28-бап. Шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламалары мен процестік құжаттарын жеткізу және тапсыру Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы
Ескерту. 28-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Шақыру қағазы, хабар, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары почта арқылы жеткізіледі немесе сот орындаушысы оларды жеткізуді тапсырған адам жеткізеді және аумақтық бөлімге немесе жеке сот орындаушысының кеңсесіне қайтарылуға тиісті, қолына тапсырылғаны туралы хабарландыруға қолы қойғызылып, адресаттың жеке өзіне тапсырылады. Егер шақыру қағазы, хабар, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары өзге байланыс түрімен жеткізілсе, онда оларды адресатқа жеткізу күні мен уақыты белгіленген тәсілмен тіркеледі. Ұйымға арналған шақыру қағазы, хабар, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары ұйымның қызметкеріне тапсырылады, ол тапсыру туралы хабарламада өзінің тегін, аты-жөнін, лауазымын, алған күні мен уақытын көрсете отырып, шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламасын және (немесе) процестік құжаттарын алғаны жөнінде қол қояды.
Егер ұйым (заңды тұлға) әрекет етпеген және (немесе) басқару органы аппаратының қызметкерлері орнында болмаған жағдайда, ұйымның (заңды тұлғаның) шақыру қағазы, хабары, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары тікелей бірінші басшыға немесе бірінші басшының міндетін уақытша атқарушы адамға тапсырылады. Олар болмаған кезде шақыру қағазы, хабар, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары бас бухгалтерге (бухгалтерге) тапсырылады. Заңды тұлғаның басқару органы болмаған кезде шақыру қағазы, хабар, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары заңды тұлға құрылтайшыларының біріне тапсырылады.
2. Алып тасталды - ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 3. Алып тасталды - ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 4. Алып тасталды - ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы