Кәмелетке толмаған ұлдары даулы пәтерге қоныстандыру және осы мекенжайға тұруларына, кіріп-шығуларына кедергі келтірмеу
Талап арыздың нысаны мен негіздерін дұрыс анықтамау азаматтық іс бойынша заңсыз қаулылар қабылдауға себеп болған. Талапкерлер М., Қ. және кәмелетке толмаған ұлдары Д. жауапкерлер А.-ға және И.-ге Қызылорда қаласы Бұхарбай батыр көшесіндегі 48-үйдің 16-пәтеріне (бұдан әрі – даулы пәтер) қоныстандыру және осы мекенжайға тұруларына, кіріп-шығуларына кедергі келтірмеу туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Қызылорда қалалық сотының 2012 жылғы 12 қарашадағы шешімімен талапкерлердің арыздары қанағаттандырылған. Жауапкерлер А. мен И.-ге М., Қ.-ны және олардың кәмелетке толмаған ұлдары Д.-ны даулы пәтерде тұруына кедергі келтірмеу міндеттелген. М.ның пайдасына А. мен И.-ден 1 618 теңге мемлекеттік баж өндірілген. Қызылорда облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2012 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен сот шешімінің күші жойылған. М.-ның, Қ.-ның және олардың кәмелетке толмаған ұлдары Д.-ның жауапкерлер А.-ға және И.-ге даулы пәтерге қоныстандыру және онда тұруларына, кіріп-шығуларына кедергі келтірмеуді міндеттеу туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс өндірістен қысқартылған. Қызылорда облыстық сотының кассациялық сот алқасының 2013 жылғы 31 қаңтардағы қаулысымен апелляциялық сот алқасының қаулысы өзгеріссіз қалдырылған. Талапкерлер Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасына берген өтінішінде апелляциялық және кассациялық сот алқалары қаулыларының күшін жойып, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдыруды сұраған.
Кәмелетке толмаған ұлдары даулы пәтерге қоныстандыру және осы мекенжайға тұруларына, кіріп-шығуларына кедергі келтірмеу
Қадағалау сот алқасы іс бойынша талапкер М.-ның өтінішті қолдаған түсінігін, прокурор И.-дың апелляциялық және кассациялық сот алқалары қаулыларының күшін жойып, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдыруға жатады деген қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын зерделеп,төмендегі негіздерге байланысты дау айтылған сот актілерінің күші жойылуға жатады деген тұжырымға келді. Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнің (бұдан әрі – АІЖК) 387-бабының 3-бөлігіне сәйкес, материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады. Іс бойынша жиналған дәлелдемелерге сәйкес, талапкерлер М. мен Қ. 1986 жылғы 14 тамыздан бастап заңды некеде тұрған, осы некеден 2002 жылғы 09 тамызда ұлдары Д. туған. М. жұбайы Қ.-мен заңды некеде бірге тұрған кезінде Қызылорда қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 23 мамырдағы қаулысының негізінде, 2006 жылғы 24 мамырдағы сатып алу-сату шартына сәйкес, Қызылорда қаласы Бұхарбай батыр көшесінде орналасқан даулы пәтерді өз меншігіне сатып алған. Аталған жылжымайтын мүлік талапкерлердің ортақ меншігі болып табылады. Сотта анықталғанындай, Қызылорда қалалық сотының 2012 жылғы 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес, М.-ның қарсы талап арызы қанағаттандырылып, жауапкерлер А. мен И.-ды даулы пәтерден отбасы мүшелерімен басқа тұрғын үй-жай берместен шығаруға, ал М.-ның кепіл ретінде алған 2 916 000 теңгені А.-ға толық өндіріп болғанша А.-ның отбасы мүшелерімен даулы пәтерде тұра беруіне мүмкіндік берілген. Бүгінгі күні талапкерлер М. мен Қ.-ны кәмелетке толмаған баласымен бірге өзінің меншігі болып табылатын, жоғарыда көрсетілген мекен-жайда орналасқан даулы пәтерге жауапкерлер А. мен И.-дың кіргізбеуі салдарынан баспанасыз қалуда. Бірінші сатыдағы сот дау туғызып отырған пәтер М.-ның меншігінде болғандықтан, оны отбасы мүшелерімен сол пәтерге қоныстандыруға жатады деп шешім қабылдаған. Апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, АІЖК-нің 247-бабының 1-тармағының талаптарына сәйкес, іс жүргізу қысқартылуға жатады деген қорытындыға келген. Бұл тұжырыммен кассациялық сот алқасы да келіскен. Алайда, сот алқаларының мұндай сот актілері заң талаптарына сәйкес келмейді. Себебі, апелляциялық және кассациялық сот алқалары Қызылорда қалалық сотының 2012 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен М. отбасы мүшелерімен бірге пәтерді иелену талабы шешілген деп танып, олардың жеке меншігіндегі мүлікті пайдалану және оған билік ету құқықтарының бұзылғанына назар аудармаған.
Аталған шешім кепілпұлдың екі еселенген сомасын өндіру және де даулы пәтерден шығару туралы талап арыздардың негізінде шығарылған. Ал, қаралып отырған іс бойынша талапкерлер М. мен Қ. жеке меншігіндегі даулы пәтерге жауапкерлер пайдалануға кедергі жасағандықтан сот арқылы қоныстандыруды талап еткен. Қадағалаушы сот алқасы тараптар арасында өзге негіздер бойынша, нысаны басқа дау туындаған деген қорытындыға келеді. АІЖК-нің 364-бабының талаптарына сәйкес, іс үшін маңызы бар мәнжайлар шеңберінің дұрыс анықталмауы және дұрыс айқындалмауы сот шешімінің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіз болады. Облыстық соттың апелляциялық және кассациялық сот алқалары дауды дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберін дұрыс анықтамай, талапкерлердің уәждерін зерделемей, іс бойынша қаулы қабылдағанда процессуалдық заңның талаптарын бұзуға жол берген. Мұндай жағдайда апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот қаулыларының күші жойылып, бірінші сатыдағы сот шешімі күшінде қалдырылуға жатады. Жоғарыда келтірілген негіздерге байланысты қадағалау сот алқасы Қызылорда облыстық сотының апелляциялық және кассациялық сот алқалары қаулыларының күші жойылып, Қызылорда қалалық сотының шешімі күшінде қалдырылуға жатады деген қорытындыға келді.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы