Оплата за услуги производится исключительно на счёт компании. Для вашего удобства мы запустили Kaspi RED / CREDIT/ РАССРОЧКУ 😎

Главная страница / Кейсы / Жергілікті соттар іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымын дұрыс анықтамаған және қолданылуға жататын заңды дұрыс қолданбаған.

Жергілікті соттар іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымын дұрыс анықтамаған және қолданылуға жататын заңды дұрыс қолданбаған.

Жергілікті соттар іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымын дұрыс анықтамаған және қолданылуға жататын заңды дұрыс қолданбаған.

Жергілікті соттар іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымын дұрыс анықтамаған және қолданылуға жататын заңды дұрыс қолданбаған.


29.06.2023ж. № 6001-23-00-6ап/1174
Талап қоюшы: «Білім басқармасының білім бөлімі» ММ
Жауапкер: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі Ішкі  мемлекеттік аудит комитетінің ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ (бұдан әрі – Департамент)
Даудың мәні: 2022 жылғы 11 қарашадағы анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқаманы (бұдан әрі – Нұсқама) заңсыз деп тану туралы 
Жауапкердің кассациялық шағымы бойынша қайта қарау

ІСТІҢ МӘНІ: 

2022 жылғы 28 сәуірде тапсырыс беруші әрі ұйымдастырушы болып табылатын Білім бөлімі тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен өнім беруші «Ц» ЖШС-мен жалпы сомасы 17 млн.теңгеге «INDIGO –
электронды балабақша: компьютерлік бағдарламасына қосымша сервистік және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді» мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаған. 


«IT» ЖШС-нің шағымы негізінде Департамент электрондық аудиторлық іс-шара жүргізіп, нәтижесінде жылғы 21 қазанда аудиторлық есеп жасалып, 11.11.2022 жылғы 11 қарашада аудиторлық қорытындышығарылған. Бұлардың негізінде Білім бөліміне Нұсқама берілген.Білім бөлімінің уәкілетті органдарға жолдаған шағымы нәтижесіз қалғандықтан ол Нұсқаманы даулап сотқа жүгінген

Сот актілері:
1-і саты: талап қою қанағаттандырылған. Нұсқама заңсыз деп танылып, күші жойылған. Сондай-ақ осы сотпен анықталған бзушылықтар бойынша Департаментке қатысты жеке ұйғарым қабылданған.
Апелляция: өзгеріссіз қалдырылған.
Кассация: сот актісінің күші жойылып, Білім бөлімінің талап қоюынқанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылданды.
Қорытынды:
Білім бөлімімен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 4-бабына сай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жөнінде қағидаттары өрескел бұзылған.


Заңның 39-бабы 3-тармағының 3-тармақшасының талаптарына сәйкес, сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатынтауарларды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ жоба алдындағы немесежобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген тұлғадан осы жоба алдындағынемесе жобалау-сметалық құжаттаманы түзету жөніндегі жұмыстарды сатыпалу мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзденалу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылады.


«Электронды балабақша: компьютерлік бағдарламасына қосымшасервистік және техникалық қызмет көрсету» қызметіне қатысты айрықшақұқықтарға ие тұлға тек қана «Ц» ЖШС-гі екендігі ешқандай делелдемелермен бекітілмеген. Керісінше Қазақстан Республикасының аумағында осындайқызмет көрсететін тұлғалар – әлеуетті өнім берушілер жеткілікті. Кассациялық шағым иесінің және ашықкөз деректеріндегі мәліметтеріне қарағанда басқа өңірлерде конкурс тәсілімен өткізіліп келе жатқан аталған қызметтерді мемлекеттік сатып алуларға «IT» ЖШС-нен басқа «iTeam», «IT F», «InC» ЖШС-лары қатысып, жеңімпаз болып отырған. Бұл мән-жайларды басқа тараптар да теріске шығарған жоқ.Соттардың «IT» ЖШС-гі әлеуетті өнім беруші болмағандықтан Департамент оның шағымы бойынша тексеру жүргізуі заңсыз деген тұжырымы да негізсіз деп тапқан.Себебі Білім бөлімі мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелейжасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырғандықтан басқа әлеуетті өнім берушілердің өз қызметін ұсынуға шектеу қойылып, Заңның 4-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер бермей оның құқығын бұзған. 

Сондықтан «IT» ЖШС-нің Департаментке жүгіну құқығы заң нормаларымен тиым салынбаған.


Осы Заңның 41-бабының 1-тармағына сәйкес, осы Заңның 39-бабының3- тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алу туралышартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсіліментауарларды,жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мұндайтауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген өзге детәсілдермен сатып алу мүмкін болмаған айрықша жағдайларда жүзегеасырылады.
Жоғарыда айтылғандай «Электронды балабақша: компьютерлікбағдарламасына қосымша сервистік және техникалық қызмет көрсету» қызметін өзге тәсілдермен мемлекеттік сатып алу мүмкін болған.
Істің бұл тұрғысында сот алқасы істі жаңадан қарауға жібермей, сот актілерінің күшін жойып, талапты қанағаттандырусыз қалдыру жайлы жаңа шешім қабылдануға жатады деген қорытындыға келген

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.