⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-1-бап. Шаруашылық серіктестіктерінің ақпарат беруі Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы

8-1-бап. Шаруашылық серіктестіктерінің ақпарат беруі Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 8-1-бап. Шаруашылық серіктестіктерінің ақпарат беруі Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы  

       1. Шаруашылық серіктестігі өзінің қатысушыларының талап етуі бойынша серіктестіктің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат беруге міндетті.  

       Шаруашылық серіктестіктері қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат деп:  

       1) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысында қабылданған, серіктестіктің байқау кеңесінің, атқарушы органының, тексеру комиссиясының (ревизорының) шешімдері және қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпарат;  

       2) серіктестіктің өз капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын мөлшерде серіктестіктің қарыз алуы;  

       3) жасалған мәміле нәтижесінде серіктестіктің өз меншігіндегі капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын сомадағы мүлік сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын ірі мәмілені немесе өзара байланыстағы мәмілелерді серіктестіктің жасауы;  

       4) серіктестіктің қандай да болсын қызметтің түрін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензиялар алуы, олардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің қандай да болсын қызметтің түрін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір іс-әрекеттер жасауға бұрын алған лицензияларынан айыру;  

       5) серіктестіктің мүлкіне тыйым салу;  

       6) нәтижесінде серіктестіктің баланстық құны қоғам активтері жалпы мөлшерінің он немесе одан да көп процентін құрайтын мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуы;  

      7) серіктестікті әкімшілік жауаптылыққа және (немесе) оның лауазымды адамдарын қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тарту; 

       8) серіктестікті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім;  

       9) аудиторлық есеп (ол бар болса);  

       9-1) сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат;  

       10) серіктестіктің жарғысына сәйкес серіктестік қатысушыларының мүдделерін қозғайтын өзге де ақпарат танылады.  

       2. Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпаратты беру, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы Заңға және серіктестіктің жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.  

       Қатысушыларға сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат қатысушылардың жалпы жиналысының шешімінде көзделген тәртіппен (егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе), шаруашылық серіктестігі соттың тиісті хабарламасын немесе корпоративтік дау бойынша азаматтық іске шақыруды алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуге тиіс.  

       3. Үлестерді сатып алушыларға шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы ақпаратты беру серіктестіктің жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Ақпаратты беру тәртібі мен көлемі жарғыда және үлестерді сатып алу туралы алдын ала жасалған шартта белгіленеді.  

      Ескерту. Заң 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.07.05 N 58-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы