8-2-бап. Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы құжаттар Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы
1. Шаруашылық серіктестігінің қызметіне қатысты құжаттарды серіктестік өз қызметінің бүкіл мерзімі ішінде серіктестіктің атқарушы органы орналасқан жер бойынша немесе оның жарғысында айқындалған өзге жерде сақтауға тиіс.
2. Мынадай құжаттар сақталуға тиіс:
1) серіктестіктің жарғысы, серіктестіктің жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
2) құрылтай жиналыстарының хаттамалары;
3) құрылтай шарты, құрылтай шартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
4) алып тасталды - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
5) алып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен;
6) серіктестіктің белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуына және (немесе) белгілі бір іс-әрекет жасауына арналған лицензиялар;
7) серіктестіктің оның балансындағы (балансында болған) мүлікке құқығын растайтын құжаттар;
8) серіктестіктің филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже;
9) серіктестік қатысушылары жалпы жиналыстарының хаттамалары, серіктестік қатысушылары жалпы жиналыстары күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар;
10) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын өткізу үшін ұсынылған серіктестік қатысушыларының тізімі;
11) байқау кеңесі күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдары, бақылау кеңесі отырыстарының хаттамалары (сырттай отырыстарының шешімдері);
12) атқарушы орган отырыстарының хаттамалары (шешімдері).
3. Өзге құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзім ішінде сақталады.
4. Серіктестік шаруашылық серіктестігі қатысушысының талап етуі бойынша оған осы Заңда көзделген құжаттардың көшірмелерін серіктестіктің жарғысында белгіленген тәртіппен беруге міндетті.
Ескерту. Заң 8-2-баппен толықтырылды - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы