⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 293-бап. Бұзақылық   ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

293-бап. Бұзақылық   ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

293-бап. Бұзақылық   ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

  1. Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу –

      екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Дәл сол іс-әрекет, егер оны:

      1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаса;

      2) билік өкiлiне не қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттердi атқаратын немесе қоғамдық тәртiптi бұзудың жолын кесетін өзге де адамға қарсылық көрсетумен байланысты болса;

      3) бiрнеше рет жасалса;

      4) әуе, өзен, теңіз кемесінің бортында, теміржол көлігінде жасалса, –

      бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер –

      үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –

      бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Комментарий к статье  257. Хулиганство УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 257. Хулиганство УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан Хулиганство, то есть особо дерзкое нарушение общественного порядка, выражающее явное неува...

Толық оқу »

Комментарий к статье 13. Рецидив преступлений УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 13. Рецидив преступленийУК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Рецидивом преступлений признается совершение умышленного преступления лицом, им...

Толық оқу »

107-бап. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

107-бап. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру бір мың...

Толық оқу »

287-бап. Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

287-бап. Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан...

Толық оқу »