⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Жол-көлік оқиғасының салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша

Жол-көлік оқиғасының салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша

Жол-көлік оқиғасының салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша

Жол-көлік оқиғасының салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша

Жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы істердің соттылығы

АІЖК-нің 24-бабына сәйкес егер бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау осы Кодекске және басқа да заңдарға сәйкес өзгеше сот тәртібімен жүзеге асырылмаса, оларды қорғау туралы істерді соттар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды.

АІЖК-нің 24-бабының 6-бөлігіне сәйкес соттар - шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел қатысатын ұйымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істерді де қарайды.

Сонымен қатар жалпы юрисдикциялы соттар экономикалық және мамандандырылған соттардың соттылығына жатқан істерді алып тастағандағы істерді қарап, шешеді (АІЖК-нің 30-бабы).

Сөйтіп, құқықтық қарым қатынасы мен олардың субъектілік құрамын ескере отырып, ЖКО салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы істер жалпы юрисдикциясындағы және мамандандырылған соттардың соттылығына жатады.

Сондықтан, соттар талқыланып жатқан дәрежедегі істер бойынша өтініштерін – өтініш азаматтық тәртібімен қарап, шешуге жатпайды деген негіздермен қабыл алмауына құқықтары жоқ, өйткені өтініштер басқа да сот тәртібімен қарап шешіледі (АІЖК-нің 153-бап).

ЖКО салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша даулардың соттылығын айқындау барысында соттар АІЖК-нің 31 және 32 баптарының (денсаулыққа келтірген зиянды өтеу туралы талаптары жағдайында) ережелерін басшылыққа алуы жөн.

АІЖК-нің 31-бабында бекітілген Жалпы соттылық ережесіне сәйкес талап арыз жауапкер – азаматтың мекен-жайы бойынша, немесе жауапкер – заңды тұлғаның орналасу орны бойынша келтіріледі.

Осыған орай, азаматқа келтірілген талап арыздың соттылығын дұрыс шешім қабылдау ұшін жауапкердің мекен-жайы анықталуы қажет, бұл жағдай АК-нің 16-бабы 1 бөлігінің ережелерін ескере отырып анықталады, яғни азаматтың тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекені, оның тұрғылықты жерi деп танылады.

Дауды сотқа дейін алдын ала шешудің белгіленген тәртібімен реттеу

 АІЖК-нің 154-бабы 1 бөлігі 1 тармағына сәйкес, судья талап арызды, егер талапкер істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешудің шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса талап арызды талапкерге қайтарып жібереді.

ЖКО салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша соттардың келесіні ескерулері қажет: қолданыстағы заңнамамен дауды міндетті түрде сот алдындағы, яғни АІЖК-нің 154-бабында көзделген тәртібімен реттеуі бекітілмеген. Сондықтан осы негіз бойынша талапкерге талап арызы қайтарылмайды. Бірақ көрсетілген ереже талапкердің сот алдындағы тәртібі бойынша, оның ішінде көлік құралының иесінің азаматтық жауапкершілігін сақтандырған компаниясына дауды реттеу үшін жүгінуге және шара қолдануына тиым салмайды.

Талап арызды қабылдаудан бас тарту, талап арызды қайтару.

 2015 жылдың 12 қазанында Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қалалық сотымен «Виктория» Сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының Б. Болатовтан келтірілген шығындарды өндіру туралы талап арызы заңдылы қайтарылған, өйткені талап арыға қолтаңбасын «Виктория» СК» АҚ филиал директоры қойған.

Талап арызға филиал директорының «Виктория» Сақтандыру компаниясы» АҚ-ы заңды тұлғаның атынан талап арызға қолтаңбасын қою өкілеттілігі бойынша құқығын растайтын сенімхат тіркелмеген.

ҚР АІЖК-нің 154-бабы 1 бөлігі 4 тармағына сәйкес арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса судья талап арызды қайтарып жібереді.

Іске тіркелген сенімхатының көшірмесінде де филиал директорының талап арызға қол қоюға құқығы көрсетілмеген. 2015 жылдың 14 сәуірінде Қостанай облысының Рудненский сотымен А. Молдағалидің «Нурполис» Сақтандыру Компаниясынан сақтандыру үстемақы өндіру туралы талап арызы қайтарылған.

Қайтарудың негізінің бірі болған себеп – талапкер сақтандыру келісімнің тарабы болып келмейді, сондықтан, келісімді тиісті орындауын талап ету құқығы бар тұлға болып келмейді. Талапкер сақтандыру келісімін келтірген, алайда ол келісім Р.М. Имашевпен жасалған. А. Молдагали мен Р. Имашев арасында талап ету құқығын тапсыруы болғаны туралы деректер жоқ.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша қатынастарының құқықтық реттелуі.

ЖКО-салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша қатынастары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен (әрі қарай ҚР АК), Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жүргізу кодексімен (әрі қарай АІЖК), Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңымен, «Бағалау қызметі туралы» Заңымен, «Жол жүрісі туралы» Заңымен, «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңымен және көлік иелерінің азаматтық-құқықытық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шектеуіндегі көлік құралдарына қызмет көрсету бойынша норма-сағатының және қосалқы бөлшектерінің бағасын айқындау беркелкі әдісі туралы Меморандумымен реттеледі.

Аталмыш деңгейдегі азаматтық істерді қарау және шешудің процессуалдық тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жүргізу кодексімен бекітілген.

 Мемлекеттік баж салығы Жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы істерде

Мемлекеттік баж салығының мөлшері келтірілген талаптың сипаттамасына тәуелді:

1) Бағалауға жататын мүліктік;

2) Мүліктік емес; Бағалауға жататын мүліктік талаптары бойынша мемлекетік баж салығының талап арыздың құнына тепе-тең айқындалады.

Салық кодексінің (әрі қарай СК) 535-бабына сәйкес - мүлiктiк сипаттағы талап арыздардан: жеке тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 1 пайызы; заңды тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 3 пайызы.

Мүліктік емес талаптар бойынша, олардың ішінде моралдық залал өндіру талаптары жатады – мемлекеттік баж мөлшері айлық есептеу көрсеткішіне байланысты айқындалады.

СК-нің 535-бабына сәйкес - тұрғын үйлерді жалға алу шартын өзгерткенi немесе бұзғаны туралы, мұраны қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, тыйым салынған мүлiктi босату туралы талап арыздардан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан – 50 пайыз.

Мүлiктiк сипаттағы және мүлiктiк емес сипаттағы талаптар бір мезгілде көрсетiлген талап арыздар үшiн мүлiктiк сипаттағы талап арыздар мен мүлiктiк емес сипаттағы талап арыздарға белгiленген мемлекеттiк баж бiр мезгiлде алынады.

Сонымен бірге, заңмен мемлекетік баж төлеуден босатылған тұлғалардың шеңбері айқындалғанын да ескерілуі тиіс.

Істі мәнісі бойынша шешу кезінде АІЖК-нің 110-бабын басшылыққа алуы тиіс, соған сәйкес сот өз пайдасына шешім шығарылған тарапқа іс бойынша шеккен барлық сот шығыстарын екінші тараптан алып береді, екінші тарап сот шығындарын төлеуден босатылған болса да.

Талап арыздың нысаны мен мазмұны, талап арызға қоса тіркелетін құжаттар.

ЖКО салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша талап арызға АІЖК-нің 150-бабында көзделген жалпы талаптары қойылады.

АІЖК-нің 151-бабын ескере отырып талап арызға қоса тіркелетін: жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесі; мемлекеттік баж төлеуді растайын құжат; өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат; талапкер өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшірмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелері; оны дауға салған жағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні; талапкердің мерзімді кейінге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату немесе олардың мөлшерін азайту туралы, талап қоюды қамтамасыз ету, дәлелдемелерді талап ету туралы өтініші және, егер олар талап арызда жазылмаған болса, басқалар да қоса тіркеледі.

Нақтылай келсек талап арызға ЖКО-сы болғанын (мысалғы ЖПБ-нің анықтамасы), зиян келтіруді және оның мөлшерін растайтын құжаттар тіркелуі тиіс. Басқа қажетті құжаттары істің мән-жайына байланысты.

Көрсетілген талаптары сақталмаған жағдайда, АІЖК-нің 155-бабына сәйкес, өтінішті қозғалыссыз қалдыруға негіз болып табылады.

Істің сот талқылауына әзірленуі

АІЖК-нің 168-бабына сәйкес, талап арызды қабылдағаннан кейін судья істі сот талқылауына әзірлеуі туралы ұйғарымын шығарып, жасалатын тиісті әрекеттерін көрсетеді.

Азаматтық сот іс жүргізудің айтысу принципіне сүйене отырып, сдуья істі сот талқылауына дайындығын тараптардың, іске қатысушы басқа тұлғалар мен олардың өкілдерінің қатысуымен жүргізеді. Сонымен қатар, қолданыстағы азаматтық іс жүргізу заңына сәйкес осы кезеңде басты рөлі нақты тараптар мен басқа да іске қатысушы тұлғаларға жүктеледі. Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды, іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, іс жүргізу әрекеттерін жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертеді және осы Кодексте көзделген жағдайларда олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Сөйтіп,

АІЖК-нің 170-бабында судьяның істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттерінің тізімі көрсетілген.

Әр азаматтық іс бойынша сотқа әзірлеу міндетті болғандығынан АІЖК-нің 16 бабының ережелері ЖКО салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы істеріне де қолданылады. Сонымен бірге, талқылауға жататын санаттағы істер өздерінің істі сот талқылауына әзірлеуінің ерекшеліктері бар.

Дәлелдер мен дәлелдеу

АІЖК-нің 166-бабына сәйкестігінің сот талқылауына әзірлеудің мәселелерінің бірі ол тараптар және процесске қатысушы басқа да тұлғалардың қажетті дәлелдердің келтіруі.

Сондықтан істі сот талқылауына әзірлеу кезінде судья талап арыздың және тіркелген құжаттардың көшірмесін не қолдарына береді, не жолдайды, сонымен бірге өзі белгілеген бір мерзім ішінде талап арызға пікірін (қарсылығын) келтіруін ұсынады.

Нақты айтқанда, ЖКО салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша дәлдеу нысанына келесідей жағдайлар кіреді:

1) ЖКО-нің фактісі;

2) ЖКО-нәтижесінде жәбірленушінің мүлігіне, денсаулығына зиян келтіру фактісі;

3) Зиян келтірушінің құқыққа қарсы мінез-құлқы мен жәбірленушіге келтірілген зиянның арасындағы себепті байланысының бар болуын;

4) Жәбірленушінің мүлігінің бүлінуімен келтірген зияннің мөлшері;

Егер сонымен бірге (өз бетінше) денсаулығына келтірген зиянын өтеу туралы талабы қойылған жағдайда дәлелдеу нысанына қосымша тағы осындай жағдайлар кіреді:

1) Жәбірленушінің денсаулығына зиян ЖКО салдарынан келтірілген фактісі;

2) Жәбірленушінің еңбекке жарамдылығынанайырылудың дәрежесі мен ұзақтығы;

3) Санаторлы-курорттық емдеуіне, протездеуіне және басқасына да мұқтаждығын;

4) Дәріге, медициналық қызметіне, қосымша тамаққа, бөтеннің күтіміне шығындарын;

5) Іс бойынша басқа да жағдайлары.

Егер жәбірленуші моралды зиян өтеуді өтіңген болса, онда дәлелдеудің нысаны ұлғаяды, соған сәйкес жәбірленуші жан және (немесе) тән зардабын дәлелдеуге тиіс. Көлік құрылғысының иесінің азаматтық жауапкершілігін сақтандырған сақтандыру компанияларына қойылған талабын қарау және шешу барысында азаматтық іс бойынша дәлелдеуге жататын нысындарға көлік құрылғысының иесінің азаматтық жауапкершілігі сақтандырылғаны туралы келісімі, сақтандыру келісімнің ЖКО-сы кезіндегі әрекеттлігі фактісі кіреді.

Сақтандыру компанияларының суброгация тәртібімен талап арыздары бойынша дәледеу нысанына сақтандырушы жәбірленушіге сақтандыру өтемін төлеу фактісі кіреді. Осы санаттағы істер бойынша дәлелдеу бойынша міндеттерінің бөлінудің ерекшеліктері бар, яғни зиян келтірушінің кінәсі презумпцияға жатады, өйткені талапкер жауапкердің – жоғары қауіптіліктің көзінің иесінің – кінәсін дәлелдеуге міндетті емес, тек қана зиянның (мүлкітік, денсаулығына зияны) мен көлктік құралдың зияндық қасиетінің белгілер мен келтірілген зиянның арасындағы себепті байланысын дәлелдеуге тиіс. Сонымен бірге, аталған презумпциямыз әшкерлі болады, өйткені жауапкер келтірілген залалды өтеуінен босатылады, егер ол зиян еңсерілмейтін күштің салдарынан немесе жәбірленушінің пиғылынан келгенін дәлелдесе.

Жауапкер келтірілген зиянды өтеуден босатылады, егер ол қауіптіліктің көзі оның иелігінен басқа адамдардың құқыққа қарсы әрекеттерінің нәтижесінде шығып кетсе, бірақ бұл презумпция болмайды. Бұндай жағдайдың бар болған кезде жауапкер көлік құралының оның иелігінен құқыққа қарсы әрекеттерінің нәтижесінде шығып кеткенінін дәлелдеуі міндетті.

АК-нің 931-бабына сәйкес, жоғары қауiптiлiк көздерiнiң өзара iсқимылы салдарынан олардың иелерiне келтiрiлген зиян жалпы негiздерде өтелетіндігіне соттардың естерінде болғаны жөн. ЖКО салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша АІЖК-нің 64-бабының ережелері қолданылуы мүмкін, соған сәйкес іс үшін маңызы бар жағдайлары әр түрлі дәлелдеу тәсілдерінен алынуы мүмкін: тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктерінен, куәлардың жауаптарынан, жазбаша және заттай дәлелдерінен, сарапшылардың қортындыларынан.

Судьяның дәлелдерді алу бойынша әрекеттеріне – дәлелдер ауыртпалылығын тараптар арасында бөлшекетуі: қатыстылығы мен жол берушілігін ескере дәлелдеу нысаны бойынша дәлелдердің мөлшерін анықтау; тараптар мен процесске қатысушы адамдардан дәлелдерді алу; дәлелдерді алу бойынша тараптарға көмек көрсету (тараптардың тілекталабы бойынша судья өзі, немесе тараптардың қолына сотқа келтіру мақсатында дәлелдер берілсін деген сот тапсырысын беру жолымен олардың талап етуі); ерекше жағдайларда дәлелдерді өздік бастамасынан талап етуі кіретіндігіне соттардың назарын аударылуы тиіс.

Дәлелдерді талап ету (жинақтау) сот бастамасымен жүргізілуі сот төрелігін айтысу және теңдік негізінде атқарудағы жалпы ережелерінен ерекшелігі болып табылады.

Осы санаттағы істер сот талқылауына мұқият әзірленуі қажет. Дайындалудың ерекшелігі ретінде - қойылған талап арызды мұқият зерттеуі, оның мақсаты:

осы даудың қаралуына мүдделі барлық тұлғаларын анықтау;

және көлік құралының басыбайлығын анықтауы;

көлік құралын басқарған тұлғалардың өкілеттігін;

ЖКО-сы болған орнын анықтау; ЖКО-да неше көлік құралының қатысқанын анықтау;

ЖКО-сы немесе қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы материалдарының орнығу орнын және осындай материалдарды қарау нәтижесін анықтауы болып табылады.

Практикаға қарағанда, осы санаттағы істерді қарау кезіндегі жауапкердің қарсылықтары екі дәрежеге бөлінеді: зиян келтірушінің кінәлілігі бойынша қырсылық және келтірілген зиянның мөлшеріне қарсылығы. Сондықтан ЖКО-сы бойынша бастапқы материалды сұратуы осы санаттағы барлық істер бойынша қажет: біріншіден – жауапкерлер немесе басқа тұлғалардың кінәлілігі туралы мәселесін шешуге, екіншіден – ЖКО-ның қатысушыларының, сақтандыру компаниясының өкілдерінің, ЖПБ-нің қызметкерлерінің автокөліктердің бүліңген жерлерінің сипаттамаларын талапкер келтірген сарапшының қортындысымен, дәлелдерімен, талапкер шығындарының шынайы мөлшерімен салыстыру үшін, осылардың осы ЖКО-на қатыстылығы мен негізділігін анықтау мақсатында қажет.

Талапкерлерден көлік құралына құқық орнататан құжаттары да талап етілуі тиіс, өйткені, өзінің мүлігіне келтірген зиянның орнын толтыруы туралы талапты, меншік иесі берген сенімхат арқылы көлік басқарған адам емес, тек қана меншік иесі қоя алады. Сенім білдірілген адамның өз атынан талап арыз жазып, сол талап арызды қабылдап, солардың пайдасына шешім шығарған сот қатесі жиі болып келеді.

Зиянды өтеу туралы сақтандыру компанияларына келтірілген азаматтық істерді сот талқылауына әзірлеу барысында соттар сақтанушы сақтандыру төлемін төлеуден бас тарту себебін анықтауы қажет, ол үшін сақтандыру ісі талап етілуге тиіс. Егер бас тарту себебі ретінде сақтанушың кінәсі жоқтығы және кінәсі талапкердің өзіне немесе оның өкіліне көрсетілген болса, онда, талапкердің немесе оның өкілін зиян келтіруден сақтандырған сақтанушыны талапкердің тарапындағы үшінші тұлға ретінде тарту қажеттілігі туындайды.

Істі сот талқылауына әзірлеу барысында соттар талапкерлерден егер ол мүлік басқа адамның меншігінде болған жағдайда, оның бүлінген мүлігіне меншік құқығын немесе мүлігі бүлінген жағдайда оның зиянын өтеу құқығын дәлелдейтін құжаттарын талап етуге тиіс. Ондай құжаттарға: сатып алу-сату келісімі, көлік құралының төлқұжаты, көлік құралын тіркеу туралы куәлігі болуы және де мүлік талапкердің (жәбірленушінің) меншігінде екендігін дәлелдейтін басқа да дәлелдер жатады.

Зиян келтірудің, яғни ЖКО-сы фактісіннің дәлелі – ЖПБ-нің анықтамасы, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы, қылмыстық іс қысқартылғаны туралы қаулы, сотардың үкімдері мен шешімдері, сақтандыру компанияларының өкілдерінің жасаған құжаттары, егер не бір жағдайлар бойынша ЖПБ-нің қызметкерлері шақырылмаған жағдайда - зиян келтірушінің зиян келтіргенін мойындау туралы қолхаттары, ЖКО-ның қатысушыларының оқиға сызбалары мен олардың түсініктері, көлік құралдарын қарау хаттамалары, куәлардың түсініктері, кино-бейне материалдары және басқа да дәлелдері жатады.

Анықтауға жататын жағдайларға – көлік құралдарының қақтығысуындағы ЖКО-ның қатысушыларының кінәсін айқындалуы жатады.

Мүліктің шығынға ұшырауы немесе бүлінуінің зиян мөлшері бағалаушы-мамандардың қорытындысымен, талапкердің шынайы шығынындарын дәлелдейтін дәлелдерімен (шот-фактура, тапсырыс-нарадтары, кассалық және сауда түбіртектері) расталуы мүмкін.

Сот талқылауы

Азаматтық құқықтары мен міндеттерінің басталуының негіздерінің бірі «басқа тұлғаға зиян келтіру» болып келеді.

Сондықтан, зиян келтіру, өз бетінше негіз болып, азаматтық-құқықтық қатынастың туындауына апарады, онда жәбірленуші – кредитор (оның талап ету құықығы бар), ал зиян келтіруші – борышкер (міндеттелген тұлға) болып табылады. ЖКО-мен келтірілген зияннің міндеттемелері жауапкершіліктері қатарына, басқаша айтса – келісімсіз міндеттемелеріне жатады. Қауіптілігі жоғары көздеріне – көрсетілген нысандарды пайдалану барысында адам толық қадағалай алмайтын зарарлы қасиеті бар материалды объектілері жатады.

Сөйтіп, көлік құралын лезде тоқтатуы мүмкін емес, бұл жағдай айналадағылрға жоғары қауіптілігін тудырады. «Жол жүрісі туралы» Заңының 1 бабы 24 бөлігіне сәйкес жол-көлiк оқиғасы – көлiк құралының жолда жүруі процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залалға әкеп соққан оқиға. Көлік құралы - жолдарда жүруге және олармен адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты тасымалдауға арналған көлік құралдары болып танылады.

Қауіптілігі жоғары көздеріне жатқызу критерийі ретінде оның ЖПБ-де тіркеу фактісі болып саналмайды, себебі ол жерде механикалық ауыл шаруашылық және ауыл жерлердегі басқа да техникасы (тракторлар, бульдозерлер, комбайындар ж.т.б.) тіркелмейді, бірақ олар қауіптілігі жоғары көздеріне жатқызылуы тиіс. Көлік құралының әрекетімен келтірілген зиян үшін оның тікелей бағытындағы пайдалануы және олардың өздігінен зарарлық қасиеттерінің өздігінен білінген кезде де мүліктік жауапкершілік басталуы тиіс (мысалы: автокөліктің өздігінен жүруп кетуі кезінде).

Сонымен бірге, келтірілген зиян үшін жауапукершілік тек қауіптілігі жоғары көздерінің әрекеті нәтижесінде (мысалы автокөліктің жылжуы барысында) болған жағдайда басталады, яғни зиян келуі мен тиісті объектінің оның пайдалану кезіндегі зарарлық қасиетінің сипатты білдіруінің арасындағы себеп-салдарлық байланысын айқындалуын болжамдайды.

Сондықтан ережелер жылжымай тұрған көлік құралына қолдана алмайды. Заңның ережелерінің мағыныса бойынша – ЖКО-сы кезінде келтірілген зиян үшін жауапкершіліктің субъктісі болып көлік құралының иесі болып табылады.

Бұндайларға, оларға қатысты меншік иелігіне, шаруашылық жүргізуіне, жедел басқару немесе басқа негіздеріне (жалға алу келісімі, қауіптілігі жоғары көздерін уақытша пайдалану үшін құзыретті органдардық өкміне сәйкес көлік құралын басқаруына сенімхатымен берілген) сәйкес қауіптілігі жоғары көздерін қолдануын жүзеге асыратын мекеме немесе азаматы жатады. Көлік құралының иелері жеке тұлға да, заңды тұлға да бола алады.

Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 6-бабының 6-бөлігінде айқындалғаны - сот дауларды әділдік пен парасаттылық өлшемдерін негізге ала отырып шешуге міндетті.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 8-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын, ал кәсiпкерлер - бұған қоса iскерлiк әдептiлiк ережелерiн сақтауға тиiс. Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа жаққа зиян келтiруге, құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетiндей етiп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерiне жол берiлмейдi.

Келтірілген залалды регресс тәртібімен талап қою құқығы

Келтірілген залалды регресс тәртібімен ҚР «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының 28-бабына, яғни кері талап қою құқығы сәйкес өтеу бойынша талап арыздар бойынша істердің жеке дәрежесін құрайды.

Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылушыға) төленген сома шегiнде мынадай жағдайларда, егер:

1) сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi оның, қажеттi қорғану және аса қажеттiлiк жағдайында жасалған iсәрекеттерiн қоспағанда, сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септiгiн тигiзетiн қасақана iс-әрекеттерi салдарынан басталса;

2) сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi оның көлiк құралын алкогольге, есiрткiге немесе уытқұмарлыққа мас болып жүргiзуi салдарынан басталса;

3) көлiк құралын жүргiзушi адамның көлік оқиғасы жасалған кезде оны жүргізуге құқығы болмаса;

4) соттың iстi талқылауы барысында сақтандыру жағдайы көлiк құралының техникалық ақауы салдарынан болғаны, олар туралы сақтанушының (сақтандырылушының) бiлгенi немесе бiлуге тиiстi екенi анықталса;

5) көлiк құралы оның техникалық сипатына сай емес мақсаттарға пайдаланылса;

6) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды азайту жөнiндегi шараларды қасақана қолданбаса;

7) көлiк құралын жүргiзушi адам көлiк оқиғасы болған жерден қашып кетсе;

8) көлік құралын жүргізген және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландыруға жіберілген тұлға дәлелсіз себептермен мұндай куәландырудан өтпесе, кері талап қоюға құқылы.

«Нұрбанк» АҚ-ның Еншілес ұйымы» «Нурполис» Сақатндыру компаниясы» АҚ-ның жауапкер С. Аумековтан сақтандыру төлемдерінің соммасын Қазақстан Республикасының Заңының 28 бабының 1 б. 3 т сәйкес регресс тәртібімен өндіру туралы талап арыз бойынша талапкер жауапкерден жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін регресс тәртібімен талап етуге құқылы деп, соттан жауапкер С.А. Аумековтан 144 407 теңге өндіруді сұраған, Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара аудандық сотының 2015 жылғы 03 қыркүйегінің шешімімен сот құқылы түрде талаптарды қанағаттандырусыз қалдырған.

Соттың анықтағаны: Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 17.02.2015 жылғы қаулысымен Аумеков Қазақстан Республикасының ӘҚтК-нің 610 бабы 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасаған деп кінәлі танылып, оған 10 АЕК-ші көлемінде айыппұл ретінде әкімшілік жаза қолданылған.

Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының 28 бабы 1 бөлігі 3 тармағына сәйкес сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылушыға) төленген сома шегiнде, егер көлiк құралын жүргiзушi адамның көлік оқиғасы жасалған кезде оны жүргізуге құқығы болмаса кері талап қоюға құқылы. Бірақ, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының анықтағаны: ЖКО-сы жасау кезінде жауапкердің көлік құралын басқаруға құқығы болған. Аумековтң атына 14.10.2011 жылы берілген ХХ №204239 жүргізушінің куәлігі іс материалдарына тіркелген, және соттың қаулысымен басыбайлығы бойынша қайтарылған.

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданының № 2 сотының 2015 жылғы 27 сәуіріндегі шешімімен ««Standart» Сақтандыру компаниясы» АҚ-ның С.Калбаевтан келтірілген залалды регресс тәртібімен өндіру туралы талап арызын - Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының 28 бабы 1 бөлігі 4 тармағына сәйкес сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылушыға) төленген сома шегiнде соттың iстi талқылауы барысында сақтандыру жағдайы көлiк құралының техникалық ақауы салдарынан болғаны, олар туралы сақтанушының (сақтандырылушының) бiлгенi немесе бiлуге тиiстi екенi анықталса кері талап қоюға құқылы деп сүйене отырып қанағаттандырған.

Соттың көрсеткені: әкімшілік іс бойынша қаулысымен анықталғаны – Калбаев Х 672 NWN тіркеу нөмірлі, тіркемесінің 8710 ХА нөмірлі «Камаз» маркалы автокөлігін басқара отырып, В. Гесиннің басқаруындағы С 722 ОКМ тіркеу нөмірлі «Даймлер Бенц» маркалы авткөлігімен, содан соң М. Агдарбековтың басқаруындағы М 544 ТЕМ тіркеу нөмірлі «Флольксваген» маркалы автокөлігімен, М. Зейниловтың басқаруындағы 509 ВКА 09 мемлекеттік нөмірлі «Тойота» маркалы автокөлігімен қақтығысқан. ЖКО-сы нәтижесінде жәбірленушіге материалдық залал келтірілген. 19.03.2014 жылғы сот қаулысымен жауапкер ЖКО-жасаған болып кінәлі деп танылып, әкімшілік жазасы тағайындалған. Сот, жауапкер өзінің уәждерін негіздейтін дәлелдерін келтірген жоқ деп санайды.

Бірақ, көлік құралының техникалық ақауын срапшылық ұйыммен айқындалған жоқ, іс бойынша түсініктеме беру үшін маман тартылмаған, АІЖК-нің 90, 91-баптарына сәйкес сараптама сарапшы арнаулы ғылыми білім негізінде жүргізетін оның объектілерін зерттеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар анықталуы мүмкін жағдайда тағайындалады. Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы өзге адамдардың мұндай білімінің болуы сотты тиісті жағдайларда сараптама тағайындау қажеттігінен босатпайды.

Қызылорда облысының Жанақорған аудандық сотының 2015 жылғы 6 сәуіріндегі шешімімен ««Цесна гарант» Сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Сарсенов Шынгыс Макешовичтен келтірілген залалды регресс тәртібімен өндіру туралы талап арызын - Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының 28 бабы 1 бөлігі 2 тармағына сәйкес қанағаттандырған, өйткені Алматы облысының Талғар аудандық сотының 2014 жылғы 30 қаңтарындағы үкімімен Сарсенов Қазақстан Республикасның Қылмыстық кодексінің 296 бабы 1 бөлігінде көзделген қылмысын жасаған деп кінәлі болып танылып, сотта анықтағаны: 2013 жылдың 21 тамызында жауапкер Сарсенов автокөлікті мас күйінде басқара отырып, Н.В. Татаровтың, К.С. Абировтың, Р.У. Турсуновтың басқаруларындағы көліктерімен қақтығысып, 1999 жылы туған А. Мейрамбекованың, 2009 жылы туған А. Мейрамбектің, 2004 жылы туған А. Мейрамбекованың денсаулығына залал келтірілген. «Kaspi сақтандыру» АҚ-ның Ж. Нысанбаевтан регресс тәртібімен сомма өндіру туралы азаматтық іс бойынша Қызылорда облысының Қазалы аудандық сотының 2015 жылғы 15 маусымындағы шешімімен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 840 бабы 1 бөлігі мен 931 бабының талаптарына сілтеме жасай отырып, егер мүлiктiк сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға, сол төленген соманың шегiнде, сақтандыру нәтижесiнде өтелген залалдар үшiн жауапты адамға қоятын сақтанушының (сақтандырылған адамның) талап қою құқықтары ауысады деп талапкердің талаптары толық көлемде қанағаттандырып дұрыс шешпеген.

Сотың көрсеткені: жүргізуші Нысанбаевтың жол-көлік оқиғасын жасаған деп кінәсі Қазалы ауданының аудандық сотының 25.09.2014 жылғы қаулысымен дәлелденеді, ол кісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 468 бабы 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылығын жасаған деп кінәлі болып танылған.

Бірақ сот, қолдануға жататын заңын қолданбаған, Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының 28 бабына сәйкес сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылушыға) төленген сома шегiнде мынадай жағдайларда, егер: сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi оның көлiк құралын алкогольге, есiрткiге немесе уытқұмарлыққа мас болып жүргiзуi салдарынан басталса; көлiк құралын жүргiзушi адамның көлік оқиғасы жасалған кезде оны жүргізуге құқығы болмаса; көлік оқиғасы орнына тасаланса және т.б. деген назарға алмаған.

Сотта жүргізуші Нысанбаевтың Заңның 28 бабына сәйкес сақтандыру соммасын кері талап ету үшін кінәсі айқындамаған.

Соттар жол-көлік құралдарымен келтірілген залалды өтеу бойынша талап арыздарды қарау кезінде тараптардан олардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтыққұқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес сактандырылға-сақтандырылмағандығын анықтамайды, және дау шешу барысында сақтандыру компаниясын әрдайым тартпайды.

Көлік құралының тауардық түрінен айырылу үшін зиянды өтеу жөнінде талап арыздары бойынша істер

Моральдық залалды, жіберілген пайданы, оның ішінде мүліктің тауарлы құнынан айырылуды өтеуі сақтандыру соммасымен қамтылмайды, көрсетілген жағдай Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 01 шілдесіндегі «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті түрде сақтандыру туралы» Заңының 10 бабы, 2 тармағына сәйкес көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында мүлiктің тауарлық құнының жоғалтылуын, сондай-ақ жәбiрленушiнің тауарларды жеткiзудiң немесе жұмыстарды жүргiзудiң (қызметтер көрсетудiң) мерзiмдерiн, оның келiсiм-шарттар (шарттар) бойынша өзге де мiндеттемелердi бұзуына байланысты тұрақсыздық айыбын өтеудi қоса алғанда, жәбiрленушінің моральдық зиянын және ала алмаған пайдасын өтеудi есептемегенде, жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi деп көрсетілген.

Сот, Е. Фигольдың А. Ахановтан жол-көлік оқиғасы нәтижесінде келтірілген материалдық залалды өндіру туралы талаптарын заңды түрде қанағаттандырған, сол талап арызында талапкер жауапкерден көлік құралының тауардық түрінен айырылу себебінен 114 597 теңге соммада материалдық залалын, 7 000 теңге көлемінде бағалаушының қызметі бойынша шығыналырын, 1 146 теңгелік мемлекетік бажды төлеумен байланысты шығындарын өндіруді сұрайды. Жылжымайтын мүлікті бағалау туралы 18.09.2014 жылғы № 452 есебіне сәйкес көлік құралының тауардық түрінен айырылуы 114 597 теңге құрайды. Жауапкердің талапкерге материалдық залалды келтіру бойынша кінәсі сот қаулысымен айқындалған.

Қалпына келтіру жөндеу жұмыстарымен айқындалған 479 348 теңге көлеміндегі ЖКО-сы нәтижесінде келтірілген материалдық залалдың соммасын кінәлінің жауапкершілігін сақтандырған сақтандыру компаниясы өтеді. Көлік құралының тауардық түрінен айырылумен байланысты құнының төмендеумен келтірілген залалдың соммасын сақтандыру компаниясы төлеуден бас тартты. Талапкердің көрсеткені - Лада 21703-139-23 автокөілігін сатып алуына елеулі қаражат жұмсаған, өйткені банктік займ келісімін жасаған, одан кейін ақша қарызға алған, автокөлік – өзі және өзінің отбасы үшін табыстың жалғыз көзі болып келеді.

«Автотрест» ЖШС-нің директоры, бағалаушы А.А. Кирсанов заңда көзделген тәртібімен талапкердің көлік құралын пайдалану нәтижесінде келтірілген залалдың көлемін бағалауын жүргізуіне құқығының иесі, сотта келесідей көрсетті: жүргізілген бағалау зерттеулерімен Е.В. Фигольдің иелігіндегі 2013 жылы шығарылған 913 АРА09 мемлекеттік нөмірлі Лада 21703-139-23 автокөлігінің тауардық түрінен айырылу көлемі 114 597 теңге деп анықдаған. Заңда осындай залалдың орнын толтыру мүмкіндігі көзделген себебінен көлік құралының тауардық түрінен айырылуы анықталған техникалық бүлінулері салдары мен қалпына келтіру жөндеу жұмыстарының жүргізілетін салдары негізінде бағалауға жатады, ол көліктер шығарылған күннен бастап үш жылдан аспауға, тозуы 40 пайыздан төмен, 40 000 шақырымнан төмен жүрісі болуы тиіс.

Сотқа келтірілген «Автотрест» ЖШС-нің 18.09.2014 жылғы № 452 бағалау туралы есебіне сәйкес – талапкерге көлік құралының тауардың түрінен айырылуымен келтірілген материалдық залалы 114 597 теңге құрайды. Автокөлік тауарлық түрінен айырылуы бірден жол-көлік оқиғасынан кейін, қалпына келтіргенше дейін жүргізіледі. Автокөлікті жол-көлік апатына түсуі, толық қалпына келтіргеннен кейін болса да оның нарықтық бағасына елеулі әсері тиеді, өйткені апатқа ұшыраған көлік, апат барысында бүлінуіне ұшырамаған көліктен арзан тұрады. Сөйтіп, соттар көлік құралының тауардық түрінен айырылу себебінен залалды өндіру туралы талап арыздарын қарау барысында келесі жағдайға назар аударғаны жөн - ЖКО-ның нәтижесінде көлік құралының тауардық түрінен айырылуының бағалауы - шыққан жылынан бастап үш жылға дейін автокөлігіне, немесе апат кезінде көліктің амортизациялық тозуы 40 % аспаған болса жүргізіледі.

Автокөлік тауарлық түрінен айырылуы бірден жол-көлік оқиғасынан кейін, қалпына келтіргенше дейін жүргізіледі. Автокөлікті жол-көлік апатына түсуі, толық қалпына келтіргеннен кейін болса да оның нарықтық бағасына елеулі әсері тиеді, өйткені апатқа ұшыраған көлік, апат барысында бүлінуіне ұшырамаған көліктен арзан тұрады. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімі бойынша көлік иесінің мүлікті бүлінуімен келтірілген залал ғана емес денсаулықтың бүлінуі үшін де жауапкершілігі сақтандырылады, сонымен бірге бір сақтандыру жағдайы бойынша, оның ішінде әр сақтандыру төлемінің шекті мөлшерінен асатын жәбірленушіге келтірілген залал үшін де сақтандырушы субсидиарлы (қосымша) жауапкершілігін көтереді.

Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтыққұқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының 24 заңына сәйкес бiр сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша сақтандырушы жауапкершілігiнiң шектi көлемi мынаны құрайды (айлық есептiк көрсеткiшпен, оның ішінде мертiгуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектiк белгіленбеген өзге де бұзылуына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 300 АЕКтен көп емес.

Сақтандыру төлемiнiң мөлшерi стационарлық емделудiң әрбiр күнi үшiн кемiнде 10 айлық есептiк көрсеткiштi құрауы тиiс Сөйтіп, заңның мәнісіне қарай, көлік құралдары иелерінің азаматтыққұқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімі бойынша көлік иесінің мүлікті бүлінуімен келтірілген залал ғана емес денсаулықтың бүлінуі үшін де жауапкершілігі сақтандырылады, сонымен бірге бір сақтандыру жағдайы бойынша, оның ішінде әр сақтандыру төлемінің шекті мөлшерінен асатын жәбірленушіге келтірілген залал үшін де сақтандырушы субсидиарлы (қосымша) жауапкершілігін көтереді.

Кейбір оқиғалар бойынша соттар Заңның 24-бабының, 1-бөлігінің 1- тармағының жоғарыда аталған ережелерін, яғни амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерiне, бiрақ 300-ден көп емес деген дәлелдер келтірілген жағдайда өтелуге тиіс, алайда ондай дәлелдер жоқ болған жағдайда сақтандыру төлемiнiң мөлшерi стационарлық емделудiң әрбiр күнi үшiн кемiнде 10 айлық есептiк көрсеткiштi құрауы тиiс деп дұрыс түсінбеген

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу