131-бап. Соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды қабылдап алудан адресаттың бас тартуының салдары Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
1. Адресат соттың шақыру қағазын немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарламаны қабылдап алудан бас тартқан кезде, оларды табыс етуші адам сотқа қайтарылатын шақыру қағазына немесе өзге де хабарламаға тиісті белгі қояды, сондай-ақ бұл туралы акт жасауға құқылы. Адресаттың соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны алудан бас тартуы туралы белгіні көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісінің не тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті адамы жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе адресаттың тұрғылықты жеріндегі тиісті атқарушы органның немесе оның жұмыс орны бойынша әкімшіліктің уәкілетті адамы куәландырады.
2. Адресаттың соттың шақыру қағазын немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлауды қабылдап алудан бас тартуы істі қарауға немесе жекелеген процестік әрекеттерді жасауға кедергі болмайды және адам тиісті түрде хабарландырылған болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы