жағдайда құқықтық көмек халықаралық құқық негізінде көрсетіледі.

Халықаралық шарттарына сай, құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы орындаған кезде сұрап отыған мекеме өз елінің заңдарын қолданады.

Шет мемлекеттің сотарының және басқа құзыретті мекемелердің тапсырмалары, егерде халықаралыө шарттарында басқа жағдай көзделмегенде Департаменттің немесе соттар әкімшісі арқылы орындалады.

Шет мемлекет соттарының және басқа құзыретті мекемелердің тапсырмалары сотқа тікелей түскен жағдайда, Департаментті ескертіп орындалуға жатады. 6 Шет мемлекеттердің сот актілерін тану және орындау туралы өтініштер заң талапарына сай, халықаралық шарттарына және аталған нұсқау бойынша қаралады.

ҚР АПК-нің 501 бабына сай, шетелдік соттардың актілері олар заңды күшіне енген кезден бастап үш жыл ішінде тануға және орындатуға берілуі мүмкін.

Дәлелді себеппен өткізіп алынған мерзімді осы Кодекстің 126- бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының соты қалпына келтіруі мүмкін.

 Өтініш 30 күнтізбелік күн ішінде қаралады. Өтінішті қарау барысында сот шетелдік актілердің негізділігін қарамай, заңнамада және халықаралық шартта көзделген талаптар сақталғанын тексереді.

 Нормативтік құқықтық база:

-1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;

-2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ЗРК Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;

-Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54 «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңы;

-«Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Конвенциясы негізінде (Кишинев 2002 жылғы 07 қазан);

-«Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Конвенциясы (Минск 1993 жылы 22 қаңтарда, 1997 жылы 28 наурызда өзгерістер енгізілген);

-«Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы» 1996 жылғы 30 қаңтардағы қазақстандық және германиялық делегацияларының келіссөздерінің Хаттамасы;

- Шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға байланысты дауларды шешудiң тәртiбi туралы Келiсiмi (Киев, 1992 жылғы 20 наурыз);

- Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы шарты (Алматы қаласы, 1997 жылғы 02 маусым).

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

Құжатты жүктеп алу