⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-бап. Қатысушының толық серiктестiктен шығуы Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы

16-бап. Қатысушының толық серiктестiктен шығуы Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-бап. Қатысушының толық серiктестiктен шығуы Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы  

       1. Толық серiктестiкке қатысушы серiктестiкке қатысудан бас тартатыны жайында мәлiмдеп, одан шығуға құқылы.  

       2. Қатысушы толық серiктестiкке қатысудан бас тартатынын серiктестiктен нақты шығардан кемiнде алты ай бұрын мәлiмдеуге тиiс.  

       Бес жылға дейiнгi мерзiмге құрылған толық серiктестiктен мерзiмiнен бұрын шығуға дәлелдi себептер бойынша ғана жол берiледi.  

       3. Толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында қатысушылардың серiктестiктен шығу туралы арыз беруiнiң осы бапта белгiленгеннен өзгеше мерзiмi көзделуi мүмкiн.  

      Серiктестiкке қатысушылардың серiктестiктен шығу құқығынан бас тарту туралы өзара келiсiмi маңызсыз болып табылады. 

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы