⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 15-бап. Толық серiктестiкке қатысушылардың құрамын өзгерту Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы

15-бап. Толық серiктестiкке қатысушылардың құрамын өзгерту Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

15-бап. Толық серiктестiкке қатысушылардың құрамын өзгерту Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы  

       1. Қатысушы серiктестiктен шыққан, ол банкрот деп танылған немесе серiктестiк мүлкiндегi оның үлесiн кредитор (кредиторлар) өндiрiп алуды қолданған, толық серiктестiкке қатысушы қайтыс болған, оны қайтыс болды деп жариялаған, белгiсiз жағдайда хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектелуi деп танылған жағдайларда, егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген немесе қалған қатысушылардың келiсiмiмен белгiленбеген болса, толық серiктестiк тоқтатылуға жатады.  

       2. Толық серiктестiк өз қызметiн одан әрi жалғастырған жағдайда, сондай-ақ қатысушының серiктестiк мүлкiндегi үлесi басқа қатысушыларға немесе үшiншi тұлғаға көшкен, қатысушы серiктестiктен шығарылған, немесе серiктестiкке жаңа қатысушылар қабылданған жағдайларда, құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерiстер енгiзiле отырып, толық серiктестiк қайта тiркелуге тиiс.  

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы