128-бап. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартуға:
1) отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісінің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен асуы;
2) учаскелік комиссияның материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш берушінің бас тартуы;
3) адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған, учаскелік комиссияның мұқтаждықтың жоқтығы туралы қорытындысы;
4) осы Кодекстің 122-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшесінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде бас тартуы;
5) алушының кінәсінан бұрын жасалған әлеуметтік келісімшартты бұзу және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайталап өтініш бергеннің алдындағы алты ай ішінде;
6) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттарды олар ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде ұсыну негіз болып табылады.
Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы