132-бап. Іс бойынша іс жүргізу кезінде тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) ауыстыру, мекенжайды, ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және электрондық мекенжайды өзгерту Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
Іске қатысатын адамдар мен олардың өкілдері іс бойынша іс жүргізу кезінде тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) ауысқан, мекенжайы, ұялы байланысының абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы өзгерген жағдайда бұл туралы сотқа хабарлауға міндетті. Мұндай хабар болмаған кезде шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау, шақыру сотқа белгілі соңғы деректер бойынша жіберіледі және адресат бұл мекенжай бойынша енді тұрмаса да немесе болмаса да, ұялы байланыстың осы абоненттік нөмірін немесе электрондық мекенжайды пайдаланбаса да жеткізілген болып есептеледі. Мұндай хабарлау тиісінше хабарлау болып табылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы